Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Seminar_SRSP_SRS.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
38.26 Кб
Скачать

3. Адамзат тілі қашан шықты? Оның шығу себептері не?

4. Адамзат тілінің шығуының өзіндік теориясы.

5. Тілдің өзіндік ішкі даму заңы дегеніміз не?

Тақырып тезисі.

Тілдің шығу тарихы мен дамуы.

Тілдің шығуы туралы екі түрлі мәселені ажыратып алуды керек етеді. Бірінші адам баласы тілінің шығуы да, екіншісі – жеке нақтылы тілдердің шығуы. Тілдің шығуы туралы мәселе әр түрлі ойшылдардың назарына бұрыннан-ақ іліккен. Осы мәселеге қатысты түрлі пайымдаулар мен жорамалдар бар. Тіл өзінің өмір сүру формасына қарай құрылымы көп болып келеді. Тілдің өмір сүру формалары – оның қызметінің шарттарын айқындайтын тілдің көптүрлілігі. Тілдің өмір сүруінің ең жоғарғы формасы - әдеби тіл, онда норма сақталған, тіл жинақталған және кодталған болып келеді; территориялық диалектілер - белгілі-бір аймақта қолданылатын фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, семантикалық ерекшеліктері бар тарихи қалыптасқан тілдік формалар; әлеуметтік диалектілер – мамаңдыққа байланысты, іс-әрекетке, ортақ мүдделерге қатысты біріккен ұйымдардағы қолданылатын тілдің түрі.

Тіл - қоғамдық құбылыс, қарым-қатынас құралы. Қатынас құралы болу – тілдің ең негізгі қызметі. Тілдің басқа қызметтерінің барлығы оның осы негізгі қызметіне тәуелді. Мұндай қызмет атқара отырып, тіл коммуникативтік, экспрессивтік, конструктивтік аккумулятивтік, гносеологиялық, поэтикалық магиялық және т.б. маңызды шараларды атқарады.

Тіл - жалпы, әлеуметтік, инвариантты, aл сөйлеу - жеке, индивидуалды, вариативті құбылыс. Сөйлеудің өзі ішкі, сыртқы, жазбаша және ауызша болып бөлінеді.

Тілдер әлемнің бейнесі - ойдың көрінісін берудің формасы ретінде логикалық және грамматикалық категориялардың санадан сүзіліп пайымдалуы арқылы беріледі. Тілдік таңба дегеніміз - атау, оның мағынасы, ұғымы және шындық әлем.Адамзат баласының тілі Тіл алдымен ғылыми тұрғыдан зерттелінеді. Соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады.

Тілдің практикалық мәні деп – тілге қатысты заңдылықтарды біліп, оқып үйренуді айтамыз.

Типтік тапсырмалар: Коллоквиум, жинақтық-аналитикалық талдау

1,2,3,4,5 оқу кейсі бойынша ситуация Адамзат тілінің шығуы және оның себептері. Адамзат тілінің шығуының өзіндік теориясы. Әр түрлі ойлар мен көзқарастар. Тілдің мәртебесі және коммуникативтік – функционалдық дәрежесі.

Жұмыс түрі: жинақтық аналитикалық талдау жасау.

1. Адамзат тілінің шығуы және оның себептері жайлы мәлімет жинау.

2. Адамзат тілінің шығу себептерін анықтау.

3. Тілдің шығуы мен дамуына қатысты әр түрлі ойлар, олардың мәні мен мақсатын айқындаңыз.

4. Қазіргі кездегі тілдің даму мақсатына, оның коммуникативтік – функционалдық дәрежесіне қандай пікір айтып, ұсыныс қосар едіңіз?

1. Тапсырма

Тілдің шығуы туралы әр түрлі философтардың пікірлері мен жорамалдарын жинақтап, болжау-талдаулық және құрастырушылық мәндегі шығармашылық жеке және топтық жобалар жасаңыз.

2. Тапсырма. Тіл дамуының жеке(жалқы) заңы оның барлық саласын қамтиды. Тілдің әрбір саласының өз заңы бар. Осы заңдылықтардың түрлеріне мысал келтіріп, ойыңызды дәлелдеңіз. Кестені толтырыңыз.

3. Тапсырма. Тілдің өмір сүру формасына мен құрылымына байланысты сызбаны толтырыңыз. . 4.Тапсырма. Жоғарыдағы тапсырмаларды орындай отырып, тілдің шығуы мен дамуына байланысты философтар мен ғалымдар пікірлеріне сүйене отырып жоба дайындаңыз. Жобада жоспарында (қамтылатын мәселелер):

1. Философтар мен ғалымдар пікірін салыстырыңыз:

А. Тілдің дамуы мен шығуына қатысты айтылған дұрыс пікірлерді

несімен дұрыс екенін дәлелдеңіз.

Б. Тілдің дамуы мен шығуына қатысты айтылған теріс пікірлерді

несімен теріс екенін дәлелдеңіз.

2. Тілдердің бір – біріне әсер ету жолдары, оның себептерін анықтаңыз.

А. Лексика саласында тілдердің өз ара әсерін айқындаңыз.

Б. Синтаксис саласында тілдердің өзара әсерін айқындаңыз.

5. Тапсырма. Тілдің өмір сүру формасына мен құрылымына байланысты сызбаны толтырыңыз .

Тілдің өмір сүруінің ең

Жоғарғы формасы

Территориялық диалектілер

Әлеуметтік диалектілер

6. Тапсырма

Тілдің шығуы туралы әр түрлі философтардың пікірлері мен жорамалдарын жинақтап, болжау-талдаулық және құрастырушылық мәндегі шығармашылық жеке және топтық жобалар жасаңыз.

7.Тапсырма. Тіл дамуының екі кезеңіне ғалымдардың пікірлерін жинақтап, аналитикалық талдаулар жасаңыз. 1.Тарихқа дейінгі дәуір – 2. Тарих басталғаннан кейінгі кезең - 8. Тапсырма. Тіл білімінің практикалық мәні Қазақстанда қандай деңгейде екеніне болжау - талдаулық және құрастырушылық – жобалық мәндегі шығармашылық жұмыс жасаңыз. Мысалдар арқылы дәлелдеңіз.

9. Тапсырма. Тіл дамуының жеке(жалқы) заңы оның барлық саласын қамтиды. Тілдің әрбір саласының өз заңы бар. Осы заңдылықтардың түрлеріне мысал келтіріп, ойыңызды дәлелдеңіз. Кестені толтырыңыз.

10. Тапсырма. Тілдердің қарым-қатынасы мен өзара әсерінің нәтижесінде пайда болатын құбылыстар. Олардың пайда болу себептерін анықтап, әрбір құбылысқа жеке-жеке талдау жасап, дәлелдеңіз.

Пайдаланылатын негізгі әдебиет

1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы: Санат, 1993.- 496 б.

2. Вендина Т.И. Введение в языкознание. М.: Высшая школа, 2001.- 288с.

3. Гируцкий А.А. Введение в языкознания. Изд. 2-ое, стереотипное, Минск, 2003.-288с.

4. Қалиев Б. Тіл біліміне кіріспе.Алматы: Мектеп, 1997. - 95 б.

5. Реформатский А.А. Введение в языковедение. Изд. 5-е. М.: Аспект пресс, 1999. (Изд. 1-е, 1947, изд. 2-е, 1955, изд. 3-е, 1960, изд. 4-е, исправ. и доп., М.: Просвещение, 1967).-536с.

Қосымша ұсынылатын әдебиет:

1. Білімдіден шыққан сөз. Құраст/.Н. Балмаханұлы. – Астана: Ер – Дәулет, 2007. – 160 б.

2. Тіл туралы толғам. Құраст. /Д.Дүйсебай. – Астана: Ер – Дәулет, 2007. – 160 б.

3. Қалиұлы Б. Жалпы тіл білімі. Алматы: Қазақ университеті, 2006.–112 б.

4. Кодухов В.И. Введение в языкознание. Изд. 2-е, перераб. и доп. М.: Просвещение, 1987. (Изд. 1-е 1979).-288с.

5. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. Алматы: 1983. 232 б.

6. Кочергина В.А. Введение в языковедение. Основы фонетики-фонологии. Грамматика. М.: изд-во МГУ, 1979.-208с.(2-ое изд. М; 2004.-272с.

7. Хасенов Ә. Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері.-Алматы: Мектеп. 1985.

8. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. Алматы: Рауан, 1990. - 184 б.

9. Дахшлейгер М.Г., Мирзоева Л.Ю. Введение в языкознание: самоподготовка и самоконтроль. Алматы, 2001.

10. Кодухов В.И. Введение в языкознание. Изд. 2-е, перераб. и доп. М.: Просвещение, 1987. (Изд. 1-е 1979).-288с.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]