
- •1. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл.
- •Іс қағаздарының түрлері
- •2. Іс қағаздарының қазақ тілінде жүргізілуінің қысқаша тарихы
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •3. Ресми іс қағаздар стилі
- •1. Өмірбаян
- •Өмірбаян
- •3. Жеке іс парағы
- •Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
- •3.Визит карточкалары
- •5. Арыз (шағым)
- •6. Мінездеме, оның түрлері
- •Мінездеме
- •Мінездеме
- •7. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар
- •Расписка
- •Сенімхат
- •Кепілхат
- •25 Қараша 2003 жыл, Алматы қаласы
- •9. Келісімшарт, шарт
- •Автомашинаны сату-сатып алу туралы келісімшарт
- •(Еңбек шарты. Контракт)
- •7. Келісім мерзімі
- •8. Сынақ мерзімі
- •9. Жұмысшының міндеттері
- •10. Жұмыс берушінің міндеттері
- •11.Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі
- •13. Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі
- •14. Демалыс алу тәртібі
- •15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар
- •16. Келісімдегі ерекше жағдайлар
- •17. Келісімнің тоқтатылуы
- •18. Екі жақтың мекен-жайы мен реквизиттері
- •Хаттама
- •11. Ресми хаттар
- •Жолдама хат
- •Қызметтік хат
- •Қызметтік хаттар
- •12. Жеделхат
- •13. Хабарландыру, жарнама.
- •15. Анықтама
- •16. Өкілеттік құжаттар
- •1) Констатациялык; 2) өкімдік.
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •Мекеменің атауы, реквизиттері
- •2. Қазақстан Республикасы Кеден мағлұмдамасы
3.Визит карточкалары
Визит карточкасы – жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, байланыс мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген құжат.
* Визит карточкасы іскерлік қатынас үшін өте керек іс қағазы, құжат.
* Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі әр түрлі болуы мүмкін.
* Визит карточкасының стандарт көлемі жоқ, бірақ көбінесе ол 50х90 мм-лік көлемдегі қатты қағазда жасалады.
* Қатты қағаздың ең жоғарғы жағына жұмыс істейтін мекеменің заңды атауы толық жазылып, белгісі қойылады. Қызмет істейтін мекеменің атауы, құрылымдары толық жазылғанда иерархия сақталуы керек. Мысалы: Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қаржы-экономика факультеті, Қазақ және орыс тілдері кафедрасы
* Визит карточкалары негізінде Тіmes 14 -шрифтімен жазылады.
* Аты-жөнін жазғанда фамилиясы үлкен әріппен теріледі.
- Мысалы: БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекұлы.
* Қызметі. Тек ресми атқаратын қызметі жазылады. «Міндетін атқарушы, уақытша орындаушы» деген сөздер жазылмайды.
* Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар қажеттілігіне қарай көрсетіледі.
* Жұмыс телефоны. Алдымен хатшының телефонын көрсеткен дұрыс. Қажет деп санаған жағдайда өзіңіздің жеке телефоныңызды көрсетуге болады. Егер мобильді жүйедегі байланыс болса, жеке кодымен көрсетіледі.
* Визит карточкаларының түр-түсі әр адамның қызмет бабына қарай жасалады.
* Визит карточкалары бір жақты жасалуы тиіс, екінші жағына қажет болған жағдайда қажетті мәліметтерді қаламмен жазып беру үшін қолданылады.
Визит карточкаларының түр-түсі:
үкімет құрылымында, сайлау органдарында істейтін қызметкерлер көбіне ақ немесе мемлекеттік ту түсімен сәйкестендеріп жасайды;
қаржы бөлімдерінің, банктердің қызметкерлері сенімділікті, орнықтылықты көрсететін ауырлау түспен жасатады. Олар: алтын түсті, металл түсті, қызыл, сұр, күміс, жасыл түстер;
түрлі дәрежедегі басқару органдарында жұмыс істейтіндер классикалық үлгідегі түстерді (фон – көгілдір, шрифт – қара көк, фон –ақшыл сия түсті, шрифт – сия түсті, фон – ақшыл қоңыр, шрифт – қара қоңыр т.б. ) қалайды;
Әртүрлі мамандық иелері өз қалауына қарай жасатады. Мысалы, теңіз, әуе жолы қызметкерлері көгілдір түспен жасатса, орман шаруашылығы қызметкерлері өз визиткаларының фонын көп жағдайда жасыл түске жақын етіп жасатады. Полиграфист қай тонды таңдаса да шрифт міндетті түрде қара түспен береді;
творчество адамдары визит карточкаларын бірден көзге түсетіндей ерекше етіп жасауға тырысады. Көбінесе абстракциялық өрнектер, бедерлермен безендіреді;
ғылыми интеллегенция, ішкі істер министрлігі, қорғаныс министрлігі, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік құрылым қызметкерлері көбінесе ақ фонмен, шрифтері қара, артық-ауыс белгі, фигуралары, сызықтары жоқ визиткалар жасатады.
Іссапар, конференция, семинар, көрме т.б. іскерлік байланыс жасалатын жерлерге жиналғанда визиткаларды жеткілікті етіп алып шығу қажет. Бұл сіздің жеке басыңыздың құжаты ретінде де, кепілдеме ретінде де сізге көп пайдасын тигізеді.
Визит карточкаларын бергенде, қабылдағанда оң қолмен қабылдау қажет, бірден қалтаға, сөмкеге сала салмай, көз тоқтатып қарап, мазмұнымен танысу, алғыс білдіру қажет.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды адамдардың аттарына хабарламалар (обращение) жібереді. Хабарламалар ауызша және жазбаша болуы мүмкін. Хабарламада аты-жөні көрсетілген лауазымды адам немесе мемлекеттік өкімет пен басқару органының басшысы хабарламаны дер кезінде қарауға, ол жөнінде тиісті шешім қабылдауға және белгіленген мерзімде нақты жауабын беруге міндетті.
Хабарламаның үш түрі бар: арыз, өтініш және ұсыныс. Олар мазмұны жағынан әр түрлі болып келеді: мысалы, өтініште азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын хабарлама жасалады. Жеке адам өзіне берілген құқықтарды пайдалану үшін өтініш жазады, сонымен қатар өзі жүмыс істейтін ұжымдарда, мекемелерде, өзі тұратын түрғын үйлерде, мемлекеттік органдар қызметінде байқалған кемшіліктерді атап жазады.
4. Өтініш
Өтініш – азаматтардың заңмен бекітілген жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы туралы ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына жазбаша түрде баяндалатын, өтіну, сұрау туралы ресми құжат.
Өтініштің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
құжат адресациясы: (кімге: мекеменің толық атауы, басшының қызметі, атағы, аты-жөні; кімнен: өтініш берушінің мекен-жайы немесе қызметі, аты-жөні);
құжат атауы;
негізгі мәтін;
қосымша болса, оған сілтеме;
жазылу мерзімі;
өтініш иесінің қолы.
Грамматикалық минимум
Барыс септік: -ға/-ге -қа/-ке
Шығыс септік: -дан/-ден -тан/-тен
Есептік сан есім.
Жіктеу есімдіктері: мен, сіз.
Жіктік жалғау
Қысқарған создер (аббревиатуры)
Лексикалық минимум
Терминдер және терминдік сөз тіркестері
Номенклатуралық атаулар
Жалқы есімдер
Ай аттары
Коммуникативтік минимум
Қарату формалары (формы обрщения):
ханым, мырза
төраға, төрайым
Етістік минимумы: |
өтінемін/ сұраймын; жіберу, қабылдау, рұқсат ету, бөлу, тұру, босату, ауысу, пайдалану, тіркеу
|
Тұрақты клише үлгілері: |
Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты; отбасы жағдайыма байланысты, кезекті демалыс, кезектен тыс демалыс |
Негізгі сөздік
заявление - өтініш
прошу - сұраймын
проживающий - тұратын
прилагается - тіркелген
Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар төмендегідей:
- жұмысқа қабылдау;
- жұмыстан босату;
- басқа жұмысқа ауыстыру;
- кезекті еңбек демалысын сұрау;
- кезектен тыс демалыс сұрау;
- материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау;
- жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.
Өтініш үлгілері:
|
«Арай» шағын кәсіпорнының төрағасы Молдахметов Назар мырзаға
Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 25 үй 41 пәтер тұрғыны Марат Әшімовтен |
Ө Т І Н І Ш
Мені 2009 жылдың 15 – қаңтарынан бастап бухгалтерия бөліміне бас бухгалтер қызметіне қабылдауыңызды сұраймын.
10-қаңтар, 2009 жыл
|
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақтың техникалық университетінің ректоры, профессор Досым Сүлеев мырзаға
Тау-кен факультетінің 2-курс студенті Жақсылықов Сәрсеннен |
Ө Т І Н І Ш
Маған отбасы жағдайыма байланысты 2009-2010 оқу жылы университеттің №5 жатаханасынан 1 орын бөлуіңізді сұраймын.
Қажетті құжаттар қосымша тіркелді.
25 тамыз, 2009 жыл