Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акшанын пайда бору тарихы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
53.67 Кб
Скачать

Бөлім 2.Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы.

Ақшаның объективті қажеттілігі тауар өндірісі және одан туындайтын тауар айналысына байланысты. Ақша – кез келген тауар айналысының құрамдас бөлігі және оның нәтижесі. Тауар және ақша бір – бірінен ажырамайды, себебі ақша айналымынсыз тауар айналымы болмайды, болуы да мүмкін емес.

Әйтсе де адам өміріне ақшаның қажеттілігі туралы әр уақытта әр түрлі ойлар айтылуда. Рационалистік концепцияны (ақыл – ой талабына ғана негізделген көзқарас) жақтаушылар ақша адамдар арасындағы келісім құралы, ол айырбас кезінде құндардың қозғалысына қажетті арнаулы құрал деп түсіндіреді. Бұл ойды жақтаушы Аристотель өзінің “Никомахова этика” деген кітабында “Айырбасқа қатынастардың бәрі өзара салыстырмалы болуы керек. Айырбасты болдыру үшін шарттылыққа негізделген әрбір өлшем болуы қажет” деп жазған.Бұл ой көне Рим қоғамында заңға енгізіліп, оның қағидасы бойынша император ақшаның құнын заңмен бекіткен.

ΧVІ ғ. бас кезінде утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің “Золотая книга о наилучем устройсве государства и новом острове Утопия” деген еңбегенде «барлығын ақшамен өлшегенде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс шешілуі мүмкін болар ма екен» деп жазған.Сондай-ақ XIX утопист – социолистер Прутон, Оуэн, Грейт және басқалар да ақшаға жағымсыз көзқараста болды. Мысалы, Прутон тауар өндірісін сақтап қалумен қатар ақшаны құртудың жобасын жасап және оны дәлелдеуге тырысты. Сол сияқты 1832 ж. Р. Оуеннің тауарларды ақшасыз «еңбек бондарын» қолданып, жұмыс уақытының шығындары арқылы тауарларды бағалаумен айырбас жүргізуге ұмтылған әрекеттерді банкроттыққа соқтырған.

Субъективті ой-пікірлер ХХ ғасырдағы көрнекті экономистерге де тән. Мысалы, американдық экономист П. Самуэльсон ақшаға жасанды әлеуметтік шарттылық ретінде қараса, Дж. К. Гэлбрейт «ақшаның қызметін асыл металдарға және басқа заттарға бекіту – адамдар арасындағы келісімнің өнімі» деп есептейді. Орыстың көрнекті ғалымы Струмилин С. Г. Ақшаның орнына белгілі бір еңбек өлшемін, ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық өлшемді ұсынды.

Сондай-ақ 90-жылдардың бас кезінде шыққан «Экономикс» атты кітабында К.Р. Макконелл мен С.Л. Брю «ақша адамдарды сиқырлайды, ақшаның кесірінен олар азаптанады, ақша үшін еңбектенеді. Ақша – ол өзіне баурайтын, қайталанатын, құбылмалы перделі жұмбақ нәрсе» деп жазды.

Сөйтіп, рационалистік концепцияны жақтаушылар тобы – ақша адамдар арасындағы келісімнен туған айырбастың техникалық құралы деген көзқараста болды.

Ал, эволюциялық концепцияны (өрістеу, бірте-бірте даму көзқарасын) жақтаушылар бұл «жұмбақты» басқаша шешуде. Бұл концепция қоғамдық тауар өндірісін зерттей келіп, ақша адамдардың еркінсіз айырбастың ұзақ дамуының нәтижесінде бүкіл тауарлар әлемінен бөлініп шыққан ерекше тауар екенін дәлелдейді.

Алғашқы болып ақшаның тауарлы жаратылысын дәлелдеп, ақша теориясының дамуына көп еңбек сіңірген К. Маркс. Ол айырбастың жай, ең қарапайым формасынан «көз шағылыстыратын» - ақшалы формасына дейін ұзақ даму жолдарын зерттей келіп, ақшаның жұмбақ сырын жоққа шығарды. Сондай-ақ К. Маркс ақшаның қажеттілігі жөнінде «егер ақша жойылса, біз қоғамдық өркендеудің ия ең жоғары дәрежесінде болармыз, ия қоғамдық өсудің ең төменгі сатысына лақтырылып тасталармыз» деп өз ойын қорытындылаған. Ал коммунизм тек қиял, сондықтан ақша болды, одан әрі де бола береді.

Маркстің айтуынша, табиғат ақша шығармайды, ал алтынға ол қасиетті қоғам берген. Себебі:

Біріншіден, оның өте жақсы табиғи сапасы бар: біртектілігі, оңай бөлінуі, әдемі түрі, тотықтанбауы, бұзылмай сақталуы. Ол тек «патша арағында» ғана ериді.

Екіншіден, бұл ең бастысы, алтынның біршама жоғары құны бар және алтын ақша құнсызданбайды.

Алтынның қоры шектеусіз еместігінен, оны шығаруға зор еңбек жұмсалады. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан оның құнсызданбауы туралы, егер толық құнды алтын ақшаның айналымдағы мөлшері оның нақты қажеттілігінен көп болса, онда олар айналымнан шығып, байлық қорына түседі. Керісінше, айналымға қолма-қол ақшаның қажеттілігі өссе, онда алтын ақша ешбір кедергісіз байлық қорынан айналымға кері оралады. Алтын ақшаның, өз иемденушісіне зардапсыз, айналым қажеттілігіне оңай, әрі тез икемделетін мүмкіндігі бар.

«Ақша – зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы». Шын мәнінде бұл афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды.

Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория (санат). Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әртүрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған – жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен есеп жүргізу және бақылау құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің түріне және көлеміне жоспар бекітті.

Ал қазіргі кезде бұл жағдай өзгерді. Ақша экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы үдерісінен туындайтын тауар өндірушілердің нысаны ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:

  1. құн өлшемі және баға масштабы;

  2. айналыс (айырбас) құралы;

  3. төлем құралы;

  4. қорлану және қор жинау құралы;

  5. дүниежүзілік ақша.

Нарқтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әртүрлі меншік жағдайында (мемлекеттік, корпоративтік, жеке) жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімінің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.

Сонымен қатар, қазіргі кезде кәсіпорындарды жеке меншіктендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әртүрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.