Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тағамдық қоспа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75.83 Кб
Скачать
    1. Отандық нарықтағы ең танымал зиянды 10 азық-түлік өнімі

Біздің ағзамызға дұрыс тамақтанудың қаншалықты қажет екендігін ешкімге түсіндірудің қажеті жоқ. Кейде, біздің ағзамызға тамақпен бірге түсетін нәрселер у болып таблады. Мен, түрлі зиянды қоспалар туралы айтудамын. Жалпы, біздің ағзамыз өте тұрақты. Ол өздігінен түрлі зиянды заттектерден құтылып отыруға мүмкіндігі бар. Бірақ осындай зиянды заттектердің саны тым артып кеткенде ағзамыздің әлі келмейді. Ең біріншіден біздің ағзамыз үшін шынымен зиянды тағамдарды қолданудан бас тарту. Дегенмен, қізргі азамнад дүкендерден шынайы табиғи, экологиялық таза азық өнімін табу өте қиын. Ал көптеген азық-түлік өнімдерін импорттайтын біздің елде нарық шетелдің танымал және зиянды тауарларымен шабуылданған. Отандық тұтынушыларды күнделікті қоршап отырған ең танымал және зиянды азық өнімдерін назарларыңызға ұсынамын:

  1. Сағыздар, тәттілер. Бқл өнімдерді тағам деп айту да қиын, олар толықтай дерлік тағам қоспаларынан тұрады: тәттілендірушілер және қант ауыстырушылары, стабилизаторлар, қойылтқыштар, желе жасауыштары, эумльгаторлар, тотықтырғыштар және тағам бояуыштары. Кәмпиттер, түріне қарай, сағызбен салыстырғанда аз тағам қоспасынан тұрады. Сағыздар мен кәмпиттер өте танымал және кең тараған, әсіресе балалар арасында.

  2. Шұжықтар, шұжық өнімдері, ет фарштары. Бқлар ең зиянды ет тағамдарының бірлері, олар келесідей зиянды қоспалар,а толы: тағам консерванттары, стабилизаторлар, тотықтырғыштар, қойылтқыштар, эмульгаторлар, тағам бояуыштары, хош иістендіргіштер. Сонымен бірге, шұжық және ет өнімдерінің құрамында 80 %-ы трансгенді соя.

  3. Сүрленген ет және балық, жартылай сүр және сүр шұжықтар. Бқл өнімдер зияндылығы бойынша пісірілген ет өнімдерінен асып түседі. Құрамында; консерванттар, қойылтқыштар, эмульгаторлар, тотықтырғыштар, тағам бояуыштары мен хош иістендіргіштер бар.

  4. Йогурт. Жарнаманың арқасында біз йогрутты ең пайдалы сүт тағамы ретінде қабылдаймыз. Дегемен, ол зиянды тағамдар тізіміне енеді. Оның құрамында стабилизатор, қойылтқыш, тотықтырғыш және хош иістендіргіш бар.

  5. Чипсы және «фри» картобы. Олар ең зиянды тағамдар атағына нағыз лайық. Бұл өнімдер стабилизаторлар мен хош иістендіргіштерден тұрады. Ал жылдам тамақтанатын кафелерде даярларанатын фри картобы бірнеше рет қолданылған майға жасала береді, ал бұл қатерлі ісіс ауруын арандататын канцерогендердің пайда болуына әкеледі.

  6. Балмұздақ құрамында келесідей зиянды қоспалар бар: тағам бояуыштары, стабилизатор, қойылтқыштар, эмульгаторлар, хош иістендіргіштер.

  7. Сусындар. Ең қауіптілері – алкогольсіз сусындар (Кока-Кола, Спрайт, Пепси және т.б.) , энергетикалық сусындар. Сағыздарды сияқты, оларды да толыққанды азық өнімі деп атау қиын.

  8. Тұздықтар. Көптеген тұздықтардың құрамына енеді: консерванттар, стабилизаторлар, эумльгаторлар, бояуыштар, хош иістендіргіштер және т.б. енеді.

  9. Кептірілген нан(сухарики) құрамына әдетте түрлі хош иістендіргіштер мен бояуыштар енеді. Олар көз көруін нашарлатуы, аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін.

  10. Шоколад. Қоспасыз шоколда табу үшін қатты тырысу керек. Дүкендерде сатылатын шоколадтардың барлығында стабилизато, қойылтқыш, эмульгатор, консерванттар бар.

Неге біз осындай зиянды азық-түлік өнімдерін ұнатамыз және неге олардан бас тарту қиын?

Танымал азық-түлік өнімдерінің құрамына енетін зиянды қоспалар үйренуді тудырады. Әсіресе осныдай қоспалар қатарына натрий глютаматы жатады, ол ең танымал қоспа және барлық дерлік тағамдардың құрамында бар. Бұл өнім жүйке жүйесін қоздыратын токисн болып табылады.

Үйренуді аспартам (Е-951) деген қант ауыстырушысы да тудырады. Өнеркәсіппен демеуленетән зерттеулердің барлығы аспартамды қауіпсіз деп таныса, ал уәелсіз зерттеулер оның қауіпті ауруларға шалдықтратынын тапты.

Жоғарыла аталған барлық 10 тағам өнімінің барлығы жиі қолданыс нәтижесінде үйренуді тудырып, кейін қауіпті ауруларға шалдықтыруы мүмкін.

    1. «18-19 жас аралығындағы жастардың рационындағы азық-түлік қоспалары» зерттеу

1 кезең.

Мен 1 курс студенттері арасында суалнама өткізілді. Сауалнамағы 56 адам қатысты. Сауалнама жас студенттің жобалы күндізгі тамақтану рационын анықтауға мүмкіндік берді. Сауалнама нәтижесінде 15 ең жиі қолданылаттын тағамдар тізімі жасалынды:

  • «Роллтон» жылдам даярланатын кеспесі.

  • Табиғи шырын «Моя семья».

  • Табиғи шырын «ДаДа»

  • «Сладкий карнавал» кәмпиттері

  • «Буратино» газдалған сусыны

  • «Докторская» шұжығы

  • «Вичи ркаб шыбықтары

  • «Уральские» тұшпаралары

  • «Магги на второе» дәмдеуіші

  • «Хозяюшка» маргарині

  • Кофе

  • «Балтимор» кетчупі

  • «Провансаль» майонезі

  • Вафли

  • «Марс» шоколад батоны

2 кезең.

Мен этикеткалар мен қораптар арқылы барлық өнімдердің құрамындағы азық қоспаларын: бояуыштар, тотықтырғыштар, қойылтқыштар, эумльгаторлар және дәм күшейткіштердің бар-жоғын тексеріп шықтым.

Бояуыштар тағамдарда:

өңдеу мен сақтау барысында жоғалған табиғи түсін қайта қалпына келтіру үшін.

Түссіз өнімдерді бояу үшін.

Түстің қанықтылығын арттыру үшін.

Өнімдерді жасырын жасаған кезде.

Тексеріс нәтижесінде студенттер тамақтанатын азықтың 25 %-ы нда бояуыштар бар. Олар:

«Буратино» газдалған сусыны – карамельді колер бояуышы

«Вичи» краб шыбықтары – Е120, Е160, Е171 бояуыштары.

«Хозяюшка» маргарині – аннато-куркумин бояуышы.

«Провансаль» майонезі – «бета-каротин» бояуышышы

Жасанды бояыштар арасында толық қауіпсізі жоқ. Барлық аталған бояуыштар аллергенді, мутагенді, канцерогенді әсер тигізеді, ал Е120 – денсаулыққа қауіпті.

Консерванттар өнімдерде қолданылады:

Сақтау мерзімін ұзарту үшін, микроағзалардың әсерінен тағамдардың бұзылуын болдырмау үшін;

Зең саңырауқұлақтары мен ашытқы, аэробты жіне анаэробты бактериялардың өсуін тежеу үшін.

Үй жағдайында тұз, қант, сірке қышқылы сияқты консерванттар қолданылады. Өндірістік консерванттар – күкірт, сорбин, бензой қышқылдары, калий сорбиті, натрий бензонаты, күкірт қоспалары. Антибиотиктер – ет пен балық тасымалы үшін қолданылатын консерванттар.

Тексерілген тағамдардың 35%-ында консерванттар бар:

«Буратино» газдалған сусыны – натрий бензонаты;

«Докторская» шұжығы – натрий нитриті Е250, натрий аскорбинаты;

«Хозяюшка» маргарині – калий сорбаты.

«Балтимор» кетчупі – калий сорбаты, натрий бензонаты;

«Провансаль» майонезі – калий сорбаты, натрий бензонаты

Тотықтырғыштардың мәні:

Құрамында май бар азықты ашып кетуден қорғау;

Өздігенен ашу процесін тежеу.

Негізгі табиғи тотықтырғыштар қатарына аскорбин қышқылы, өсімдік майындағы токоферолдар жатса, жасандылар қатарына – бутилоксианизол, бутилокситолуол жатады.

Тотықтырғыштар студенттердің рационынынң 10 % алады:

«Сладкий карнавал» кәмпиттері – өсімдік майлары

Табиғи шырын «Моя семья»., Табиғи шырын «ДаДа» - аскорбин қышқылы

Кәмпитте қандағы холестерин мөлшерін арттыратын Е322 тотықтырғышы бар.

Қойылтқыштардың болуы:

Қажетті консиситенциядағы өнімдерді алу, құрылымын жақсарту мен сақтау үшін қвжет;

Балмұздақ, желе, консерві, майонез өндіріснде қолданылады.

Таби,илары: іркілдек, агар-агар, пектин, көмірсу, карраген. Жартылай жасанды – целлюлоза, жақсартылған крахмал.

Олар:

«Роллтон» жылдам даярланатын кеспесі.- гуар камеді

«Балтимор» кетчупі – жақсартылған крахмал.

Дәм күшейткіштердің болуы:

Иісі мен дәмін жаұсарту;

Калорийлігі төмен балмқздақ пен йоргурттар майлылық беру үшін.

Тәттілендіру үшін.

Олар келесідей зеттелетін тағамдар құрамында кездеседі:

«Роллтон» жылдам даярланатын кеспесі.- натрий глутаматы

«Буратино» газдалған сусыны – аспартам тәттентілендірушісі

«Вичи ркаб шыбықтары – Е621, Е627, Е631

«Магги на второе» дәмдеуіші – натрий глутаматы, гуанилат, натрий инозинаты.

Тағамдардың кейбірінде натрий глутаматы бар. Натрий глутаматы егер оны жиі қолднған жағдайда бас аруларын, жүрек ануын, жиіленген жүрек соғуын, ұйқышылдық, әлсіздік тударады. көзге әсер етеді.

«Вичи» краб шыбықтарында Е627 дәм күшейткіші бар, ол қатерлі ісік ауруына шалдыруыш болып табылады.

Студенттердің 75 %-ы күніне 5-ке жуық сағыз пластинасын шайнайды. «Орбит» саңызына ақ түс беретін Е171 тағам қоспасы титан ағартұқышының діо өзі – титан диоксиді. Кока-кола немесе Пепси-кола әрбір 5-ші күніне бір рет болса да ішеді. Пепси және ола құрамына кофеин енеді – тәуелділікті тудыратын жұмсақ психобелсенді стимулятор.

Жасалынған зерттеулер нәтижсінде студенттердің тағам қоспаларын пайдалануы мол деуге болады. Бұл жастардың ас қорыту жүйесінің жиі ауруларына шалдығуынының басты себебі десем, шатапаспын.

Қорытынды

Қазіргі заманда адам тағам қоспаларын толық қолданбаудан сақтана алмайды. Нақты азық-түлік өнімдерінде қандай тағам қоспалары бар екендігін білу маңызды. Біз қандай заттектерді қолданып отырғынымызды біле тұра белгілі бір тағам өніміне қатысты еркін таңдау жасауға құқылымыз. Әрине, адамзат тағам қоспаларына соғыс жариялай алмайды. Олардан толық арылу бәрібір мүмкін емес, ол дегенміз ерте заманда секілді жиған-тергенмен және аулап алған аңдармен азықтануды білдіреді. ДДСҰ олардың қолданылмауы мүмкін болған кездебарынша қолданбауға тырысу керек деп есептейді.

Жасалған зерттеулер нәтижесінде тағам қоспаларының мәні мен түрлері, зияндылық дәрежесі, біздің өміріміздегі алатын орны мен қолданылу жиілігі анықталды. Барлық қоспалар біркелкі зиян да емес, және біркелкі пайдалы да емес. Сондықтан белгілі бір тағам өнімін сатып алмастан бұрын құранһмына бір мезет назар аударыңыз. Құрамында тағам қоспасы аз болған сайы, тағамның ағзаңызға зиян келтіру мөлешрі де аз болады.