Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекционный комплекс по ДП.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
539.65 Кб
Скачать

9. Келісімшарт, шарт

Келісімшарт - жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.

Шарттың (келісімшарттың) жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.

Шарт мынадай жағдайларда жасалады:

1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:

а) тұрғын үйді сатып алу - сату туралы; ә

ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;

б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:

а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісімшарт;

ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісімшарт;

б) жер учаскесін сатып алу - сату туралы келісімшарт.

3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автомашинаны сатып алу-сату жөніндегі келісімшарт;

ә) автомашинаны залогқа беру жөніндегі келісімшарт;

б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт.

4. Ақша қаражатын заемға алу-заемға беру жөніндегі мәмілелер:

а) пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт;

ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт.

НЕГІЗГІ СӨЗДІК

шарт - договор

қол қоюшылар - подписавшиеся

төменде қол қоюшылар - нижеподписавшиеся

сату- сатып алу - купля-продажа

маған тиеселі - принадлежащий мне

жеке басы - личностъ

құқықтық іс-әрекетке

қабілеті - дееспособность

анықталды - установлен

тексерілді - проверен

тіркелді - зарегистрирован

қол қойылды - подписан

мәміле -сделка

мекенжайда тұратын -проживающий по адресу

берілген -выданный

жекеменшік құқығы бойынша -по праву собственности

келісімшарттың негізінде -на основании договора

жалпы пайдалы ауданы -общая полезная площадь

шаршы метр -кв. метр

құрайды -составляет

осы уақытқа дейін -до настоящего времени

тыйым салынбаған -под адрестом не состоит

- оценивать

- довести, донести

Үлгімен танысыңыз.

Автомашинаны сату-сатып алу туралы келісімшарт

Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 91-үй, 46-пәтер,

бір мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші жылғы жиырма бірінші қыркүйек

(келісімшарт жасалған мекенжай және дата сөзбен жазылады)

Біз, төменде қол қоюшылар, жеке басының куәлік № 548796123 Қазақстан Республикасының ІІМ берген , Алматы қаласы "Жетісу" шағын ауданы, 28-үйде тұратын азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы, жеке басының куәлік № 478926321, Қазақстан Республикасы IIМ берген, Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 83-үйде тұратын азамат Қайырбаев Серік, төмендегі туралы осы келісімшартты жасадық:

1. Мен, азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы, "Жигули" маркалы

жеңіл автомашинаны сатамын, кузовның типі_____, шығарылған типі

______, шасси нөмірі ______, двигатель нөмірі ______, мемлекеттік

нөмірі------.

Мен, азамат Қайырбаев Серік, көрсетілген автомашинаны сатып аламын.

2. Көрсетілген автомашина Мемлекеттік автоинспекция 1995 жылғы 7 қаңтарда берген нөмірі 46327 техникалық паспортгың негізінде маған, Өмірбаев Асқар Өмірбайұлына тиесілі.

3. Автомашина___________________теңгеге сатылады,

(бағасы толық жазылады)

көрсетілген соманы келісімшартқа қол қою кезінде азамат Қайырбаев Серік төлейді.

4. Осы келісімшарт жасалғанға дейін автомашина басқа адамға сатылған жоқ, тұтқынға алынған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ.

5. Осы келісімшартты куәландырудың шығынын азамат _______________төлейді.

6. Осы келісімшарт 3 дана етіп жасалған, 1 дана Нотариалдық кеңсенің ісінде сақталады, екі дананың әрқайсысы азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлына және азамат Қайырбаев Серікке берілді.

Тараптардың қолы.

1998 жылы 21 қыркүйекте осы келісімшартты мен, Алматы қаласының нотариусы Асқарова Бақыт куәландырдым.

(нотариалдық кеңсенің атауы, нөмірі, лицензияның нөмірі көрсетіледі)

Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды, Тараптардың жеке басы анықталды, олардың құқықтық іс-әрекетке қабілетілігі және автомашинаның Өмірбаев Асқар Өмірбайұлына тиесілі екендігі тексерілді.

Сату-сатып алу жөніндегі келісімшарттың мәтіні дауыстап оқылды.

Нөмірі 6 тізбегі тіркелген.

Тариф бойынша________________теңге салық алынды.

Нотариус (қолы)

ШАРТ

Ғылым мен өндірістің арасындағы байланысты тығыз, әрі жан-жақты дамыта беру мақсатында Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті мен_______________

(мекеменің аты) төмендегі мәселелер жөнінде келісті:

I. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық универсиеті өзіне мынадай міндеттемелер алады:

1. Оқу жоспарына сәйкес_________________________

(мекеменің аты) Тау-кен факультеті студенттерін өндірістік практикаға жібереді.

2. Тау-кен факультеті практиканы жүргізу барысында жан-жақты ғылыми әдістемелік көмекті жүзеге асырады.

3. Тау-кен ғылымы саласындағы білікті, өндірістік тәжірибесі мол мамандар мен тәлімгерлердің студенттердің курс жұмыстарына жетекші, диплом жұмыстарына қосалқы жетекші болуына жағдай жасайды.

4. Тау-кен ғылымы саласындағы білікті, өндірістік тәжірибесі мол мамандар мен тәлімгерлердің университеттің Тау-кен факультетінде 0,5 және 0,25 жүктемелері мен қосымша жұмыс атқаруына мүмкіндік береді.

II. _________________ өзіне мынадай міндеттемелер алады:

(мекеменің аты)

1. Өндірістік практиканың - маманданудың сапалы өтуіне жағдай жасайды.

2. Практикаға жіберілген студенттерді білікті мамандар мен тәлімгерлерге бекітіп береді.

3. Практикадан өтіп жүрген маманданушы студенттердің таңдаулы жұмыстарын басылымдарда жариялауға ықпал етеді.

___________________ басшысы мен жетекші маман тәлімгерлеріне студенттердің мамандануына ықпал жасағаны үшін университет тарапынан -------- сағаттық көлемде өтемақы төленеді.

Маманданушы студенттердің өндірістік практика кезінде жасалған жұмыстары екі дана етіліп жасалады. Оның жұмысына маман-тәлімгердің қолы қойылған мінездеме-баға беріледі, бұл қүжаттардың бір данасы университетке жіберіледі, екінші данасы мекемеде __________ сақталады.

Осы Шарт 5 жыл мерзімге жасалады, егер Тараптардың бірі Шартты тоқтату туралы мәлімдемесе, оның күші тағы да 5 жылға өздігінен ұзартылады.

Шарт 200 ________ қыркүйек айынан бастап күшіне енеді.

Қаныш Сәтбаев атындағы

Қазақ Ұлттық техникалық

университетінің ректоры Қолы Аты-жөні

Практиканы өтуге рұқсат берген

мекеме басшысы Қолы Аты-жөні

(мекеменің аты)

Үлгі бойынша жұмыс істеңіз. Үлгіні толтырыңыз.

Кәсіпорынның атауы Телефон ______________ Факс

ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ