Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_1241_siporyn_ekonomikasy_Bas_1179_a_maman.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.72 Mб
Скачать

Студенттердің білімдерін тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Бағалық және бағадан тыс бәсекені қолдану жағдайлары және оларға мысал келтіріңіз.

  2. Бәсекенің негізгі функциялары және олардың экономикалық маңызы.

  3. Бәсекелік артықшылық және оның пайда болу көздері.

  4. Экономикалық факторларға негізделген бәсекелік артықшылықты атап көрсетіңіз.

  5. Нормативтік-құқықтық актілерге негізделген бәсекелік артықшылыққа не жатқызылады?

  6. Құрылымдық сипаттағы бәсекелік артықшылық және оның негізгі нысандары.

  7. Нарықтық инфрақұрылымның даму деңгейімен анықталатын бәсекелік артықшылық топтарын атаңыз.

  8. Географиялық және демографиялық факторларға негізделген бәсекелік артықшылыққа мысал келтіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Под ред.Фалько С. Г. Экономика предприятия. — М.: Кнорус, 2011г.

  2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. Издание 2-е, Москва, Финансы и статистика, 2008г.*

  3. Экономика предприятия. /Под ред. Горфинкеля В.Я. и Швандара А.С. Учебник для вузов, 5 изд. М.: ИНФРА-М, 2008г.

  4. Экономика предприятия. Учебное пособие/ В.П.Волков, А.И.Ильин, В.И.Станкевич и др.; под общей редакцией А.И.Ильина, М.:Новое знание, 2008г.

  5. Экономика предприятия/ Под ред. Академика В.М.Семенова, 4-е изд. Спб.:Питер, 2007г.

  6. Скляренко В.И., Прудников В.М., Акуленко Н.Б. Экономика предприятия. Учебное пособие, ИНФРА-М, 2007г.

Тақырып 3. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Лекция мақсаты: студенттерге кәсіпорындағы жоспарлауда қолданылатын нормалар мен нормативтер, олардың түрлерімен таныстыру

Лекция сұрақтары:

3.1. Өндіріс тиімділігінің мәні, түрлері және көрсеткіштер жүйесі.

3.2. Өндірістің абсолюттік және салыстырмалы тиімділігі.

3.3. Өндіріс қызметінің тиімділік көрсеткіштері.

3.1. Өндіріс тиімділігінің мәні, түрлері және көрсеткіштер жүйесі.

Тиімділік сөзі келесі мағынаны береді – қатысты нәтиженің, үрдістің операцияның жобаның нәтижелі болуы.

Шағын кәсіпкерліктің нарықтық ортадаға қызмет ету тиімділігі – қызмет етудің барлық деңгейіндегі маңызды сапаның мінездемесі.

Экономикалық қызмет ету тиімділігі өндірістік потенциалдың пайдалану дәрежесін көрсетеді, бұл нәтиженің өндірістік шығынға қатынасы арқылы анықталады. Сол шығынмен нәтиже жоғарылған сайын қажетті еңбектің 1 теңгеге жұмсаған шығының есебінен тез өскен сайын, немесе пайдалы нәтиженің бір бірлігіне шығын аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі.

Қызмет ету тиімділігі- тауар өндіру мақсатында ресурстарды бөлу және қайта өңдеу бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті мына коэффициент бойынша өлшеуге болады- шығудағы ресурстарға кірудегі немесе өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы.

Адамзат қызметі тиімділікпен тікелей немесе жанама байланысты. Бұл сөздің негізінде ресурс шектеулігі, уақыты үнемеу, қолда бар ресурсан барынша көп өнім алу жатыр.

Тиімділік мәселесі – бұл әрқашан таңдау мәселесі. Таңдау нені, қандай өнім түрлерін, қалай өндіру қажет, оларды қалай бөлу керек, ағымда және болашақта ресурстардың қандай қөлемін тұтыну керек.

Тиімділіктің деңгейі экономикалық өсу, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, инфляция деңгейінің төмендеуі, жұмыс істеу және демалыс жағдайының жақсаруы сияқты әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіуге әсер етеді.

Тиімділік латынның “effectus” сөзінен – орындалу, жүзеге асыру, ықпал ету дегенді білдіреді. Бұрын тиімділік сөзі техника мен технологияға жатқызылатын. Мысалы: бу двигателі дизельдіге қарағанда тиімдірек болып есептеледі. Өйткені, біріншісінде энергияның көп пайызы бекер жұмсалады. Бірақ, физикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда энергия да біреуге қажетті жұмысты атқарады. Бұл, тиімділік тек қана технологиялық қасиет деген сөз, яғни баға беруге тәуелді және бағалау категориясы болып табылады.

Экономикалық қызмет тиімділігін жоғарылату мәселесі келесі, әрбір еңбек, материал және қаржы ресурстарының бірілігіне өнім өндіру көлемінің едәуір өсуін жүзеге асыру. Бұл, нәтижесінде, еңбек өнімділігінің жоға­рылауын көрсетеді, яғни қызмет ету тиімділігін жоғарылатудың критериі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]