Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жүсіпәлі-2 кредит реферат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
50.74 Кб
Скачать

Вирустық гепатит

Вирустық гепатит — вирус бауыр мен асқазан-ішек жолын басымырақ зақымдайтын сырқат. Бұл аурудың этиологиясы мен патогенезі жайлы (инфекциялық сарғаю атты) ғылыми дәйекті концепцияны алғаш рет 1888 жылы С.П. Боткин ұсынған-ды. Сондықтан бұл ауру Боткин ауруы деп те аталады. Этиологиясы мен эпидемиологиясы. Гепатитті А (НАV), В (НВV) және дельта (НDV) вирустар қоздырады. НАV — РНЌ-лы А вирус вирустық гепатиттің А түрін дамытады. Вирус фекал-оралдық жолмен (нәжіс-ауыз арқылы) сырқат адамнан немесе вирустасымалдаушыдан жұғады (инфекциялық гепатит. Инкубациялық кезеңі 15—45 күн. Гепатиттің бұл түріне эпидемиялық қаулау (эпидемическая вспышка) тән (эпидемиялық гепатит). Ол әдетте жедел ағымды, сондықтан циррозға ұшырата қоймайды. НВV вирустық гепатиттің B түрін дамытады. Ол қан немесе дәрі-дәрмек құйғанда, денені инемен әшекейлегенде (татуировка) тері арқылы өтіп жұѓады (сарысулық гепатит). Оның жұғу көзі де сырқат адам яки вирустасымалдаушы. Инкубациялық кезеңі 25—І80 күн (инкубациялық кезеңі ұзақ гепатит. В вирусты гепатит жедел және созылмалы ағымды, дүниежүзі елдеріне кең жайылып, біртіндеп көбеюде. Ол ЖИТС-ке (СПИД-ға) жиі қосарланады. HDV — құрамында ақаулы РНҚ-ы бар вирус — вирустық дельта-гепатит қоздырады. Бірақ ол репликациялану үшін НВV мен басқа да бауырды зақымдайтын вирустардың "көмегі" қажет. Дельта вирустық гепатит B вирустық гепатитке қосарланады немесе НВV-ы тасымалдаушы адамдарда үстеме инфекция (суперинфекция) ретінде байқалады. Дельта-гепатит жедел немесе созылмалы аѓымды болып, В вирустық гепатиттің әсерін ауырлата туседі. Гепатиттің А да, В да емес түрі бар, оның қоздыру-шысы әлі айқындалмаѓан. Гепатиттің бұл түрін инкуба-циялық мерзімі мен жұғу жолы (энтералдық, паренте-ралдық) әртүрлі екі қоздырушы дамытатын сияқты. Оның 50%-ы созылмалы агымды. Вирустық гепатиттердің ішінде В вирустық гепатиттің эпидемиялыќ және клиникалыќ маңызы зор.

Алкогольдік гепатит

Алкогольдік гепатит — алкогольдің бауырға уытты әсерінен дамитын сырқат; ол жедел және созылмалы аѓымды болады. Этиологиясы мен патогенезі. Алкоголь (этанол) — гепатоциттерге тікелей уытты әсері бар у; ол белгілі мөлшерден асса, бауыр клеткаларын жояды. Этанол заќымды бауырдың клеткаларына (майлы гепатоз, созылмалы гепатит, цирроз кезінде) тезірек және ауырлау әсер етеді. Жедел алкогольдік гепатит қайталана берсе, созылмалы үздіксіз гепатитке ұласады, өгер алкогольді ішу мүлде тоќтатылса, оның ағымы қатерсіз бейне алады. Ал алкогольді ішу одан әрі созылса, қайталамалы жедел алкогольдік гепатит созылмалы үздіксіз гепатитке айналып, кейін порталық циррозѓа жалѓасады. Кейде созылмалы активті алкогольдік гепатит дамып, ол постнекроздық циррозбен аяқталады. Этанол бауырдың регенерациялық мүміндіктерін тежейді; бұл да алкогольдік гепатиттің бір себебі. Бұл аурудың дамуына аутоимундыќ механизмнің қатысы бар дейтін жорамал айтылып жүр; олай болса, аутоантигендік әсер алкоголь гиалинімен байланысты болуы мүмкін. Патологиялық анатомиясы. Жедел және созылмалы ағымды алкогольдік гепатиттің морфологиялық бейнесінде айырмашылық бар. Жедел алкогольдік гепатит өзіндік макроскопиялыќ (лапаро-скопияда) және микроскопиялыќ бейне (бауыр биоптатында) байқалтады. Тығыз, ақшылдау бауырдың кей жерлері қызғылт түсті болса, тыртыќ жайлаған жерлері ойыстау келеді. Микроскоппен зерттегенде гепатоциттері жойылған аймақтармен қатар, сол аймақтар мен порталыќ жолдардың бойына шоғырланѓан нөйтрофилдерді және гепатоциттердің цитоплазмасы мен сыртына жиналған алкогольдік гиалинніњ түйіршіктерін (Маллори денешіктерін) көреміз. Алкогольдік гиалин — этанолдың әсерінен гепатоциттерде түзілетін фибриллалы (талшыќты) белок ішінде алкогольдік гиалин пайда болса, гепатоциттер жойылады. Алкогольдік гиалиннің гепатоциттерді жоятын цитоуытты әсерінен басқа да қасиеттері бар. Ол лейкотаксисті жандандырады, антиген ретінде әсер етіп, қанайналымында иммундық кешендер түзеді. Алкогольдік гиалин лимфоцит-киллерлердің сезімталдығын арттырып, коллаген түзілу процесін (колагенгенезді) үдетеді. Алкогольдік гепатит бауырдан басқа да аѓзаларды зақымдайтындықтан, әртүрлі васкулиттер жєне көбінесе гломерулонефрит байқалатыны белгілі. Бұған құрамында алкогольдік гиалиннің антигені бар қанайналымындаѓы иммундық кешендердің әсері себеп болады.