Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акшанын пайда бору тарихы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
53.67 Кб
Скачать

2.1. Инфляция туралы түсінік

Инфляция (латының «inflatio», аудармасы – «қабыну», «ісіну») – бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан, тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.

Инфляция – бұл кез-келген экономикалық даму үлгісіне тән объективтік құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.

Қазіргі инфляция мынадай фактоларға байланысты:

1) Ақша айналысының факторларына:бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі;

2) Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндірістегі теңсіздікке, шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің экономиаклық саясаты, оның ішінде, салық саясаты, баға саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.

Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі типі болады: сұраныс және шығын (ұсыныс) инфляциясы.

Сұраныс инфляциясы мынадай фокторлардың әсерінен туындайды:

әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техикалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс ақша үшін артық болып қалады;

мемлекеттік бюджет тапшылығы және ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;

несиелік экспансиялау, яғни елдің орталық банкінің комерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;

импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы;

ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.

Шағын (ұсыныс) инфляциясы – бұл баға белгілеу процесіне әсер ететін мынадай факторлардың болуымен сипатталады:

еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;

көрсетілген қызметтің маңызының артуы;

бір өнім бірлігіне жұмасалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;

энергетикалық дағдарыс.

Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:

алтынға;

тауар;

шетел валютасына.

Бірінші жағдайда қағаз ақшамен берілетін алтынның нарықтық құны артады. Екінші жағдайда тауарлар бағасы өседі. Үшінші жағдайда шетел валбтасына қатысты ұлттық валюта бағамы төмендейді.

Инфляцияны мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады.

Инфляциялық процестің сипатына қарай:

ашық инфляция, яғни бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі байқалады;

жабық инфляция, яғни тауао тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатаң бағалау жасап отырады;

инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.

Таралу орнына қарай:

Локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;

Дүнижүзілік инфляция; яғни кейбірелдер топтарын немесе барлық ғаламдық экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.

Бағаның өсу қарқынына қарай:

баяу инфляциясы – баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;

орташа инфляция – баға тез қарқында жылына 20-дан 200%-ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;

ұшқыр инфляция – баға жылына 500-ден 1000%-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.

Өнеркәсібі дамыған елдер үшін бірінші түрі тән болса, ал дамушы елдер үшін екінші және үшінші түрлері тән.

Қазақстан Республикасында бағаның өсуіне қарай қазіргі кезде көрініс табады. Мысалы, 2012 жылдың соңында статистикалық мәліметтер бойынша инфляция мөлшері – 7,4% -ды құрады. Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2о12 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында бекітілген болжамға сай болып келеді.

Инфляция қарқыны статистикалық көрсеткіш – тұтыну бағаларының индексі көмегімен анықталады.

Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.

Тұтыну бағаларының индексі тауарлар мен қызметтердің түрлерін қамтитын тұтыну қоржыны негізінде анықталады.

Тұтыну бағаларының индексін (ТБИ) есептеуде мынадай формула қолданылады:

Ағымдағы жылдағы тұтыну қоржының бағасы

ТБИ = x 100

Базалық жылдағы тұтыну қоржының бағасы

Тұтыну бағаларының индексінің үш сандық мәні болуы мүмкін :

  • баға индексі 100%-ға тең болады, яғни баға өзгермеген болып табылады;

  • баға индексі 100%-дан жоғары, мысалға 140%-ға тең. Демек, ағымдық жылдағы бағаны базалықпен салыстырғанда 1,4 есе өскен, яғни ақша инфляциялық құнсызданды;

  • баға индексі 100%-дан төмен, айталық 80%-ға тең, я, яғни ағымдық жылдағы баға базалыққа қарағанда 20%-ға төмендеген. Бұл дегеніміз дефляцияның болғанын, яғни баға деңгейінің төмендауін көрсетеді

Қазақстан Республикасында бағаның өсуіне қарай қазіргі кезде бірінші түрі байқалады. Мысалы, статистикалық мәліметтері бойынша орташа инфляция мөлшері:

Инфляциялық процестің жағдайларына байланысыт ақша айналысын тұрақтандыру формаларына: ақша реформасы және антиинфляциялық саясат жатады.

Ақша реформасы – ұлттық ақша бірлігін тұрақтандыруға, елдің ақша жүйесін қалыпқа келтіруге және нығайтуға бағытталған ақша айналысында мемлекет тарапынан жүзеге асатын түрлендірулер.

Ақша реформалары мынадай әдістер көмегімен жүзеге асырылады:

жаңалау, яғни құнсызданған ақша бірлігін жою туралы жаңа валюта енгізу туралы хабарлау;

қалыпқа келтіру, яғни ақшаның бұрыңғы алтындық құрамын немесе валюталық паритеті қалпына келтіру;

деноминация, яғни «нөлдерді қысқарту» әдісімен ақшаның номиналдық құнын ірілендіру.

Сонымен қатар, инфляцияға әсер ететін фоктарларға жауап ретінде басты антиинфляциялық саясаттың мынадай әдістері жұмыс жасайды:

Дефляциялық саясат – бұл ақша-несие саясаты арқылы ақшаға деген сұранысты шектеуді, салық механизмін қолдану арқылы мемлекеттік шығындарды азайту, несие үшін пайыз мөлшерін реттеу және ақша массасын шектеу әдістерінің жиынтығы.

Табыс саясаты – бағаға және жалақыға бақылау жасау шаралары.

Біздің елімізде бағаға бақылау ҚР монополияға қарсы саясат комитеті арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік мотивтерге байланысты антиинфляциялық саясаттың бұл түрі сирек қолданылады.

Индексациялау – ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді.