
- •Бөлім 4. Шоттар және екі жақты жазу
- •Есеп 4.2
- •201_ Жылдың қазан айының шаруашылық әрекеттердің тізімдеме журналы.
- •201_ Жыл қазан айының айналым тізімдемесі
- •201_ Жыл 1 қарашаға бухгалтерлік баланс
- •2010 Жылдың ақпан айының шаруашылық әрекеттердің тізімдеме журналы
- •2010 Жылдың мамыр айының шаруашылық әрекеттердің тізімдеме журналы
Бөлім 4. Шоттар және екі жақты жазу
Есеп 4.1 Бастапқы сальдо (қалдық) негізінде бухгалтерлік шот ашып және оған шаруашылық операцияны енгізіңіз. Шаруашылық операциялардың бухгалтерлік балансқа әсерін анықтап, олардың соңғы сальдосын (қалдығын) есептеңіз.
1-ші операция. Бастапқы қалдық:
ағымдағы банктік шоты – 2 510 000тг;
жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу – 890 000тг;
банк несиесі – 1 000 000тг;
бюджетпен есеп айырысу – 160 000тг.
Ағымдағы банктік шоттан аударылды:
жабдықтаушылар қарызын төлеуге – 800 000тг;
несиені өтеу үшін банкке – 780 000тг;
салықтар бойынша қарыз бюджетке – 160 000тг.
Жауабы:
1.1. А- П- 800 000тг.
1.2. А- П- 780 000тг.
1.3. А- П- 160 000тг.
Дт 1030 Кт Дт 3310 Кт Дт 3010 Кт
Сб- 2 510 000 |
|
|
|
Сб- 890 000 |
|
|
Сб- 1 100 000 |
|
1.1. 800 000 1.2. 780 000 1.3. 160 000 |
1.1. 780 000 |
|
1.2. 780 000 |
|
||
|
Айн -2 510 000 |
Айн – 780 000 |
|
Айн – 780 000 |
|
||
С0 - 770 000 |
|
|
С0 - 110 000 |
|
С0 - 320 000 |
Дт 3130 Кт
|
Сб- 160 000 |
1.3. 160 000
|
|
Айн – 160 000 |
|
|
С0 - 0 |
2-ші операция. Бастапқы қалдық:
қысқа мерзімді банк несиесі – 900 000тг;
жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу – 1 500 000тг;
Банк ссудасы есебінен жабықаушылар алдындағы қарыз өтелді 450 000тг. сомасына.
3-ші операция. Бастапқы қалдық:
касса – 6 500тг;
қызметкерлермен есеп айырысу – 43 000тг.
Іс сапар шығындарынан жаратылмаған ақша сомасының қалдығы кассаға қайтарылды 900тг.
4-ші операция. Бастапқы қалдық:
еңбек ақы бойынша есеп айырысу – 140 000тг;
бюджетпен есеп айырысу – 56 000тг.
Еңбек ақыдан жеке тұлғалардың табыс салығы ұсталынды 56 000тг. сомасына.
Есеп 4.2
Бухгалтерлік есеп шоттарының бастапқы қалдығы бойынша (кесте 1) және шаруашылық әрекеттердің мазмұны бойынша (кесте 2) келесі тапсырмаларды орындау керек:
Қазан айындағы операцияларға шот корреспонденциясын құру және оларды шаруашылық әрекеттердің тізімдеме журналына жазу
Синтетикалық шоттарды ашып оларға бастапқы қалдықты енгізу
Екі жақты жазу әдісімен бухгалтерлік есеп шоттарына апару
Айналымды және шоттар бойынша соңғы қалдықты есептеу
Синтетикалық шоттар бойынша айналым тізімдемесін құру
Соңғы қалдықтар бойынша 1 қарашаға баланс құру
201_ жылдың 1 қазанына Бас кітаптағы синтетикалық шоттардағы қалдықтар.
2010 жылдың 1 қазанына бухгалтерлік баланс
Кесте 1
|
Шот атауы |
Сомасы |
1 |
Есеп шот 1030 |
150 000 |
2 |
Касса 1010 |
100 000 |
3 |
Материалдар 1310 |
200 000 |
4 |
Негізгі құрал 2410 |
300 000 |
5 |
Алынуға тиісті шот 1210 |
50 000 |
6 |
Жарғылық капитал 5000 |
400 000 |
7 |
Төленуге тиісті шот 3310 |
200 000 |
8 |
Банк несиесі 3010 |
150 000 |
9 |
Еңбек ақы бойынша есеп айырысу 3350 |
50 000 |