Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_1241_siporyn_ekonomikasy_Bas_1179_a_maman.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
4.72 Mб
Скачать

Мазмұны

бет

Пәннің типтік оқу бағдарламасы

4

Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

9

Силлабус (пәннің оқу бағдарламасы)

28

Дәріс тезистері

51

Практикалық (семинар) сабақ тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқау

104

Студенттің оқытушының басшылығымен өздік жұмыстарды орындауы бойынша әдістемелік нұсқау

139

Студенттің өздік жұмысты орындауы бойынша әдістемелік нұсқау

166

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы

192

Пәннің типтік оқу бағдарламасы

1-БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ОРНЫ

1-тақырып. Кәсіпорын - шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде

Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізуші. Өндірістік кәсіпорындардың негізгі белгілері. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қызмет етуінің ерекшелік белгілері. Кәсіпорынның сыртқы ортасы: оның қызметіне ықпал ететін жағдайлар және факторлар. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері және құқықтары.

Негізгі және қосымша белгілері бойынша кәсіпорындардың жіктелуі. Меншік нысандары, ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша кәсіпорын түрледі. Кәсіпорындардың құрылымы. Кәсіпорындардың бірлестіктері.

Кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік: нысандары және түрлері. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел, оны бағалау әдістері.

Банкроттықтың түсінігі және белгілері. Банкроттық және дағдарыс кезіндегі кәсіпорынды қайта құру және басқару. Кәсіпорынды санациялау, қайта құрылымдау және жою.

II-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

2-тақырып. Кәсіпорынның негізгі капиталы

Кәсіпорынның негізгі капиталының экономикалық мәні, олардың құрамы және құрылымы. Кәсіпорынның қызмет етуіндегі негізгі капиталдың орны.

Негізгі қорлардың тозуы, негізгі түрлері. Негізгі капиталды амортизациялаудың маңызы. Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау әдістері. Амортизацияны есептеу әдістері: біркелкі, өндірістік, жеделдетілген, қалдық құнын азайту. Қазақстан Республикадағы амортизациялық саясат.

Негізгі капиталдың ұдайы өндірісі және пайдалану көрсеткіштері. Кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану факторлары және жолдары. Негізгі капиталдың бәсеке қабілеттілігін арттыру Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту басымдықтарының бірі ретінде.

Кәсіпорынның тіркелген активтер. Кәсіпорынның материалдық емес активтері: түсінігі, түрлері. Материалдық емес активтердің амортизациясы.

3-тақырып. Кәсіпорынның айналым капиталы

Айналым капиталы: оның маңызы, құрамы және құрылымы. Айналым капиталын қаржыландыру көздері.

Айналым құралдарының айналымы. Айналым құралдарының айналымдылығын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартуда айналым құралдарының айналымдылығын жеделдетудің мәні.

Айналым құралдарына қажеттілікті анықтау: өндірістік запастарды, аяқталмаған өндірісті және дайын өнімді қалыптастыру үшін.

Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне айналым капиталын басқарудың әсері. Тауарлы-материалдық запастардың құнын бағалау әдістері.

Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.

4-тақырып. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

Шикізат және отын-энергетикалық ресурстар түсінігі және жіктелуі. Пайдалы қазбалар қорлардың жіктелуі және оларды экономикалық бағалау. Қазақстан Республикасының шикізат базасы және оны дамыту бағыттары.

Кәсіпорынның энергетикалық ресурстарын пайдалану. Ауыл-шаруашылық базасын дамыту. Шикізаттың химиялық түрлерінің өндірісін дамыту. Өндіріс тиімділігін көтеруді және қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану жолдары.

Шикізат таңдауды экономикалық негіздеу, шикізатты кешенді түрде пайдалану, өндіріс қалдықтарын өндіру, шикізатты алғашқы өндеуден өткізу және толықтырудың экономикалық тиімділігі. Кәсіпорынның шикізаттық, материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды басқару мәселелері. Кәсіпорынның материалдық ресурстарын пайдалануды талдау көрсеткіштері және әдістері.

5-тақырып. Кәсіпорынның еңбек ресурстары

Персоналдың жылжуын сипаттайтын көрсеткіштер.

Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау. Кәсіпорын жұмыскерлерінің жалпы санын, өнім дайындаудың еңбек сиымдылығы бойынша, өнімділік мөлшері бойынша, қызмет көрсету мөлшері бойынша жұмысшыларға қажеттілікті, әкімшілік-басқару персоналының санын анықтау.

Кәсіпорындағы кадрлық жұмыс. Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы. Кәсіпорынның қызметін тиімділігін қамтамасыз етуде ұйымдастырушылық мінез-құлықтың мәні және маңызы.

Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері. Еңбек өнімділігі және оны есептеу әдістері. Еңбек өнімділігін өсіру факторлары және резервтері.

III-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМІ

6-тақырып. Кәсіпорындағы еңбек ақы төлеу

Еңбек мотивацияның мәні және нысандары. Еңбек ақы еңбекті мотивациялаудың негізгі нысаны ретінде. Еңбек ақының экономикалық маңызы және қағидалары.

Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу. Еңбек ақыға мемлекеттік кепілдік беру. Квалификациялық анықтамалықтарды әзірлеу. Кәсіпорындардың еңбек ақыға бөлетін қаражаттарын, кәсіпорын жұмысшыларының табыстарын, әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінетін аударымдарды салықтық реттеу. Әлеуметтік салықты есептеу әдістемесі. Жеке табыс салығының сипаттамасы. Міндетті әлеуметтік сақтандыру.

Әлеуметтік әріптестікті дамыту: бас, салалық және тарифтік келісімдер, ұжымдық келісім.

Кәсіпорындағы еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру. Тарифтік жүйе, еңбек ақыны ұйымдастырудағы оның маңызы және мазмұны. Жұмысшылардың еңбек ақы нысандары және жүйелері. Басшылардың, мамандар мен қызметшілердің еңбек ақысын ұйымдастыру. Еңбек ақының тарифтік емес жүйесінің маңызы. Еңбек ақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі.

Еңбек күші шығындарының құнын анықтау. Кәсіпорын жұмыскерлері еңбек ақы қорының құрамы.

7-тақырып. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

Инвестициялардың экономикалық маңызы, олардың жіктелуі және көздері. Капиталдық салымдар, олардың құрамы және құрылымы.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі, оның маңызы, міндеттері, ерекшелігі және мемлекеттік қолдау. Инветсицияларды қаржыландыру көздері. Инвестициялық жоба: мазмұны, дайындау және жүзеге асыру кезеңдері. Альтернативті инвестициялық ұсыныстарды бағалау көрсеткіштері. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің стратегиясы: мазмұны және әзірлеу қағидалары. Кәсіпорынның инвестициялық белсенділігі және тартымдылығы. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістемесі.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы, оның мақсаты, мазмұны, жүзеге асыру жолдары. Мемлекеттік даму институттары.

Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты. Инновациялардың маңызы және жіктелуі.

Кәсіпорындардағы инновациялық менеджмент: маңызы және міндеттері. Инновациялық үрдіс және инновациялық құрылым. Жаңашылдықты басқару.

Инвестициялық және инновациялық жобалардың портфелін қалыптастыру, олардың маңызы, қағидалары және бағалау факторлары.

8-тақырып. Өнімді өндіру және өткізу шығындары

Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы. Кәсіпорын шығындарының жіктелуі. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың өнімді өндіру және өткізу шығындарының құрамы.

Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары. Өнімді өндіру және өткізу шығындарын есепке алу және калькуляциялау әдістері. Калькуляциялаудың үрдістік, шекті және тапсырыстық әдістері. Шығындарды есепке алу мен калькуляциялаудың нақты және нормативтік әдістері.

Үстеме шығындар, олардың құрамы, бөлу белгілері. Үстеме шығындарды бөлу және басқарушылық шешімдерді қабылдау әдістемесі.

Өндіріс шығындарын анықтаудың шетелдік тәжірибесі. Өнімді өндіру және өткізу шығындарын азайтудың мәні, көздері және факторлары.

9-тақырып. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі

Маркетинг - кәсіпорынның мақсатына жетудің кешенді жүйесі ретінде. Маркетингтің өндірісті ұйымдастыруға және кәсіпорынның негізгі функцияларына ықпалы.

Стратегиялық жоспарлау және маркетингтік тәсіл. Маркетинг стратегиясын таңдау және жүзеге асыру.

Жоспарлаудың әдіснамалық негіздері. Кәсіпорын жоспарларының құрылымы. Өндіріс ішіндегі жоспарлау.

Нарық жағдайында кәсіпорындағы өнім шығаруды жоспарлауды ұйымдастыру. Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын әзірлеу. Өндірістік бағдарламаны әзірлеудің нарықтық-ресурстық тәсілі. Кәсіпорын дамуының кезеңділігін ескере отырып өндірістік бағдарламаны жоспарлау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын әзірлеу әдістемесі.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты және оны анықтау әдістері.

10-тақырып. Кәсіпорынның бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру қажеттілігі. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне арттыруға әсері.

Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін көтеру жолдары. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі. Сапаны басқарудағы жаңа стратегия. Өнімді стандарттау. Өнімді сертификациялау.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі. Өнімге, жұмысқа және қызметке белгіленетін баға түрлері. Кәсіпорындағы бағаны қалыптастыру әдістері. Нарықтық экономика жағдайындабағаны мемлекеттік реттеу.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәні. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторлар. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі.

11-тақырып. Кәсіпорын қаржысы

Кәсіпорын қаржысы түсінігі және функциялары. Кәсіпорындағы қаржы қатынастарының қалыптасу нысандары. Кәсіпорынның қаржы қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидалары және бағыттары. Қаржы механизмі: құрамдас элементтері, құқықтық, нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары. Қаржылық жоспарлау. Кәсіпорындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздері. Қарыз қаражаттарын алу әдістері. Несиелер, оларды берудегі негізгі қағидалар.

IV-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАРЖЫ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІ

12-тақырып. Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижелері

Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіштері ретінде. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сай жылдық жиынтық табысты есептеуде анықталатын табыс түрлері. Кәсіпорын пайдасының қалыптасу және бөліну тәртібі. Кәсіпорын төлейтін салықтардың сипаттамасы. Кәсіпорын пайдасына салық салу және бөлу.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сай салық салынатын пайданы анықтауда есептелінетін шегерімдердің сипаттамасы. Корпоративтік табыс салығын анықтаудың жалпы ережелері. Корпоративтік табыс салығын есептеуде салық салынатын табысты анықтау әдістемесі. Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығы мен акциздерді есептеудің жалпы ережелері.

Кәсіпорындағы пайданы арттыру резервтері.

Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде . Рентабелділік деңгейін көтеру жолдары.

13-тақырып. Өндірістің экономикалық тиімділігі

Өндірістің экономикалық тиімділігінің маңызы және оның түрлері.

Өндірістің жалпы тиімділігі және оның көрсеткіштер жүйесі. Өндіріс тиімділігінің дифференцияцияланған көрсеткіштері. Кәсіпорынның рентабельділік (табыстылық) көрсеткіштері. Өндірістік қызметтің тиімділік көрсеткіштері. Өтімділік көрсеткіштері. Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері.

Өндірістің салыстырмалы көрсеткіштері: мәні және оны анықтау әдістері. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтауда уақыт факторын есептеу (ақша ағындарын дисконттау) әдістері. Таза ағымдық құн және табыстылықтың ішкі нормасы көрсеткіштерінің сипаттамасы. Өндіріс тиімділігіне ықпал ететін факторлар.


Оқу нысаны

Күндізгі оқу нысаны

Күндізгі оқу нысаны

Барлығы кредит

3

Барлығы кредит

3

Барлығы кредит

Курс

2

Курс

2

Курс

Семестр

3

Семестр

3

Семестр

Емтихан (семестр)

3

Емтихан (семестр)

3

Емтихан (семестр)

Барлығы сағат, соның ішінде:

135

Барлығы сағат, соның ішінде:

135

Барлығы сағат, соның ішінде:

Дәріс (сағат)

30

Дәріс (сағат)

30

Дәріс (сағат)

Практикалық (семинарлық) сабақ (сағат)

15

Практикалық (семинарлық) сабақ (сағат)

15

Практикалық (семинарлық) сабақ (сағат)

СОӨЖ (сағат)

15

СОӨЖ (сағат)

15

СОӨЖ (сағат)

СӨЖ (сағат)

75

СӨЖ (сағат)

75

СӨЖ (сағат)

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару» факультеті

«Экономика» кафедрасы

ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

KE/EP3202 «Кәсіпорын экономикасы» пәні бойынша

«5В051000-Мемлекет және жергілікті басқару», «5В050800 – Есеп және аудит», «5В050900 – Финансы», «5В030400 - Кеден ісі», «5В050700 – Менеджмент» мамандықтарына арналған

Алматы, 2013

1. Оқытушылар туралы мәлімет

  1. Әмірбекұлы Ержан,«Экономика» кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы

  2. Расулова Асем Мансуровна, «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы

2. Пәннің пререквизиті

Макроэкономика.

3. Пәннің постреквизиті

Дипломдық жұмысты (жоба) дайындауға.

4. Пәннің сипаттамасы

«Кәсіпорын экономикасы» жеке экономикалық пән болып табылады және оқу пәні ретінде кәсіпорынның шаруашылық жүргізуге қажетті үрдістерін әзірлеу мен шешімдерін қабылдау механизмдерін оқып үйрену болып табылады.

5. Пәнді оқыту мақсаты

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық механизмін зерттеу негізінде студенттердің экономикалық ой-өрісін дамыту болып табылады.

6. Пәнді оқыту міндеттері

  • кәсіпорынның мәнімен, оның ұлттық экономика жүйесіндегі орны және рөлімен, шаруашылық жүргізу объектісі ретінде танысу;

  • кәсіпорынның ресурстық базасы мен әр түрлі ресурстарды пайдалану тиімділігін қарастыру;

  • нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынды нарықтық экономика құрылымы ретінде мемлекеттік реттеуді сипаттау;

  • кәсіпорынның қызмет етуінің шаруашылық механизмі мен оның қызметінің қаржылық нәтижелерін зерттеу және т.б.

7.Пәннің құзыреттілігі

Аталған курсты оқу барысында студенттердің

білуі қажет:

  • кәсіпорындардағы құбылыстар мен үрдістерді меңгеру;

  • кәсіпорында алуан түрлі ұйымдастырушылық- құқықтық нысандардағы кәсіпорындардың қызмет ету механизмдерін пайдалануды игеру;

  • өндіріс тиімділігін жоғарлатудың резервтерін анықтауға мүмкіндігі болады.

білуі керек:

  • шаруашылық жүргізу тұрғысынан кәсіпорынның мәнін және оның ұлттық экономика жүйесіндегі орнымен рөлін;

  • кәсіпорынның ресурстық базасын және әр түрлі ресурстарды пайдаланудың тиімділігін;

  • кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесін талдай алуы қажет;

жасай алуы керек:

  • аталған білімін кәсіпорынның қызметін талдауға, тиісті есеп айырысуға пайдалануға, өзекті мәселелер бойынша проблемаларды шешуге және қажетті мүдделерді қорғай алуы;

  • өндірістік кәсіпорын туралы білімі мен түсінігін көрсете білу және оның ішінде Қазақстандық ұйымдардың ерекшелігіне байланысты өндірісті ұйымдастыру

  • ғылыми- практикалық, экономикалық көзқарастарды қалыптастыру мақсатында теориялық және тәжірибелік ақпараттарды жинап, жүйелей білуі;

  • мамандарға және арнаулы мамандығы жоқ адамдарға өзінің білімі мен тұжырымдарын түсінікті тұрғыдан жеткізе білуі керек;

дағдысы болуы керек:

  • білімін жетілдіру бағыты бойынша жеке қабілетінің жоғары болуы;

  • жаңа білім беру технологияларын пайдаланып білім алудың үздіксіздігін пайдалануы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]