
- •Тиеп-түсіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік шаралары
- •Кейбір тиеп-түсіру жұмыс түрлеріндегі басты қауіпсіздік шаралары.
- •8.7 Жүк көтеру механизмдерді қолдану арқылы жұмыс жүргізу
- •Атқ мен әж жүру ережелеріне негізгі қойылатын талаптар:
- •Атқ мен әж жүру ережелеріне негізгі қойылатын талаптар:
- •Биіктікке көтерумен байланысты электрқондырғылардағы жұмыстар
Тиеп-түсіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Электрқондырғыларды қызмет көрсету, жөндеу немесе монтаждау кезінде жаңа электр қондырғыларды, жөндеуге арналған қосымша бөліктері, технологиялық шикізат теміржол немесе автокөліктік транспортпен жеткізіледі. Сондықтан осындай тиеу мен түсіру, биіктікке көтеру мен төмен жіберу сияқты жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік шарасын орындау қажеттілігі туындайды. Тиеп-түсіру жұмыстарында жұмысшылар қауіпсіздік шараларын сақтамаған жағдайда жарақат алуы және келеңсіз жағдайларда болуы мүмкін.
Жүктерді көтеру, орналастыру, бекітумен байланысты жұмыстар, сонымен қатар такелажды құралдар мен механизмдерді орнату мен босату кезіндегі дайындық пен соңғы жұмыстарды жүкарқанды (стропальный немесе такелажный) жұмысқа жатқызады. Осындай жұмыстар жүк көтеретін механизм, арнайы құралдар мен жабдықтар, қарапайым құралдар мен қолмен істеу көмегімен механикаландырылған әдіспен орындалуы тиіс. Такелажды құралдар мен жабдықтарға шығырлар, электрлік тальдар, полиспасттар сияқтылар, жүкті қабылдап алушы құралдарға – строптар, траверстер, клещьтер жатқызылады.
Жарақаттар мен келеңсіз жағдайлардан аулақ болу үшін барлық тиеп-түсіру жұмыстарын технологиялық карта, жұмыстың өндірістік жобасы, сонымен қатар жұмыс өндірісі кезінде қауіпсіздік талаптарынан тұратын ережелер, нормалар, нұсқаулықтармен сәйкесінше орындаған жөн.
Жүк көтеру механизмдері мен жүк көтеру құралдары (такеладды жабдықтар) «Жүк көтеру крандардың құрылғы ережесі мен қауіпсіздік эксплуатациясын», «Аспаптар мен жарақтарға қауіпсіз жұмыс ережелерін» қанағаттандыруы қажет. Жұмысты орындау кезіндегі қолданылатын механизмдер мен құралдар осы құралдың қалпына жауап беретін адамдарда сақталатын арнайы журналда тірелуі қажет.
Барлық жүк көтеру механизмдері мен жүк қабылдағыш құралдар инвентарлы номері көрсетілген табличка, биркалар мен қамтамасыз етілуі тиіс. Оларда рұқсат етілген жүк көтеру қабілеті, келесі сынақтар күні көрсетіледі.
Ткелажды жұмысты атқаратын құмыскерллер 18 жастан төмен болмай, медициналық бақылаудан өткен болуы тиіс. Олар сәйкесінше оқытылуы, инструктаж, қауіпсіздік талартары бойынша білімін тексеруі, дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті келеңсіз жағдайда жарақат алушыға жасай алудан өтуі қажет. Білімін көрсеткен нәтижесі бойынша үлгіге орнатылған куәлік беріледі.
Такелажды жұмысты бастамас бұрын такелажды құрал мен жабдықтың, нөмірі, сынақ жасау күні мен жүк көтергіштік белгіленген биркалар есебімен жүк қабылдау жарақтарының жарамдылығына көз жеткізген дұрыс. Жүк қабылдау жарақтарын таңдау кезінде жүктің салмағы жарақтың жүк көтергіштігінен асып кетпеуін қарау керек, канат бұтақтарының арасындағы бұрыш 900 аспауы тиіс. Жүкті көтеру мен орналастыру алдында жүктің беріктілігі мен оның дұрыс арқанға ілінуі тексерілуі тиіс. Жұмыс істеу аймағында жұмыскер каска киюуі керек, ал жүргізіліп жатқан жұмысқа тікелей қатысы жоқ адамдар осы аймақтан аулақ болуы керек. Жүкті көтеру мен түсіру кезінде астында тұруға және өтуге рұқсат етімейді, жұмыс істеп жатқан механизм жанында болуға да болмайды.
Жұмыс уақытында тек қана тапсырылған жұмысты орындау қажет. Жұмыстың жетекшісінің рұқсатынсыз басқа адамға берілген жұмысты сеніп тапсыруға болмайды. Көтеру мен орналастыру алдында жүктің бекітілуі тексерілуі тиіс. Тексчеруді жұмыс жетекшісі орныдайды, ал жауапты кезеңде – шебер. Жүкті бос және тура жолмен алып келуі тиіс. Крандар мен басқа көтеру механизмдерін пайдалану кезінде жүкті арнайы шест немесе ілгіштер көмегімен бағыттаған жөн. Бұл операцияны орындау кезінде стропашы жүктелу орнынан алшақ болуы тиіс.
Егер жұмыс ұзын өлшемді материалдармен орындалса онда екі жұмыскер болуы керек. Даналаған ұзын өлшемді жүктерді тиеу соңында металл құймалы покат қолдану арқылы қолмен орындалады. Жүктеу уақытында жүк қозғалысының бүйір жағында тұру қажет және олар тоқтамайынша қасына келмеуі тиіс. Орналастырылған жүктің бойымен жүру, жетуғ асып кету алдында кетіп бара жатқан стропашыларға рұқсат етілмейді.