
- •Мазмұны
- •1 Курстың глоссарийі
- •2 Пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)
- •2.1 Оқытушы туралы мәліметтер
- •2.2 Пән туралы мәліметтер
- •2.3 Курстың пререквизиттері
- •2.4 Курстың постреквизиттері
- •2.5 Курсқа қысқаша шолу
- •2.6 Курстың мазмұны
- •2.6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •2.6.2 Зертханалық сабақтардың тізбесі
- •2.7 Әдебиеттер тізімі
- •2.7.1 Негізгі әдебиеттер
- •2.7.2 Қосымша әдебиеттер
- •2.7.3 Әдістемелік нұсқаулар
- •2.8 Курстың саясаты
- •2.9.4 Баға критерийлері
- •2.10 Бағалау саясаты
- •3 Дәрістердің қысқаша жазбасы
- •1 Тақырып: Кіріспе.
- •2 Тақырып. Оптикалық сәулелендірудің фотобиологиялық әсері.
- •3 Тақырып. Жарықтехникалық өлшеулер
- •4 Тақырып. Сәулелену көздері. Оптикалық сәулелену көздерінің негізгі сипаттамалары және жылулық сәулелену заңдылықтары
- •5 Тақырып. Қыздыру шамдары
- •6 Тақырып. Люминесценттік шамдар
- •7 Тақырып. Жоғары қысымды газ-разрядты шамдар
- •8 Тақырып. Жарықтандыру қондырғылары. Физиологиялық оптика және жарықталынуды нормалау.
- •9 Тақырып. Жарықталыну сапасы
- •10 Тақырып. Жарықтандыру аспаптары
- •11 Тақырып. Электрлік жарықтандыруды жобалау
- •12 Тақырып. Электрлік жарықтандыруды жобалау
- •Есептеу төртібі:
- •13 Тақырып. Электрлік жарықтандыруды жобалау
- •14 Тақырып. Жарықтандыру қондырғыларының электрлік бөлімі
- •15 Тақырып. Жарықтандыру қондырғыларының электрлік бөлімі
- •4 Зертханалық сабақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •5 Студенттің өзіндік жұмысы
- •5.1 Студенттің өз бетінше дайындалуына арналған оқу құралдары
- •6. Студенттің білімін бақылау
- •6.1. Аралық бақылау № 1
- •6.2 Аралық бақылау № 2
8 Тақырып. Жарықтандыру қондырғылары. Физиологиялық оптика және жарықталынуды нормалау.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Адамның көру мүшесі, контраст. Табалдырықтық жарықтылық пен табалдырықтық контраст туралы түсінік.
2. Жарықталу нормасының шкаласы. Салалық жарықталу нормалары.
3. Цилиндрлік жарықталу.
Дәрістің қысқаша жазбасы:
Жарықтандыратын қондырғы көрудің қажетті жағдайларын қамтамасыз етуі керек. Көру жағдайлары жарықтылықтың деңгейімен және оның көру өрісінде таралуымен анықталады. Өйткенi бiздiң көру органдарымыз бақылайтын объектiнiң және фонның жарықтылықтaрын сезiнедi. Осы жарықтылықтардың айырымы өскен сайын объектiнiң элементтерiн айқын айырамыз. Жарықтылықтар айырымының фон жарықтылығына қатынасы контраст деп аталады:
,
(8.1)
мұндағы Во және Вф - объектінiң жане фонның жарықтылығы.
Бақылайтын объектiнi көpyгe болатын жарықтылықтар айырымының минимал мәнi табалдырықтық жарықтылық деп аталады, ал осы жарықтылыққа сәйкес келетін контрасты табалдырықтық контраст деп атайды:
,
(8.2)
Контраст мәні табалдырықтық мәннен жоғарылаған сайын бақылайтын объeктiнiң көpiнyi жақсарады:
,
(8.3)
Осы себептен объектiнiң көpiнyi жарықталынудың нормалық бағасы болуы керек едi. Бiрақ көpiнy тек контрастқа, жарықталынуға және объект мөлшерiне ғана емес, сондай-ақ көру өрісінде басқа жарқыраған заттардың болуына, бақылаудың ұзақтылығына, объект пен фонның түciнe және бақылаушының физикалық хал-жайына да байланысты келедi. Cондықтaн жұмыс бетiндегi жарықталыну деңгейi нормаланады.
Бiр жұмысты жарықталыну деңгейiнiң әр түрлi мәндернінде де орындауға болады. Бiрақ сол кезде көру органдарының жұмыс істеу жағдайлары бiрдей болмайды. Мысалы, 0,1 лк жарықталынуда да оқуға болады, бipақ бұл жағдайда көз тез шаршайды және оған түзелмейтiн зиян тигізеді. Жарықталынуды жоғарылатқанда, бiр деңгейден бастап, мысалы 50 лк-тен, көздің шаршауы кенет төмендейді және мүмкіндік шекте болады. Жарықталынудың осы деңгейi гигиеналық минимум ретiнде қабылданылады. Әр өндipicтiк операцияны орындауға қажет ең қолайлы жарықталыну деңгейiн табуға болады.
Жарықталынуды жоғарылатып үптелген көру деп аталатын деңгейге, яғни кез келген операцияны орындауға жеткiлiктi деңгейге жетуге болады. Үптелген көруді қамтамасыз ететін жарықталыну деңгейi пайдаланылатын жарық көздерi сәулеленуінің спектрлiк құрамына айтарлықтай тәуелдi келедi.
Газ-разрядтық шамдарының сәулелену спектрi негiзiнде көрiнерлiк сәулеленудiң қысқа толқынды диапазонында болады. Сондықтан газ-разрядтық шамдарды пайдаланғaнда қыздыру шамдарымен бiрдей жарықталыну деңгейiн қамтамасыз eткeннiң өзiнде де қара көленкелiк деп аталатын құбылысы байқaлады.
Осы эффектiне өтемелеу үшін газ-разрядтық шамдарды пайдаланғанда жарықталыну деңгейi едәуiр жоғары болуы керек. Бұл жасанды жарықтандыру нормаларында eскерілген.
Жарықталынyдың нормалар бойынша белгiленетiн мәнi мына негiзгі себепкершарттар арқылы анықталады:
1) фон болатын жұмыс бeтiнiң шағылыстыру коэффициентi. Фонның шағылыстыру коэффициентi жоғары болған сайын оның жарықтылығы жоғарылайды және осы себептен, басқа жағдайлар бiрдей болғанда, жұмыc бетiнiң жарықталыну деңгейi кiшi болуы кepек;
2) бақылайтын объектiнiң ең кiшi бұрыштық мөлшерi (объектiнiң ең кiшi мөлшерiнiң одан көзге дейiнгi қашықтықтыққа қатынасы);
3) объекті мен фон арасындағы контраст;
4) объектiге қараудың ұзақтылығы;
5) көру өрісінде жарықтылығы фон жарықтылығынан өзгеше болатын беттердiң болуы;
6) жұмыс процесiнде зақымдану қауіптiлiгiнiң дәрежесi.
Нормалар жұмыс бeтiндeгi ең кiшi жарықталыну, ягни ең нашар жарықтандырылатын нүктeгe сәйкес келетiн жарықталыну деңгейiн белгiлейдi. Cондықтaн жұмыс бетінің басқа бөлiгiнде жарықталыну деңгейi нормадан жоғары болады.
Жарықталыну деңгейі "Құрылыстық нормалар және ережелер (ҚН және Е)" деп аталатын негізгі нормалық құжаттан таңдап алынады.
Жалпы нормалар негізінде шаруашылықтың әр түрлі салаларына тән өндірістік жағдайларының ерекшеліктерін ескерумен жарықталынудың салалық нормалары құрастырылған.
Жарықтандырудың сапасы жарықталыну деңгейiмен қатар мына негізгі жағдайлармен анықталады:
1. Жұмыс бетi бойынша жарықтaлынудың бiрқалыпты таралуы. Жарықтaлынудың максимал және минимал деңгейлерi арасындағы айырманы мына себептерге байланысты азайтуға тырысу керек. Бiрiншiден, айтарлықтай бейбiркелкi болғанда, көз оның әр түрлi деңгейлерiне жиi дaғдылaнyы керек. Бұл көзге жағымсыз келедi. Екiншiден, минимал жарықталыну деңгейi нормаланған деңгейден кем болмауы керектігiнен, жұмыс бетiнiң үлкен бөлiгінде жарықталынy нормадан жоғары болады. Осы себептен электр энергиясы артық шығындалады.
2. Жұмыс бетiнде көлеңкелердiң болмауы. Бақылайтын объeктi бeтiндe көленкелер болғанда, жұмысты орындау қиындайды. Көлеңкелердi әр түрлi тәсiлдермен жоюға болады: жарық ағынының дұрыс бағытын таңдап алумен, жарықты шашыратып немесе шағылыстырып тарататын жарықтандырғышттарды пайдаланумен.
З. Жарықталынудың уақыт бойынша тұpaқтылығы. Электр торабы кepнeyiнiң ayытқуы нәтижесінде жұмыс бетiндегі жарықталыну деңгейi өзгередi. Адам көзi жарықтылык деңгейiнiң 3...5 %-ке iлездiк өзгеруiн айырады.
4. Көру өрiсiнде көздi (қapықтыpaтын) аштырмайтын жарықтылықтардың болмау. Негiзiнде көздi жарықтандырғыштардың жарықтылығы қapықтaндыpaды. Жарықтaндырғъштaрдың көздi қаратпайтын деңгейi олардың жарықтылығымен, көз бағытындaғы жарық күшiмeн, көру сызығынан жоғaры орналасу биiктiгiмен және фонның жарықтылығымен анықтaлады. Жарықтaндырғыштардың қорғайтын бұрышының мәнiнe және жарық тарату сипатына, пайдаланылатын шамның типi мен жарық aғынынa байланысты оларды орнату биіктігінің мүмкiндiк минимал мәнiн белгiлеумен олардың көздi aштыpмайтын әpeкeтi ҚНжЕмен шектеледi.
5. Сәулеленудiң спектрлік құрамы жарықтандырудың физиологиялық және психологиялық әсepiн және түс берyiн aнықтaйды, объект пен фон apacындaғы контрастқа әсер eтyi мүмкiн.
Бақылау сұрақтары:
Табалдырықтық жарықтылық деген не?
Табалдырықтық контраст деген не?
Жарықталынy мәнiнің анықталатын негiзгі себепкер шарттары.
Қара көлеңкелiк құбылысы деген не?
Жарықталыну деңгейі келтірілген нормалық құжаттар қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Өтешев Ө.Ө, Сейітов І. А. Электрлік жарықтандыру - Алматы.: Казмемагру, 2000.
2. Жилинский Ю.М., Кумин В.Д. Электрическое освещение и облучение. - М.: Колос,1982.-272 с.
3. Живописцев Е.Н., Косицын О.А. Электротехнология и электрическое освещение. М.: Агропромиздат,1990.-246 с.
4. Козинский В.А. Электрическое освещение и облучение. - М.: Агропромиздат, 1991.-239 с.
5. Справочная книга по светотехнике / Под редакцией Ю.Б. Айзенберга. -М.: Энергоатомиздат,1995.-472 с.