
- •Мазмұны
- •1 Курстың глоссарийі
- •2 Пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус)
- •2.1 Оқытушы туралы мәліметтер
- •2.2 Пән туралы мәліметтер
- •2.3 Курстың пререквизиттері
- •2.4 Курстың постреквизиттері
- •2.5 Курсқа қысқаша шолу
- •2.6 Курстың мазмұны
- •2.6.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
- •2.6.2 Зертханалық сабақтардың тізбесі
- •2.7 Әдебиеттер тізімі
- •2.7.1 Негізгі әдебиеттер
- •2.7.2 Қосымша әдебиеттер
- •2.7.3 Әдістемелік нұсқаулар
- •2.8 Курстың саясаты
- •2.9.4 Баға критерийлері
- •2.10 Бағалау саясаты
- •3 Дәрістердің қысқаша жазбасы
- •1 Тақырып: Кіріспе.
- •2 Тақырып. Оптикалық сәулелендірудің фотобиологиялық әсері.
- •3 Тақырып. Жарықтехникалық өлшеулер
- •4 Тақырып. Сәулелену көздері. Оптикалық сәулелену көздерінің негізгі сипаттамалары және жылулық сәулелену заңдылықтары
- •5 Тақырып. Қыздыру шамдары
- •6 Тақырып. Люминесценттік шамдар
- •7 Тақырып. Жоғары қысымды газ-разрядты шамдар
- •8 Тақырып. Жарықтандыру қондырғылары. Физиологиялық оптика және жарықталынуды нормалау.
- •9 Тақырып. Жарықталыну сапасы
- •10 Тақырып. Жарықтандыру аспаптары
- •11 Тақырып. Электрлік жарықтандыруды жобалау
- •12 Тақырып. Электрлік жарықтандыруды жобалау
- •Есептеу төртібі:
- •13 Тақырып. Электрлік жарықтандыруды жобалау
- •14 Тақырып. Жарықтандыру қондырғыларының электрлік бөлімі
- •15 Тақырып. Жарықтандыру қондырғыларының электрлік бөлімі
- •4 Зертханалық сабақтар
- •Ұсынылатын әдебиеттер:
- •5 Студенттің өзіндік жұмысы
- •5.1 Студенттің өз бетінше дайындалуына арналған оқу құралдары
- •6. Студенттің білімін бақылау
- •6.1. Аралық бақылау № 1
- •6.2 Аралық бақылау № 2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫ ЭЛЕКТРЛІК ЖАРЫҚТАНДЫРУ»
пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5B071800-«ЭЛЕКТРЭНЕРГЕТИКА» мамандығы
Астана 2012
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ Бекітемін:
агротехникалық университеті» АҚ «С.Сейфуллин атындағы Қазақ
әдістемелік кеңесінде қаралды агротехникалық университеті» АҚ
және университет баспасынан ӘК-ң төрағасы
шығаруға рұқсат етілді ____________Әбдіров А.М.
хаттама № «__» _________2012 ж. «__» ___________2012 ж.
Авторы: Х. К. Ниязбаева– «Электрмен жабдықтау» кафедрасының аға оқытушысы, ҚАТУ.
«Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрлік жарықтандыру» пәнінің оқу-әдістемелік кешені, 5.03.005-2006- «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Кәсіптік тәжірибе. Негізгі ережелері», 5.03.006-2006-«Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орнында білімді бақылау және бағалау. Негізгі ережелері», 5.03.007-2006-«Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Білім беру-кәсіптік бағдарлама. Негізгі ережелері», ҚР МЖБС-на сәйкес құрылған. Оқу-әдістемелік кешен кредиттік технология бойынша 5В071800-«Электрэнергетика» мамандығында оқитын студенттерге қажет мағлұматтарды қамтиды. Дайындау бағыты - «Электрмен жабдықтау (сала бойынша)».
Пікір жазушы: Б. А. Жакишев – т.ғ.к., «Жылуэнергетика» кафедрасының доценті, ҚАТУ
«Электрмен жабдықтау» кафедрасының отырысында қаралды және қабылданды
Хаттама №10 «10» ___01. ______2012 ж.
Энергетикалық факультетінің әдістемелік комиссия отырысында қаралды және мақұлданды
Хаттама №6 «18» ____ 01._____2012 ж.
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2012 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
1 Курстың глоссарийі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
2 Пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабус) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
3 Дәрістердің қысқаша жазбасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .15
4 Зертханалық сабақтар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .65
5 Студенттің өзіндік жұмысы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 67
6 Студенттің білімін бақылау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 71
Кіріспе
«Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрлік жарықтандыру» пәнін оқыту барысында студенттер оптикалық сәулелендіруді алудың және түрлендірудің негізгі физикалық заңдарын; жарық өлшеуіш аспаптардың құрылысы мен сипаттамаларын; жарықтехникалық бұйымдардың конструкциясы мен негізгі сипаттамаларын; жарықтехникалық есептеулерді орындаудың теориялық негіздері мен ретін білуі керек.
«Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрлік жарықтандыру» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК) ҰС СМЖ 4.7.01-2008 талаптарына сәйкес әзірленген. Оқу-әдістемелік кешенінің силлабусында мамандықтың бекітілген оқу жұмыс жоспарына сәйкес академиялық сағаттар бойынша әр тақырыптың көлемі көрсетілген.
Зертханалық сабақтардың тақырыптары келтіріледі. Студенттің өзіндік жұмысы тақырыптары ұсынылған, студент оларды тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесіне сәйкес оқып үйренеді.
Жоспарлы сабақтың − дәрістің, зертханалық сабақтың, өздік дайындықтың әр тақырыбында әдебиеттер тізімі берілген, бұл оқып үйренетін мәселелерін жеңіл шешуге жетекшілік етеді.
«Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрлік жарықтандыру» курсы дәрістерінің тезистері студентті оқып үйренетін тақырыпқа бағыттайды. Әрбір дәрістік сабақтағы өздік дайындықтың сұрақтары материалды тиімді игеруге көмектеседі.
Студенттің білімін бақылау және бағалау формасы 100 балды-рейтинг жүйесіне негізделген, ол ағымдық және аралық бақылаулардың, өзіндік жұмысы бағаларының орташа балл-рейтингісінен және емтихандық балл-рейтингісінен құралады.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені құрамына глоссарий кіреді, онда курстың негізгі терминдері мен анықтамалары және оларға қысқаша түсініктемелер жазылған.
Студенттің «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрлік жарықтандыру» курсы бойынша тереңірек білім алуы үшін пәннің оқу-әдістемелік кешенінде аралық бақылауларды тапсыруға арналған сұрақтардың тізімі берілген.
1 Курстың глоссарийі
Анықталу объектісі – жұмыс процесінде анықтау қажет қарастырылатын зат, оның жеке бөлігі немесе ақау.
Анықталу объектісінің аямен қарама қарсылығы К – объектінің айқындығы мен ая арасындағы айырмашылықтың абсолютті шамасының аяның айқындығына қатынасы.
Ая (фон) - анықталу объектісіне тікелей жапсарлас, үстінде объект қарастырылатын бет.
Біріктірілген жарықтандыру – нормалар бойынша жеткіліксіз жарықтандыру жасанды жарықтандырумен толықтырылған кездегі жарықтандыру.
Жалпы жарықтандыру – шырақтар бөлменің жоғары ауданында бірқалыпты (жалпы бірқалыпты жарықтандыру) немесе жабдықтың орналасуына қатысты (жалпы оқшауланған жарықтандыру) орналасқан жарықтандыру.
Жұмыс беті - жұмыс жасалатын және жарықтану нормаланатын немесе өлшенетін үстінгі бет.
Жұмыстық жарықтандыру – бөлмелерден және ғимараттардан тыс жұмыс өндірісі орындарында нормаланатын жарықтандырулық шарттарды (жарықтану, жарықтану сапасы) қамтамасыз ететін жарықтану.
Құрастырылған жарықтандыру – жалпы жарықтандыруға жергілікті қосылған кездегі жарықтандыру.
Табиғи жарықтандыру – бөлмелерді сыртқы қоршайтын құрылымдардығы жарық ойықтары арқылы кіретін (тік немесе шағылған) жарықтандыру.
Табиғи жарықтану коэффициенті (ТЖК) – тікелей аспан жарығы бөлменің ішіндегі берілген жазықтықтың қайсыбір нүктесінде құратын табиғи жарықтанудың толық ашылған аспан аясы жарығы құратын сыртқы көлденең жарықтанудың бірмезгілдік мәніне қатынасы; процентпен келтіріледі.
Түсберілісі - жарық көзінің спектрлік құрамының түсті объектілерді көз қабылдауына әсерін сипаттайтын, саналы немесе саналы емес түрде стандартты жарық көздерімен жарықтандырылған тура объектілермен салыстыратын жалпы ұғым.
Түсберілісі индексі – бақылаудың белгілі шарттарында зерттелетін және стандартты жарық көздерімен жарықтандырылған түрлі-түсті объектіні көзкөрімдік қабылдаулар сәйкестігінін шамасы.
Шағылысқан жалтырау – жарық ағынының жұмыс беті айқындығын шамадан тыс ұлғайтуынан көру шамасын төмендететін және әрекеттерді көмескілейтін, объект пен аяның арасындағы қарама-қарсылықты төмендететін, жұмыс бетінен жұмыс істеушінің көздеріне қарай бағыттағы шағылдыруы.
Шартты жұмыс беті - еденнен 0,8 м биіктікте шартты алынған көлденең бет.