Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тағамдық қоспа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75.83 Кб
Скачать
    1. Тағам қоспаларының адам денсаулығына әсері

Адамдардың бір қоспаны әр түрлі қабылдайтынын есте сақтаған жөн. Біреуі әдеттегідей қабылдаса, екіншілері осы қоспаға деген аллергиялық жауабы бар екендігін біле тұра, кейде шартты белгі жүйесін түсіне біле бермейді. Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық тағам ассоциациясы рұқсат берген қоспалардан кейбір адамдарда астма мен аритрия қозуы мүмкін. Сондықтан мұндай адамдарға шартты белгінің астында не жасырылғанын білу шарт және осы қоспаға ағзасының реакциясын да білген жөн. Мысалға, глутамат туралы айтып кетсек. Тағам өндірісінде бұл заттек глутмамат натрия, дәм жақсартушысы Е-612 деген атаумен белгілі. Ол ет татымын жасайды. Оны тез даяр болатын сорпалар мен кеспелер, консервілер, тұздықтар, дәмдеуіштер қосындыларына, дайын астарға, маринадтар, майға қуырылған картоп (чипсы) және шұжықтар құрамына қосады. Бұл заттек көптеген қосымша кері әсерлерге ие. Бұл заттеккке сезімтал адамдарда бас ауруын, тыныс демікпесін, есекжемді арандатуы мүмкін.

Адам ағзасына кері әсерін тигізуі мүмкін кейбір тағам қоспаларының тізімі:

Е103, Е105, Е121, Е125, Е126; Е130, Е131, Е142, Е153 - бояуыштар.

Тәтті газдалған суда, мұз кәмпиттерде және түсті балмұздақта болады. Қатері ісік ауруына соқтыруы мүмкін.

Е171-173 – бояуғыштар. Тәтті газдалған судағы мұз кәмпиттерде, түсті балмұздақта болады. Бауыр мен бүйрек ауруларына әкелуі мүмкін.

Е210, Е211, Е213-217, Е240 – консерванттар. Кез-келген консерві түрлерінде (саңырауқұлақ, нәрсу, шырын, тосап). Қатерлі ісік ауруларына шалдықтыруы мүмкін.

Е221-226 – консерванттар. Кез-келген консервілеуде қолданылады. Ас-қорыту жүйесінің ауруларын тудыруы мүмкін.

Е230-232, Е239 – консерванттар. Кез-келген консерві түрінде болады. Аллергиялық әсер тудыруы мүмкін.

Е311-313 – антиоксиданттар. Йогурт, сүт тағамдары, шұжық тағамдарында, май және шоколадта болады. Ас қорыту жүйесінің ауруына шалдықтыруы мүмкін.

Е407, Е447, Е450 – тұрақтандырғыштар (стабилизатор)және қойылтқыштар (заугуститель). Тосаптарда, джемдарда, қойылтылған сүтте, шоколад, ірімшігікте болады. Бауыр мен бүйрек ауруларын тудырады.

Кейбір тағам қоспаларының тізіміне созылмалы аурумен ауыратын науқастарға, балаларға және т.б. тыйым салынған.

Аллергияға душар адамдарға келесідей қоспалары бар тағамдардан алшақ болған жөн: Е131,Е132, Е210, Е214, Е217, Е230, Е231, Е232, Е239, Е311, Е951;

Тыныс демікпесін қоздырғыш қоспалар: Е102, Е107, Е122, Е123, Е124, Е155;, Е214, Е217;

Жүкті әйелдерге Е223 қоспасы бар тағамдарды қолдануға болмайды.

Бүлдіршіндерге Е249,Е262, Е310, Е311-312, Е320, Е514, Е623, Е626-635 қоспаларын қолданбағаны жөн.

Қосымшада Е тобындағы адам ағзасына зиянды Е қоспаларының тізімі келтірілген.

Төменде тағам қоспалары бар кейбір өнімдер тізімі берілген:

Кока-кола.Фруктайм:Е952, Е850, Е951;

«Дирол» сағызы: Е414,Е422,Е466,Е470,Е171,Е903,Е321, Е951;

Жартылай сүрлі шұжық: Е450, Е471, Е300, Е330, Е621, Е250.

Кейбір қоспалар көп мөлшерде арасында да зиян – мысалға, Е250 (шұжықтағы натрий нитриті), дегенмен тәжірибеде оларға тыйым салынбаған, өтйкені бқл тауардың сатылым түрін қамтамасыз ететін «аз жамандық», және оның жұшықтағы мөлшері де көп емес. Жоғары сұрыпты сүрленген шұжықтарға пісірілген шұжықтарға қарағанда нитрит деңгейі біршама жоғары – оларды аз жейді деп нәтиже шығарылған.

Көптеген тұтынушылар йогурттың қызғылт түсіне кептірілген құрт-құмырсқа ұнтағы – кошенил (Е120) арқылы қол жеткізетінін естіп ыза болар.

Өзге қоспаларды біршама қауіпсіз деп есетеуге тұрарлық (лимон қышқылы, сүт қышқылы, сазароза және т.б.). Дгенемен белгілі бір қоспаларың синтезі әр елде әр түрлі екенін ескеру керек, соныдқтан қауіпте де біршама айырмашылық болады. Мысалға, микробиологиялық әдіспен алынған синтетикалық сірке қышқылында ауыр металдардың қосындылары болуы мүмкін, оның мқлшері әр елді түрліше белгіленеді.

Назарға алу керек, бұрын қауіпсіз деп есептелген өоспалардың бір бөлігі (мысалға, шоколадтағы формальдегид Е240 немесе газдалған судағы Е121), кейін қауіпті деп саналып, тыйым салынған болатын.

Кейбір өндірушілер маркетингтік мақсаттарда құрамындағы өнімдерді Е әріптік белгісімен көрсетпейді. Олар оны қоспалардың атауына ауыстырады, мысалға «натрий глутаматы», ал бұл беймәлім тұтынушыны шатастырады.

Минералды судың барлық түрлері, сүттің, кілегейдің, майсудың, өсімдік және жануар майларының, қанттың, қызанақ тағамдарының, балықтар мен теңіз тағамдарыныңғ како және шоклад өнімдерінің, кофе, шайдың, шараптың, балалар тағамдарының, ірімшіктердің, қой және ешкі майларының боялуына тыйым салынған.

Синтетикалық консерванттарды жаппай тұтыну тауарларына қолдануға тыйым салынған: сүт, ұн, нан. Нәрлі ет, арнайы диеталық өнімдер, балалар тағамдары және «табиғи» деп көрсетілген өнімдер.

Ең қауіпті деп консерванттар мен тотықтырғаштарды санауға болады. Консерванттар биохимиялық реакцияны бұзады, нәтижесінде мұндай ортада тіршілік ету мүмкін емес болады, сондықтан бактериялар құрдымға ұшырап, өнімнің сақталу мерзімі ұзарады. Адам әр түрлі жасушалардың көптеген түрлерінен құралған, және едәуір үлкен массаға ие (біржасушалылармен салыстырғанда), сондықтан, біржасушалы ағзамен салыстырғанда консервантты қолданудан мерт болмайды (және де асқазандағы тұз қышқылы консерванттарды бұзады!, дегенмен, адам ағзасына консерванттардың көп мөлшері түссе, онда оқиғаның аяғы аянышты болуы мүмкін. Консерванттар мен тұрақтандырғышатр (стабилизатор) антибиотиктерге ұқсас. Бояуыштар арасында көптеген зиянды қоспалар бар, өтйкені бояуыштар өздігінен 100 % синтетикалық заттек болып табылады. Мұнда абай болу керек – кейбір бояуыштар қауіпті не болмаса зиянды! Жеке алғанда, Е121 және Е123 қоспаларына тыйым салынған. Стабилизаторлар көбінесе өсімдік не жануар заттектері болып табылады. Мысалға, Е406 – агар-агар (су өсімдіктерінен алынтаны өнім, іркілдікке ұқсас). Бірақ стабилизаторлардың көбі табиғи негзіде болса да, химиялық бапталған№ эмульгаторлар жиі минералды заттармен көрсетілген, сыалға: Е500 – сода(натрий гидрокарбонаты); Е507 – тұз қышқылы; Е513 – күкірт қышқылы. Минералды заттар – табиғи өінмдер, сәйкесінше, олар біздің ағзамыхға үйреншікті, ал көп жағдайда ағза минерлдарды қажетсінеді және өздерінің құрамында сақтайды (мысалға, қойылтылған тұз қышқылы асқазанда рН 0,9-1,5). Эмульгаторлар қауіпсіз деп ойлаған қате. Табиғатта у немесе уытты болып табылатын минералды заттар кездеседі.

Есте сақтаған жөн – кез-келен тағам өнімдерінің модификациялануы мен жақсартылуы бқл өнімдердің сапасын түсіреді, ал модификациялар мен жақсартулар ағзаның бұзылуына йкеліп соқтырады. Сонлықтан мүмкіндігінше синтетикалық заттектері жоқ таби,и өнімдерді қолданған дұрыс, өз ағзаңызды дәм, түс жақсартушыларынан, қант ауыстыруышлармен алдуыдан бас тартыңыз.