Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Osv_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.42 Mб
Скачать

15 Тақырып. Жарықтандыру қондырғыларының электрлік бөлімі

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Өткізгіштерді өткізгіш материалдың минимумы бойынша есептеу. Кернеу шығыны бойынша есептеу.

2. Коммутациялық аппараттар.

3. Қорғау аппараттарын таңдап алу. Қыздыру шамдары мен жоғары қысымды газ-разрядты шамдардың жүргізу токтарын есепке алу.

Дәрістің қысқаша жазбасы:

Электр қалқандарының басқару және электр тораптарын қысқаша тұйықталудан және асқын жүктелуден қорғау аппараттарының типтерiн таңдап алу.

Сымдардың (кабельдердiң) көлденең қимасының ауданы кернеудiң шектi мүмкiндiк шығыны бойынша өткiзгiштiк материалдың минимум шығынына есептеледi. Таңдап алынған көлденең қиманың ауданы механикалық берiктiк және қызу бойынша тексерiледi.

Сымдардың (кабельдердiң) көлденең қимасының ауданын кернеудiң шектi мүмкiндiк шығыны бойынша анықтауға арнлаған есептiк формула:

; (15.1)

мұнда - жүктеме моменттерiнiң қосындысы, кВт м; - кернеудiң шектi мүмкiндiк шығыны, %.

“Электр қондырғыларын құру ережелерiне” сәйкес деп қабылдаймыз; С – электр торабының өзгешелiктiк коэффициентi (15.1 - кесте).

15.1. кесте. Кернеуi 380/220 В аллюминий сымдарымен (кабельдермен) орындалған тораптарға С коэффициентiнiң мәндерi.

Электр торабының түрлерi

С

Үш фазалы, нольдiк сыммен, 380/220 В

44

Екi фазалы, нольдiк сыммен, 380/220 В

19,5

Бiр фазалы, 220 В

7,4

(15.1) формуламен есептелген сымның (кабельдiң) көлденең қимасының ауданын механикалық берiктiкке тексередi. Аллюминий тарамды сымдардың (кабельдердiң) механикалық берiктi бойынша көлденең қимасының мнималь ауданы мынадай болады: iшкi электр тартымға – 2,5 мм2, сыртқы электр тартымға – 4,0 мм2 және өндiрiстiк үй жайларға кiрмелерге – 10 мм2.

(15.1) формула және механикалық берiктiк бойынша анықталған көлденең қиманың үлкен ауданын қабылдайды.

Таңдап алынған сымдарды (кабельдердi) мына формула бойынша қызуға тексередi:

; (15.2)

мұнда Ретоп – газразрядтық шамдардың жүргiзу – реттеу аппараттарындағы (ЖРА) қуат шығынын есепке алғандағы бiр фазалық топтық желiнiң есептiк жүктемесi, Вт; Ретопорн – қыздыру шамдарына; Ретоп=1,2Рорн – стартермен жағылатын люминесценттiк шамдарға; Ретоп=1,3Рорн - стартерсiз сұлбамен қосылған люминесценттiк шамдарға; Ретоп=1,1Рорн – ДРЛ және ДРИ шамдарға; -фазалық кернеу, В; Cosφ - қуат коэффициентi, с.б.; lе топ - бiр фазалы топтың есептiк тогы, А.

Токтың есептiк мәнiн lетоп ұзақ уақытты мүмкiндiк ток мәнiмен салыстырады. Осы кезде мына шарт орындалуы керек:

;

мұнда lмтм- сым (кабель) тарамдарындағы қызу шарты бойынша ұзақ уақытты мүмкiндiк ток, А.

Сымның (кабельдiң) көлденең қимасының ауданын ақырғы таңдап алғаннан кейiн кiрмеден бастап, әрбiр топтағы кернеудiң шындығындағы (iс жүзiндегi) шығындарын мына формуламен анықтайды:

;

мұнда Мо – кiрменiң электр жүктемелерiнiң моментi, кВт∙м; Sк – кiрмедегi сымның (кабельдiң) көлденең қимасының ауданы, мм2.

Жарықтандырғыштық қалқандарды топтардың санын, қосылу, схемасына, басқару және қорғау аппараттарына және олар жұмыс iстейтiн айналадағы ортаның жағдайына байланысты таңдап алады.

Өндірістік объектiлерiне кiрмеде ВА 51-31 және ВА 51-33 типтi және шықпалық топтық желiлерде ВА 14-26 және ВА 16-25 типтi автоматты ажыратқыштар орнатылған ЯРН және ЯРУ сериялы жарықтандырғыштық қалқандар ұсынылады.

Жарықтандыратын және сәулелендiретiн қондырғыларының жүргiзу токтарының әрекетiнен қорғау аппараттарының жалған iске қосылуынан сақтану үшiн, автоматты ажыратқыштардың жылулық және құрамалық ағытпаларының номинал токтарын таңдап алуда мына қатынасты нұсқау етiп қолданады:

мұнда lт – ажыратқыштың ағытпалары тағайыншамасының тогы, А.

Топтардың есептiк ток мәндерiн (15.2) формула бойынша, ал кiрмедегi есептiк ток мәндерiн мына формула бойынша анықтайды:

;

мұнда Ре - Кс=0,85 сұраныс коэффициентiн есепке алғандағы барлық топтың желiлердiң қосындысы қуаты. Кс коэффициентi максимум жүктеме кезiнде де барлық шамдардың iске қосылмайтындығын есепке алады.

Ре=(Ртоптопү+...+Ртопс, кВт; - желiлiк кернеу, В; Cosφ=0,9 (люминесценттiк және ДРЛ шамдарға).

Кiрмеде және топтарда автоматты ажыратқыштар орнатылған қалқандарды таңдап алады. Автоматты ажыратқыштардың әрбiр типiне ағытпаларының тағайыншамасы – тогының белгiлi шкаласы болады: ВА 14-26 типтi ажыратқышқа – 6,8,10,16,20,25,32 А; ВА 14-29 типтi ажыратқышқа – 6,8,10,16,25,32,40,50,60 А; ВА 16-25 типтi ажыратқышқа – 6,8,10,16,20,25 А.

Бақылау сұрақтары:

  1. Өткізгіштерді өткізгіш материалдың минимумы бойынша есептеу.

  2. Өткізгіштерді кернеу шығыны бойынша есептеу.

  3. Қорғау аппараттарын таңдап алу шарттары.

  4. Токтың есептiк мәнiн қалай анықтайды?

  5. Кернеудiң шығындарын қалай анықтайды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Өтешев Ө.Ө, Сейітов І. А. Электрлік жарықтандыру - Алматы.: Казмемагру, 2000.

2. Жилинский Ю.М., Кумин В.Д. Электрическое освещение и облучение. - М.: Колос,1982.-272 с.

3. Живописцев Е.Н., Косицын О.А. Электротехнология и электрическое освещение. М.: Агропромиздат,1990.-246 с.

4. Козинский В.А. Электрическое освещение и облучение. - М.: Агропромиздат, 1991.-239 с.

5. Справочная книга по светотехнике / Под редакцией Ю.Б. Айзенберга. -М.: Энергоатомиздат,1995.-472 с.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]