Қорытынды
Қорыта айтқанда, ақша – тауардың жалпы эквиваленті болуы тауар өндірісінің ұлғайып, айырбас қатынастарының алғашқы кездейсоқ жағдайдан нақтылы және үнемі қайталанатын процеске айналып, кең көлемде өсуіне жол ашты.
Сөйтіп, ақшалар ертеден азаматтың пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Ғасырлар бойы ақша өзгеріп отырған және бүгінде олардың жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табылмайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесінде жалпыға бірдей эквивалент формасында әр алуан тауарлар болған: мал, тері, балықшы, металл бұйымдары және т.б. Мұның барлығы тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделген ақша қажеттігінің себептерін түсіндіреді.
Экономикалық категория ретінде ақшалар өндіріс және бөлу процесінде адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелейді. Бұл жерде ақша бес түрлі қызымет атқарады: Құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қазына жинау және қорлану құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер бұрындары сатып алу процесі жалпыға бірдей эквивалентпен талтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.
Қазіргі кезде кәсіпорындарды жекешелендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс – шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақша нарықтық экономикада ақша – несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфлияциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кәсіпорын экономикасы. Г.Ө. Жолдасбаева. Алматы, Экономика – 2002
жыл.
Ақша, несие, банктер\ Жалпы ред.Ғ.С. Сейтқасымов. Алматы: Экономика, 2001 жыл.
Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары\ Жалпы ред.Б.А. Көшенова Алматы, Экономика, 2000 жыл.
Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория». Оқулық. Алматы – Ақтөбе,2001 жыл
Веб-сайт http://www.zamandas.com/
Веб-сайт: http://www.egemen.kz/2012/
