Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тағамдық қоспа.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
75.83 Кб
Скачать
    1. Тағам қоспаларының классификациясы

Тағам өндірісінде ортақ бір – тағам қосындалары деген атаумен

біріктірілген заттектердің үлкен тобы қолданылады. Бұл термин бір түсіндірмеге ие емес. Көбіне бұл терминді тағам өнімдерінің өіндірісінде, тасымалдауында, сақталуында енгізу үшін арналған, бірақ өздігінен тағам ретінде қолданылмайтын табиғи немесе химиялық қосындылар. Тағам қосындылары тағам өнімінің құнарлылығын сақтау, оның технологиялық өңделуін жақсарту мен жылдамдату және сақтау мерзімін ұзарту, сонымен қатар консервілеу, сақтау немесе өнімнің органолептикалық қасиеттерін әдейі өзгеру (түсі, иісі, консистенциясы) үшін қолданылуы мүмкін.

Әдетте тағам қоспаларын бірнеше топқа бөледі:

  1. өнімнің сырт келбетін жақсартатын заттектер;

  2. консистенцияны өзгертетін заттектер, әдетте бұл топқа шалағайы-белсенді тағам заттектерін де жатқызады;

  3. хош иістендірушілер;

  4. тәтті қосқыш заттектер және дәм қоспалары;

  5. өнімнің сақталуы мен сақтау мерзімін ұзартатын заттектер.

Тағам өнімдеріне құнарлылық беру үшін немесе емдеу-профилактикалық мақсаттармен (дәрумендер, микроэлементтер, аминқышқылдары және т.б.), сонымен қатар, дәмділіктер, дәмдеуіштер тағам қоспаларына жатпайды. Зоотехника және ветеринарияда, өсуді жеделдететін және т.б. қолданылатын пестицидтер, биологиялық белсенді заттектер тағам қоспалары болып табылмайды. Қазір тағам қоспалары ретінде арнайы зерттеулерден өткен, адам ағзасына зиянсыздығы дәлелденген препараттар қолданылуы мүмкін. Мұнда препараттың уыттылығы мен мутагенділігі, бластомогенділігі, теорагенділігі, және де өнімнің құндылық қасиетіне әсері анықталады. Осындай зерттеулердің негізінде тағам қоспаларының өнімдегі барынша мүмкiн концентрациясы белгіленеді. Мүмкін тәуліктік дозасы (мг/кг дене массасының) – және мүмкін тәуліктік тұтыну – дене массасының ортана көлеміне – 60 кг, есептелген мөлшері. Қауіпсіздікті белгілеу рәсімі кең салыстырмалы зерттеулер нәтижесінде тағам қоспалары бойынша Біріккен комитеті ФАО/ДДСҰ және Еуропалық Кеңестің тағам өнімдері бойынша Ғылыми комитеті іспетті ұйымдармен жүзеге асырылады. Адамға тағам қоспасының әсер етуінің қауіпсіз деңгейін анықтау үшін, яғни оның мүмкін тәуліктік түсімімін орнату үшін созылмалы уыттылық тәжірибелерінде уыттылық әсерін тигізбейтін қоспаның мөлшер көлемін қауіпсіздік деңгейіне бөледі.

Тағам қоспаларының уыттылық-гигиеналық зерттеулерін өткізу мен ұйымдастырудың халықаралық тәжірибелері ДДСҰ-ның «Тағам қоспалары мен контаминаттардың тағам өнімдеріндегі қауіпсізідігін бағалау қағидалары» атты арнайы құжатта біріктірілген.

Қазақстан Республикасында 2008 жылдың 4 мамырында Үкіметтің қаулысымен 2004 жылғы 9 қарашада қабылданған «Техникалық реттеу туралы» заңына сай «Тағам қоспаларының қауіпсіздігі, олардың қолданылуы мен айналымына қойылатын талаптар» атты техникалық регламент бекітілді. Осы регламентте елдің территориясында тағам қосындалрына қойылатын талаптар мен тыйым салулар берілген.

Тағам қоспалары технологиялық функциялары бойынша жалпылама- лағанда негізгі 7 топқа бөлінеді:

1.тағам өнімдерінің дәмі мен иісін жақсартатаын тағам қоспалары (тағам хош иістендіргіштер, иіс пен дәмді түрлендіргіштер мен күшейткіш заттар, тәттілендірушілер, ас қышқылы, қышқылдылықты реттеуіштер)

Е100 – Е199 Бояуыштар

100 - 109

Сары

110 - 119

Сарғылт

120 - 129

Қызыл

130 - 139

Көк және күлгін

140 - 149

Жасыл

150 - 159

Қоңыр және қара

160 - 199

Өзгелері

Е200 – Е299 Консерванттар

200 - 209

Сорбаттар

210 - 219

Бензоаттар

220 - 229

Сульфиттер

230 – 239

Фенолдар және формиаттар (метаноат)

240 – 259

Нитраттар

260 – 269

Ацетат (этаноат)

270 279

Лактаттар

280 – 289

Пропиноаттар

290 + 299

Басқалары

Е300 – Е399 Тотықтырғыштар

300 – 305

Аскорбат (С дәрумені)

306 – 309

Токоферол (Е дәрумені)

310 – 319

Галлат және эриторбат

320 – 329

Лактат

330 – 339

Цитрат

340 – 349

Фосфат

350 – 359

Малат және адипат (адипинат)

360 – 369

Сукцинат және фуромат

370 - 399

Басқалары

Е400 – Е499 Тұрақтандырғыштар, қоюлатқыштар, эмульгаторлар

400 – 409

Альгинат

410 – 419

Шайырлар

420 – 429

Өзге табиғи заттектер

430 – 439

Поликсиэтиленнің қосындылары

440 – 449

Табиғи эмульгаторлар

450 – 459

Фосфаттар

460 – 469

Целлюлозаның қосындылары

470 – 489

Май қышқылдарының қосындылары

490 - 499

Басқалары

Е500 – Е599 рН тұрақтандырғыштар

500 – 509

Органикалық емес қышқылдар

510 – 519

Хлоридтер мен сульфаттар

520 – 529

Сульфаттар және гидроксидтер

530 – 549

Сілтілік металдардың қосындылары

550 – 559

Силикат

570 – 579

Стеарат және глюконаттар

580 – 599

Басқалары

Е900 – Е999 Басқалары

900 – 909

Балауыз

910 – 919

Глазирователь

920 - 929

Ұн өнімдерін жақсартатын заттектер

930 – 949

Тәтті қосқыш

950 – 969

Көбіктендіргіш

990 - 999

Басқалары

Е1100 – Е1599 Қосымша заттектер

Стандартты классификацияға түспейтін жаңа заттектер

2.тағам өнімдерінің сырт кейпін жақсартатын тағам қосындылары (ас бояуыштары, бояуды тұрақтандырғыштар, ағартқыштар, глазировательдер), 3.тағам өінмідерінің консистенциясын реттейтін тағам қоспалары(эмульгатор, стабилизатор, қоюландырғыш, қопарғыштар, толтырғыштар),

4.сақтау мерзімін ұзартатын тағам қоспалары (консерванттар, антиқышқылдаушылар, ылғал сақтайтын агенттер, газ орталары),

5.нан пісірудегі жақсартушылар,

тағам өнімін өнддіруді жеңілдететін және жылдамдататаын кещенді тағам қоспалары,

7.технологиялық көмекші заттар (пісіруді жеделдеткіштер, көбіктендірушілер, көбікқшушілер, флокулянттар, хладоагенттер, пропеллент, катализатор, пайдалы микроағзалардың тіршілігіне көмектесетін заттектер, кептіргіштер, экстрагенттер, қопарғыштар).

Тағам қосындыларын классификациялау үшін Еуропа Кеңесінің елдерінде нөмірлеу жүйесі қалыптастырылған (1953 жылдан бастап енгізілген). Әрбір қоспа «Е» әрпінен басталатын бірегей нөмірге ие. Нөмірлеу жүйесі толықтырылып, “Codex Alimentarius” халықаралық классификациясына қабылданған.

Халықаралық классификация:

Тағам өнімдеріне енгізілетін кез-келген заттек адам денсаулығы үшін қауіпсіз болуы тиіс. Кейбір қоспалардың көп мөлшері агрессивті элементке айналады және ағзаға уытты әсер ететіні белгілі. ДДСҰ/ФАО 1973 жылы тұтынушылар денсаулығына кері әсер тигізбейтін тағам өнімдеріне қоспаларының шектеулі мөлшерін белгілейтін Кодекс қабылдады.

Осындай бақылау нәтижесінде зат белгілі бір өмір ұзақтығында ағзаға зиянсыз тұрақты түрде қабылдауға болатын тәуліктік мүмкін тұтыну нормасы тағайындалды. Адам денсаулығына кері әсер тигізбейтін тағам қоспалары үшін Минималды жарату мөлшері қойылмайды. Мысалға, мынадай табиғи қоспалар: Е164 «бозғалдақ», Е166 «Сандал ағашы», Е160 «каротиндердің табиғи сығындысы», Е260 «сірке қышқылы», Е290 «лецитин» және басқаларын тағам өнімдеріне тек технологиялық орындылықпен шартталған мөлшерде қосады. Күнделікті өмірде қолданылатын кейбір табиғи қоспалар тіпті САН ПИН тізіміне тіркелмеген. Олар: іркілдек (желатин), крахмал, ас тұзы және басқалары.

Барлық мәліметтерді біріктіретін болсақ, тұтынушы денсаулығына ең зиянды жасанды боуыштар және консерванттар болып табылады. Сондықтан ерекше боялған және сақтау мерзімі өте ұзақ тағам өнімдерінен алшақ болған абзал. Тұтынушы қорабында жазылған құрамын назар салып оқыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]