Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKD_Osv_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.42 Mб
Скачать

14 Тақырып. Жарықтандыру қондырғыларының электрлік бөлімі

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Ток қабылдағыштарындағы кернеуі бойынша МЕСТ талаптары. Кернеу жүйелері, жарықтандыру тораптарын топтастыру.

2. Жарықтандыру торабын жайғастыру.

3. Есептік жүктемелерді анықтау.

Дәрістің қысқаша жазбасы:

Жарықтандырғыштың тораптарды электр-техникалық есептеудiң мақсаты – электр желiлерiндегi жұмыстық ток сымдары (кабельдердi) аса қыздырмайтын, шамдарды қоректендiруге қажеттi кернеудi және жеткiлiктi механикалық берiктiктi қамтамасыз ететiн сымдар мен кабельдердiң көлденең қимасының аудандарын анықтау.

Электр-техникалық бөлiмнiң құрамына мына мәселелер жатады:

  1. Электр торабынан үй жайға кiрменiң және электр қалқандарын орнату орындарын таңдап алу.

  2. Сымдардың (кабельдердiң) маркаларын және олардың тартылу тәсiлдерiн таңдап алу.

  3. Жарықтандырғыштық электр торабын құрастыру (оның жоларнасын таңдап алу және белгiлеу).

  4. Қоректендiрулiк және топтың электр тораптары сымдарының (кабельдерiнiң) көлденең қимасының ауданын есептеу және оларды қызуға және механикалық берiктiкке тексеру.

  5. Электр қалқандарын басқару мен электр тораптарын қысқаша тұйықталудан және асқын жүктелуден қорғау аппараттарының типтерiн таңдап алу.

  6. Күтiп қараушыларды электр тогымен зақымданудан қорғау шараларын ойластыру.

Жарықтандырғыштың қалқан (қалқандар) немесе, арнаулы электр-қалқандық бөлмеде немесе үй жайдың бас есiгiнiң маңында оны кездейсоқ зақымдауға болмайтын жерлерде орнатылады.

Егер үй жайдың ұзындығы 100 м немесе одан көп болса, үй жайдың екi шетiне екi қалқан немесе iшкi электр тораптарының ұзындығын қысқарту үшiн қалқандарды жүктеменiң ортасында орналастыру ұсынылады.

Сымдардың (кабельдердiң) маркасы мен тартылу тәсiлдерi үй жайдың iшкi ортасына, үй жайдың мiндетiне және жабдықтардың орналасуына байланысты анықталады. Таңдап алу әр түрлi анықтамалық әдебиеттердiң кестелерi бойынша орындалады.

Жарықтандырғыштық торапты құрастыруда үй жайдың планында топтық қалқандардың, жарықтандырғыштардың, ажыратқыштардың және розеткалардың орнатылу орындарын белгiлейдi. Жарықтандырғыштарды топтарға бөледi және үй жайдың планына қоректендiрулiк және топтық желiлердiң жоларналарын түсiредi. Ток қабылдағыштарды жеке топтарға бөлгенде бiр топта жалпы жұмыстық тогының мәнi 25 А-ден аспайтын қыздыру немесе ДРЛ шамдарының саны 20-дан, ал люминесценттiк шамдардың саны 50-ден көп болмауы керек (бұл сандарға штепсельдi розеткалар да кiредi). Розеткалардың қуаты оған қосылатын аспаптың қуатына тең қабылданылады. Егер бұл қуат белгiсiз болса, есептiк қуатты 200 Вт деп қабылдайды.

Жарықтандырғыштық торапты құрастыруда жалпы жүктеменi фазаларға бiр қалыпты бөлуге ұмтылу керек. Кезекшiлi жарықтандыру жарықтандырғыштық топтық қалқанның жеке тобынан, ал апаттық жарықтандыру арнаулы апаттық жарықтандырғыштық қалқанынан немесе бас күштiк қалқанның жеке тобынан қоректендiрiледi.

Жүктеменiң моментi М=Рl, кВт· м.

Топтың моменттерiнiң қосындысын анықтау үшiн, осы топтың желiнiң есептiк сұлбасы жасалынады. Сұлбада ажыратқыштарға және жарықтандырғыштарға түсiрудi есепке алған тармақтандыру арасындағы қашықтық, сондай-ақ қабылдағыштардың ток қуаты көрсетiледi. Объектiлердiн көбінде топтық желi негiзiнде көлденең қимасының ауданы бiрдей болатын сымдармен (кабельдермен) орындалады. Мұндай жағдайда жүктемелер моменттерi барлық топтық желiге мына формуламен есептеледi:

Егер жүктеме желiде бiр қалыпты таралса, яғни топта барлық жарықтандырғыштардың қуаттары тең және бiр-бiрiне бiрдей қашықтықта орналасқан, қосынды моменттi жүктемелер, бiздiң мысалда Р1 жүктемелер, ортасына дейiнгi келтiрiлген ұзындық бойынша мына формуламен анықтауға болады:

;

мұнда l0 – қалқаннан топтың бiрiншi жарықтандырғышына дейiнгi қашықтық, м; n – бiрдей қуатты жарықтандырғыштар саны; l – жарықтандырғыштар арасындағы қашықтық, м; Р1 – бiр жарықтандырғыштың қуаты, кВт.

Бақылау сұрақтары:

  1. Электр-техникалық есептеудiң мақсаты қандай?

  2. Электр-техникалық бөлiмнiң құрамы.

  3. Жүктеменiң моментi деген не?

  4. Топтың моменттерiнiң қосындысын қалай анықтайды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Өтешев Ө.Ө, Сейітов І. А. Электрлік жарықтандыру - Алматы.: Казмемагру, 2000.

2. Жилинский Ю.М., Кумин В.Д. Электрическое освещение и облучение. - М.: Колос,1982.-272 с.

3. Живописцев Е.Н., Косицын О.А. Электротехнология и электрическое освещение. М.: Агропромиздат,1990.-246 с.

4. Козинский В.А. Электрическое освещение и облучение. - М.: Агропромиздат, 1991.-239 с.

5. Справочная книга по светотехнике / Под редакцией Ю.Б. Айзенберга. -М.: Энергоатомиздат,1995.-472 с.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]