Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекционный комплекс по ДП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
539.65 Кб
Скачать

1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:

  • Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декреті;

  • Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы қарашадағы «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді ендіру туралы» декреті;

  • Қазақ АССР ОАК Президиумының «Қазақ тілінде іс қағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» қаулысы;

  • Қазақ АССР ХКК-нің 1924 жылғы 23- сәуірдегі өлкелік мекемелерді қазақ тіліндегі жазу машинкасымен қамтамасыз ету жөніндегі өкімі;

  • Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссириатының 1924 жылғы 21 июльдегі «Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатын қызметкерлермен алмастырудың тәртібі жөніндегі» қаулысы;

  • Қазақ АССР ОАК-нің 1927 жылғы 17- мамырдағы «Қазақ уездері мен өлкелік мекемелердің қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуге көшірудің соңғы мерзімін белгілеу туралы» қаулысы;

  • Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының 1930 жылғы 3 қаңтардағы Барлық өлкелік халыққа білім беру бөлімдеріндегі орыс мектептерінде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі нұсқау хаты және т.б. құжаттар.

Дәл сол кезеңдегі мемлекеттік тілді дамытуға жауапты болып тағайындалған көрнекті ақын, қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің «... Қазір алдымызда тұрған зор іс – қазағы көп жерлерде, мекемелерде кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу. Бұл – еңбекшіл халыққа үлкен керекті, зор мағыналы мәселенің бірі. Бұған да жалпы ынта салып жұмылу керек» деген сөзі бұл іске үлкен маңыз берілгендігін көрсетеді. /Мұсылман күнтізбесі: 2005-2006 жылдар. – Алматы, 2004.- 368 бет/.

Бірақ көп ұзамай-ақ қазақ тілін мемлекеттің негізгі қарым-қатынас құралына айналдыру мүмкіншілігіне бұғалық салына бастады. Оны төмендегі құжаттардан көруге болады:

  • 1938 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақ мектептерінде орыс тілін мәжбүрлі оқыту» туралы арнайы қаулысы;

  • Қазақ АССР ОАК-нің 1938 жылы сәуір айындағы «Ұлттық мектептерді қайта құру туралы» қаулысы (Осы қаулыға сәйкес Қазақстандағы ұлттық мектептер «буржуазиялық-ұлттық идеологияның ошағы, балаларды кеңес үкіметіне қарсы тәрбиелейтін мекеме» деп танылып, түгел таратылып жіберді).

Еліміздегі қазақ тіліне қатысты белсенді қозғалыс 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басында етек алды:

  • 1989 жылғы Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы;

  • 1990 жылғы «Қазақ тілін және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың

2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарлама»;

- 1993,1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;

- 1989 жылы құрылған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы;

- 1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл міндет әрбір мекемеде, жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында нормативті- жарлықшы құжат түрлерін, азаматтық қарым-қатынастарда жиі қолданылатын іс қағаздарын, қызметтік хат түрлерін жүргізуге үйрету курстарын мақсатты және сапалы өткізуді талап етеді.

Тіліміздің қолданыс аясын кеңейту бағытында осы кезге дейінгі жүргізіліп келе жатқан әртүрлі деңгейдегі іс-шаралар біртіндеп өз нәтижесін берері даусыз.