
- •Мазмұны
- •1 Курстың глоссарийі
- •2 Пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)
- •2.1 Оқытушы туралы мәліметтер
- •2.2 Пән туралы мәліметтер
- •2.3 Курстың пререквизиттері
- •2.4 Курстың постреквизиттері
- •2.5 Курсқа қысқаша шолу
- •2.6 Курстың мазмұны
- •2.6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •2.6.2 Зертханалық сабақтардың тізбесі
- •2.7 Әдебиеттер тізімі
- •2.7.1 Негізгі әдебиеттер
- •2.7.2 Қосымша әдебиеттер
- •2.7.3 Әдістемелік нұсқаулар
- •2.8 Курстың саясаты
- •2.9.4 Баға критерийлері
- •2.10 Бағалау саясаты
- •3 Дәрістердің қысқаша жазбасы
- •1 Тақырып: Кіріспе.
- •2 Тақырып. Оптикалық сәулелендірудің фотобиологиялық әсері.
- •3 Тақырып. Жарықтехникалық өлшеулер
- •4 Тақырып. Сәулелену көздері. Оптикалық сәулелену көздерінің негізгі сипаттамалары және жылулық сәулелену заңдылықтары
- •5 Тақырып. Қыздыру шамдары
- •6 Тақырып. Люминесценттік шамдар
- •7 Тақырып. Жоғары қысымды газ-разрядты шамдар
- •8 Тақырып. Жарықтандыру қондырғылары. Физиологиялық оптика және жарықталынуды нормалау.
- •9 Тақырып. Жарықталыну сапасы
- •10 Тақырып. Жарықтандыру аспаптары
- •11 Тақырып. Электрлік жарықтандыруды жобалау
- •12 Тақырып. Электрлік жарықтандыруды жобалау
- •Есептеу төртібі:
- •13 Тақырып. Электрлік жарықтандыруды жобалау
- •14 Тақырып. Жарықтандыру қондырғыларының электрлік бөлімі
- •15 Тақырып. Жарықтандыру қондырғыларының электрлік бөлімі
- •4 Зертханалық сабақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •5 Студенттің өзіндік жұмысы
- •5.1 Студенттің өз бетінше дайындалуына арналған оқу құралдары
- •6. Студенттің білімін бақылау
- •6.1. Аралық бақылау № 1
- •6.2 Аралық бақылау № 2
Есептеу төртібі:
1. Әдістің пайдалануға болатындығын анықтайды.
2. Жарық көзінің типі және жарықтандырғыштардың типі таңдап алынады, олар бөлмеде орналастырып сандарын анықтайды.
3. Нормаланған жарықталыну деңгейін анықтайды.
4. Қабырғалар мен төбенің шағылыстыру коэффициенттерін анықтайды.
5. Бөлменің индексін анықтайды.
6. Анықтамалық кесте бойынша жарық ағынын пайдалану коэффициентін анықтайды.
7. Қор және минимал жарықталыну коэффициенттерін анықтайды.
8. (12.7) формула бойынша жарық көзінің қажетті жарық ағынын анықтайды.
9. Каталогтан жарық ағынының мәні жақын келетін жарық көзін таңдап алады.
10. Формула бойынша жарықтандыратын қондырғы жарықтандырғыштарының, жалпы қуатын анықтайды.
Бақылау сұрақтары:
Есептеудiң нүктелiк әдiсiнiң мазмұнын түсiндiрiңiздер.
Есептеуге қандай жағдайларда жарық ағынын пайдалану коэффициентiнiң әдiсi пайдаланылады?
Жарық ағынын пайдалану коэффициентiнiң әдiсiмен есептеу қалай орындалады?
Жарық ағынын пайдалану коэффициентi қандай шамаларға байланысты болады?
Жарықтандыратын қондырғыны меншiктi қуат әдiсiмен есептеудiң тәртiбiн түсiндiрiңiздер.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Өтешев Ө.Ө, Сейітов І. А. Электрлік жарықтандыру - Алматы.: Казмемагру, 2000.
2. Жилинский Ю.М., Кумин В.Д. Электрическое освещение и облучение. - М.: Колос,1982.- 272 с.
3. Живописцев Е.Н., Косицын О.А. Электротехнология и электрическое освещение. М.: Агропромиздат,1990.- 246 с.
4. Козинский В.А. Электрическое освещение и облучение. - М.: Агропромиздат, 1991.- 239 с.
5. Справочная книга по светотехнике / Под редакцией Ю.Б. Айзенберга. -М.: Энергоатомиздат,1995.- 472 с.
13 Тақырып. Электрлік жарықтандыруды жобалау
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Сызықты жарық көздермен жарықтандыруды есептеу.
2. Көшелерді жарықтандыру қондырғыларын есептеудің ерекшеліктері.
3. Прожекторлармен жарықтандыру.
Дәрістің қысқаша жазбасы:
Нақтылы жағдайларға байланысты люминесценттік жарықтандыруды есептеуге нүктелік, жарық ағының пайдалану коэффициенті, меншікті қуат әдістерінің біреуін пайдалануға болады. Нүктелік жарық көзі деп қабылдауға болатын жеке жарықтандырғаштармен орындалған люминесценттік жарықтандыруды осы әдістермен есептеу тиісті анықтамалық материалдармен қамтамасыз етілген.
Егер бір қатардағы жарықтандырғыштар арасындағы қашықтық есептік биіктіктің жартысынан кем болса немесе орнатылу биіктігінің жартысы жарық көзінің ұзындығынан кем болса, люминесценттік шамдарды жарықтандырғыштар жарықтанатын сызықтар деп саналады (13.1 сурет).
Люминесценттік шамдарлы жарықтандырғыштардың көпшілігіне сызықтық изолюкстердің анықтамалық қисықтары тұрғызылған. Осы себептен жарықтанатын сызықтан бақылау нүктеде жасалынатын жарықталынуды есептеу айтарлықтай жетілдірілген. Жарықтанатын сызықтың сипаттамалары белгілі болғаңда нүктедегі жарықталыну деңгейі мына үш параметрге байланысты болады: Һе, L және Р (13.1 сурет).
13.1 сурет – Бақылау нүктеде жарықтанатын сызықтар жасайтын жарықталынуды есептеуге
Сызықтық изолюкстер графигі (13.2 сурет) тік бұрышты координаталар жүйесінде тұрғызылады. Осьтер бойынша биіктіктің бірлігіне келтірілген L1=L/Һе және Р1=Р/һе шамалар салынады. Жарықтанатын сызық жарықталынатын жазықтықтан 1 м биіктікте орналасқан, ал ұзындығы 1 м сызықтың жарық ағыны - келтірілген жарық ағыны - F1=1000 лм/м деп қабылданылады. Сызықтық изолюкстер графигі жарықтанатын сызықтың шетіне қарсы орналасқан нүктедегі салыстырмалы жарықталынуды анықтауға мүмкіншілік береді. Салыстырмалы жарықталынуды Һе, L және Р параметрлерінің әр түрлі тіркестерінде анықтауға болады.
13.2 сурет – Екі ЛБР шамы бар ПВЛМ жарықтандырғышы үшін сызықтық изолюкстер.
Жарықталыну деңгейі анықталатын нүкте жарықтанатын сызықтың шетіне қарсы жатпаған жағдайда былай істелінеді.
Егер бақылау нүктесі жарықтанатын сызықтың шегінде 13.3, а суретте көрсетілгендей орналасса, сызықты шартты L1 және L2 екі бөлікке бөледі. Нүкте екі бөліктің де шеттеріне қарсы орналасқан болады. Нүктедегі жарықталыну деңгейі сызықтың әрбір бөлігі жасайтын жарықталыну мәндерінің қосындысына тең. Сызық бөліктерінің жарықталыну мәндері сызықтық изолюкстер графигі бойынша анықталады.
13.3 сурет – Жарықтанатын сызықтардың шеттеріне қарсы жатпайтын нүктелердегі жарықталынуды анықтауға
Егер бақылау нүкте жарықтанатын сызықтан шет жақта орналасса (13.3, б сурет), жарықтанатын сызықты нүкте оның шетіне қарсы орналасқанша шартты жалғайды. Содан кейін сызықтың толық ұзындығын L+L0 және шартты қосылған бөлігінің ұзындығын L0 анықтайды. Сызықтық изолюкстер графигі бойынша толық ұзындыққа және шартты ұзындыққа сәйкес келетін шартты жарықталыну мәндері табылады. Бақылау нүктедегі салыстырмалы жарықталыну деңгейі нүктеде толық сызықпен және шартты сызықпен жасалынатын жарықталыну мәндерінің айырымы ретінде анықталады.
Жарықтанатын сызықтың қажетті жарық ағынының сызықтық тығыздығы, яғни сызықтың 1м ұзындығына келтірілген мәні мына формула бойынша анықталады:
(13.1)
Бақылау нүктеде нормаланған жарықталыну деңгейін қамтамасыз етуге қажетті жарықтанатын сызықтың толық жарық ағыны F= F1· L тең болады.
Жарықтанатын сызықтағы жарықтандырғаштардың саны
,
(13.2)
мұндағы Fш -таңдап алынған типті шамның жарық ағыны, лм; n1- бір жарықтандырғыштағы шамдар саны.
Қатардағы барлық жарықтандырғыштардың ұзындығын қатардың өз ұзындығымен салыстырып қатарды құрастырады. Егер бір жарықтандырғыштың ұзындығы ℓ болса, барлық жарықтандырғыштардың толық ұзындығы N·ℓ болады.
Егер N·ℓ=L болса, жарықтандырғыштарды үзіліссіз қатарға орналастырады. Егер N·ℓ<L болса, жарықтандырғыштарды қатарда бір-біріне кіші ара қашықтықпен орналастырады.
Егер жарықтандырғыштардың жалпы ұзындыгы N·ℓ>L болса, мынадай варианттар болуы мүмкін:
а) бірлік қуаты үлкен болатын шамдарды пайдалану;
б) жарықтандырғыштардың қатарын көбейту;
в) шамдар саны көп жарықтандырғыштарды пайдалану.
Жарықтанатын сызықты жарық ағынын пайдалану коэффициентінің әдісімен де есептеуге болады. Бұл жолы (12.7) формуланы пайдаланады. Оған бөлмедегі жарықтандырғыштар санының орнына жарықтандыратын қондырғыда белгіленген жарықтандырғыштар қатарының санын қояды және бір қатардағы шамдардың қосынды жарық ағынын анықтайды.
Жарықтандырғыштар мен шамдардың типтері таңдап алыңғандықтан және бір шамның жарық ағыны белгілі болғандықтан (12.1) формула бойынша бір қатардағы жарықтандырғыштардың санын анықтайды. Бір қатардағы жарықтандырғыштардың жалпы ұзыңдығын бөлменің ұзындығымен салыстырады. Жарықтанатын қатарларды құрастыру жоғарыда берілген әдістермен орындалады.
Бақылау сұрақтары:
Сызықты жарық көздермен жарықтандыруды есептеу қандай әдістермен орындалады?
Сызықты жарық көздермен жарықтандыруды нүктелік әдіспен есептеу қалай орындалады?
Сызықты жарық көздермен жарықтандыруды жарық ағының пайдалану коэффициенті әдіспен есептеу қалай орындалады?
Жарықтанатын сызықтар деген не?
Келтірілген жарық ағыны деген не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Өтешев Ө.Ө, Сейітов І. А. Электрлік жарықтандыру - Алматы.: Казмемагру, 2000.
2. Жилинский Ю.М., Кумин В.Д. Электрическое освещение и облучение. - М.: Колос,1982.-272 с.
3. Живописцев Е.Н., Косицын О.А. Электротехнология и электрическое освещение. М.: Агропромиздат,1990.-246 с.
4. Козинский В.А. Электрическое освещение и облучение. - М.: Агропромиздат, 1991.-239 с.
5. Справочная книга по светотехнике / Под редакцией Ю.Б. Айзенберга. -М.: Энергоатомиздат,1995.-472 с.