
- •География және табиғатты пайдалану факультеті
- •Өндірістік практика бағдарламасы («050902 – Туризм» мамандығы)
- •Алматы 2013
- •1 Жшс «фараб» халықаралық туризм агенттігі
- •2 Жшс «фараб» халықаралық туризм агенттігінің ұйымдастырушылық–басқарушылық сипаттамалары
- •2.2 Кәсіпорынның бәсекелес ортасын талдау
- •3 «Фараб» халықаралық туризм агенттігінің тұтынушыларына қызмет көрсетуі
3 «Фараб» халықаралық туризм агенттігінің тұтынушыларына қызмет көрсетуі
3.1«Фараб» туризм агенттігінің ұсынатын қызмет түрлері
“Фараб” халықаралық туристік компаниясы 15 жылдан бері өз саласында табысты қызмет етіп келеді. Бұл жоғары білікті, жан жақты білімді, тәжірибелі, туризм және авиабилет сату саласынды көпжылдық тәжрибелері бар мамандардың ұжымы. Агенттермен ішкі және халықаралық рейстерге Aır Astana, Lufthansa, British Airways, Turkish Airlines, KLM, Etihad Airways, Air Arabia, Трансаэро секілді атақты әуе компаниялардың билеттеріне бронь жасау, сату және жеткізіп беру қызметі атқарылады .Қазақстандық беделді компаниялармен жұмыс жасайды. Компанияның ұстанымы – клиенттерге жан-жақты жоғары сапалы қызмет көрсетіп, кез-келген сұрақтырына қуана, жылы шыраймен жауап беру. Ұжымның тыңғылықты әрі сапалы қызметі клиенттер және әріптестер тарапынан өзінің жоғары бағасын алуда. “Фараб” халықаралық туристік компаниясының ұжымы клиенттер мен әріптестерінің алдындағы міндеттерін бұлжытпай орындауға тырысуда. Бұл оның болашақтағы дамуының кепілі болып табылады. Компания өз қызмет көрсету салаларын әрдайым толықтырып, жаңартып отырады. “Фараб” туристік компаниясы төмендегідей қызмет түрлерін ұсынады[13]:
Әлем бойынша топтық және жеке турларды ұйымдастыру;
Санаториялық – курорттық емдеу;
Шетел колледждарында шет тілін оқыту;
Іскерлік турлар, көрмелер, конференциялар, семинарлар;
Балалар және жастарға арналған турлар ұйымдастыру;
Қазақстан және әлем бойынша қонақ үйлерді брондау;
Шетел азаматтарын тіркеу және визалық қолдау.
Компания турларының географиясы өте ауқымды. Туристер 60 мемлекеттің ішінен өздеріне ыңғайлы бір мемлекетке саяхат жасай алады. Ең танымал мемлекеттер қатарына: Түркия, БАӘ, Египет, Тайланд, Сингапур, Индонезия, Қытай, Чехия, Болгария, Италия, Франция, Испания, Германия, Венгрия және т.б. кіреді.
Саяхаттың мақсаты бойынша турлар:
Жағажайлы турлар (Тайланд, Малайзия, Хайнань, Европа елдері)
Экскурсиялық турлар (Европа елдері,Тайланд, Қытай)
Емдік турлар (Қытай, Чехия, Германия, Корея)
Оқу турлары (Малайзия, Ұлыбритания, Австралия)
Гострономикалық турлар (Қытай, Тайланд)
Шоп турлар (Турция, Дубай, Қытай)
Оқиғалы турлар (жәрмеңкелерге, фестивальдарға бару, Қытай, Европа елдері)
Осы көрсетілген барлық бағыт және саяхат мақсатына қарай ЖШС «Фараб» туристтік агенттігі туристерді қалаған жағына жибере алады. Практика кезінде байқаған жәйт, Қазақстан азаматтарының көбі Түркия, Тайланд, Хайнань, Дубай , ГОА елдеріне сұраныс жасайды екен[5].
ЖШС «Фараб» халықаралық туристтік компаниясының басты мақсаты туристке ұсыныс жасау емес, оған нақты және толық ақпарат беру болып табылады.
Туристтік агенттікке келген туристтен алынатын ақпарат:
Ұшу қаласы
Саяхат жасау бағыты
Саяхаттың мерзімін жоспарлауы
Адам саны (балалар жасы жазылуы керек)
Орналастыру, номер саны
Қонақ үй дәрежесі
Бюджетті жоспарлауы (саяхатты қанша қаражатқа жоспарлап отырғаныңыз)
Туристердің субъективті талаптары
Осы сұрақтарға толығымен жауап алғаннан кейін,турды брондауға болады. Тур-тұтынушыға біртұтас таратылатын және туроператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір бағытқа және мерзімге арналған бірнеше туристік өнімдердің бірігуі.
Туристерді медициналық сақтандыру қызметі
Туристерді сақтандыру бұл азаматтардың туристік жорықтар, саяхаттар, круиздар және т.с.с. жол жүру кезінде олардың мүліктік мүдделерін қорғауды сақтандыруын қамтамасыз ететін сақтандырудың ерекше түрі. Компания «Альянс - полиc» сақтандыру компаниясымен келісім шарт негізінде жұмыс істейді[6]. Жалпы сақтандыру мәселесі туризм саласында өте маңызды. Тіпті кейбір елдерге сақтандырусыз виза берілмейді. Туристердің жеке сақтандырылуы – сақтандыру тәуекелді түрі болып табылады.
Оған тән сипаты:
-уақыттың қысқалығы
-анықсыздық жағдайларының үлкен дәрежеде болуы (сақтандыру жағдаяттарының мүмкін кезіндегі келтіретін зияндар)
Сақтандыру жағдайлары:
1. Жазатайым жағдайлардын сақтандыру
2. Аурулардан сақтандыру
3. Қайтыс болу немесе өлуден сақтандыру
Халықаралық бөлiм барлық еуропалық және бiрнеше азиялық елдерге сапарлар ұйымдастырылады. Егер бұл еуропалық ел болса, оның ішіндегі ең сұраныс коп Франция, Германия, Италия, Испания мемлекеттері болып табылады. Жазғы мерзiмде әлемнің түкпір-түкпірне турлар ұйымдастырылады. Таиланд, Кипр, Хайнань аралдары көбінесе қысқы мерзiмге бағытталған; ең үлкен сұраныстың күзгi және көктемдегi мерзiмдерiнде Испания, Родос Аралы, Скандинавияларды пайдаланады, Сицилия. Көктемдегi мерзiмге: (ақпан). Азиялық елдер Түркия және тағы басқалар.
Визалық бөлім құрылымы.
Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің ережесі бойынша Қазақстан Республикасына кірушілер мемлекетке кіру үшін виза жасау керек. Туристік немесе бизнес-визалар өз мемлекетерінде орналасқан Қазақстан елшілігінде беріледі. Егер, мемлекетте Қазақстан елшілігі болмаса, компанияның арнайы шақырылуымен Алматы және Астана қаласының әуежайларынан алуға болады[9].
Визаны келесідей жіктейміз:
Шығу
Кіру
Транзиттік
2.Кіру
3.Транзиттік
Тағайындалуына байланысты: 1.Туристік
2.Қонақтық
3.Қызметтік
Саяхат санына байланысты: 1. Бір мәртелік
2.Көп мәртелік
Виза рәсімдейтін тұлға санына байланысты: 1. Жеке тұлға
2. Топтық
Визалық қолдауды ұйымдастыру үшін келесідей мағлұматтар керек: тегі, аты(ағылшын және орыс тілінде), туылған күні және орны, азаматтығы, ұлты, паспорт нөмірі, паспорттың берілген және жарамдылық мерзімі, жұмыс істеу орны және қызметі, тұрғылықты жері, визаны алу орны, ҚР-на келіп-кету мерзімі, вианың ұзақтығы, келу мақсаты, ҚР-да тұрақтайтын орны, маршруты, әуе компаниясының аты, рейс №.
3.2 Өндірістік практика кезінде атқарылған жұмыстар
Қазақстанның байлығы әртүрлі, әр алуан және қайталанбайды, осыған негіздене отырып, «Complete Service» компаниясы, Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі мен мақтанышы болып табылатын, бірегей орындар мен объектілерді көруге және аралауға арналған әртүрлі турлар мен маршруттарды әзірлейді.
“Complete Service” компаниясы өзінің тұтынушыларына ұсынатын, бірнеше стандартты маршруттар әзірледі. Олардың әрқайсысы тапсырыскерлердің талаптары бойынша өзгертіле алады, сонымен қатар қонақтардың барлық талаптары мен тілектеріне максимал жауап бере алатын, мейлінше жаңа турлар мен маршруттар құрастыруға болады. 2011 жылдың ішінде компаниямен 700 шетелдік туристерге қызмет көрсетілді, 2009 жылы – барлығы 150-ге жуық болатын.
«Фараб» халықаралық туризм агенттігінде дәл қазіргі уақытта жүріп жатқан арнайы ұсыныстар:
Наурыз – көктемгі мейрамдар мен ерекше көңіл – күйдің маусымы. Сондықтан да бұл турагенттік осы маусымды өз отбасымен, достарымен жақсы өткізуге мүмкіндік жасап отыр. 22 наурыз бен 4 сәуір аралығында туристерге өте қолайлы турлар ұсынады:
22 наурыз мерекесіне орай Ташкент қаласына эксклюзивті тур
Хайнань аралына 22 наурыз – 2 сәуір аралығындағы көктемгі демалыс
Таиланд! Паттая қаласына 21 наурыз – 1 сәуір аралығындағы көктемгі демалыс
Үндістан! 17 – 24 наурыз аралығындағы демалыс
Вьетнамға 20 – 29 наурыз аралығындағы демалыс
Еуропаның Прага, Париж, Милан қалаларына эксклюзивті шоп – тур. 15 ақпан – 12 наурыз
Стамбул қаласына экскурсиялық тур. 7 – 10 наурыз
Пекин қаласы мен Хайнань аралына жалпы тур. 22 ақпан – 2 наурыз
Литваға емдік тур (курорт ДРУСКИНИНКАЙ)
Мальдив аралдарына демалыс. Biyadoo Island Resort 3*, Standard, 1 – 7 наурыз
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келетін болсақ, Қазақстан туризм саласында көшбасшы болуға мүмкіншілігі жоғары мемлекет болып табылады. Еліміздің туристік нарығында бәсекеге қабілетті мүмкіндіктері оның туризм саласындағы болашағын айтады.
Елімізде туризм перспективті бағыт болып табылады және экономика саласында жеті ұлттық беделді кластер құрамына енеді.Қазіргі кезде туризмге көп көңіл бөлінуде.Заманауи этапта туризм саласына мемлекеттік деңгейінде көптеген көңіл бөлінуде.Осы себептен туризм үшін мемлекет 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалды және осы бағдарлама бітуге жақын қалғанда, Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды.Осы бағдарламалар туризм саласы еліміздің экономикасының басты қаржы көзіне айналдыруға және еліміздің имиджін көтеруге,туризм сфреасы арқылы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауына өз себептігін тигізетініе сеніп отыр.Бұл бағдарламалар өз нәтижелеріне жоғары деңгейде болмаса да еліміз үшін пайдасын тигізді.
Қазақстан туристік ресурстарға бай. Қазақстанның табиғи рекреациялық әлеуеті,ұлттық дәстүрі мен ерекшелігі,менталитеті шетел туристерін өздеріне тартады.Осындай бар мүмкіншілікті пайдала алсақ,туризм Қазақстан үшін экономика дамуының басты бағыттарының бірі болар еді.Осындай жетістікке жетіп,өз саласында көшбасшы болуға ұмтылыс жасаау үшін,мемлекетіміз шетел елдері тәжірибесіне сүйенсе,тек мемлекет үшінде ғана көшбасшы атанбай,халықаралық деңгейге дейін көтеріле алар еді.Бірақ Қазақстандағы туризм дамуы халықаралық дамуға сәйкес келмейді.Бұның басты себебі,елдегі кіру және ішкі туризмді дамытуға емес,шығу туризмін дамытуға негізделген.Өйткені елімздегі туристік фирмалардың көбі шетелге ел азаматтарын шығару үшін жұмыс жасайды.Оларға шетелдік туристі елге шақырғаннан гөрі,ел азаматтарын шетелге шығару пайдалы болып келеді.Себебі,шетел туристерін шақыратындай елімізде олардың қажеттілігін толықтай қанағаттандыратын туристік ресурстар пайдаға жаратылмай отыр.
Әрине,қазақстандық туризм индустриясында мәселелер әлі де көп.Бірақ ұсынған ұсыныстарды жүзеге асыру,шетелдік және отандық тәжірибені дәлелдейді және халықаралық туризм Қазақстан экономикасының эффективті бөлігі болып саналады.Егер туристік индустрия ҚР өз дамуын әлемдік деңгейде жетсе,кәсіби мамандарды дайындау жоғары деңгейге көтеріледі.
Туризм еліміздің болашақтағы дамуы жоғары және табысы мол сала екеніне көзіміз жетті.Сондықтан Қазақстан туризмі өз даму жолын тұрақты түрде тапса,қазіргі кездегі елімізде дамыған басқа салаларға әлем елдерінің қызығушылығы артып,елімізбен қарым-қатынас жасай бастаған шара сияқты,еліміздің туризм саласы да әлем елдері таң қалдыратын салаға айналады.
Қазіргі кезде Қазақстан әлемдік туристік нарықта үлкен орын алуға мүмкіндігі бар. ҚР – ның туризм және спорт агенттігінің қорытындысы бойынша 2008– 2009 жылғы туризм концепция бойынша ел экономикасына 3 жағымды әсер ете алады.
ел қазынасына шетел валютасының келу ағымын ұлғайтады,;
жұмыс орындарын көбейту (ДТҰ – ның және Бүкіләлемдік саяхат және туризм ұйымының есебі бойынша әрбір 5 тен 9 дейінгі жұмыс орындарын көбейтеді, тікелей немес жанама түрде экономиканың 32 бағытына әсер етеді);
ел инфрақұрылымы деңгейінің өсуіне ықпал етеді.
Қазіргі кезде отандық туристік фирмалардың көбі тұтынушылардың сұранысының төмендеуі,өндіретін өнімдер арасындағы жоғары бәсекелестік фирмалардың шетелдік туристердің келуіне және отандық туристік рекреациялық ресурстарымен жұмыс істей бастады.Бұл өз кезегінде туристік салада оқыған мамандарға сұраныс туғызады.Егер туристік индустрия ҚР өз дамуын әлемдік деңгейде жетсе, кәсіби мамандарды дайындау жоғары деңгейге көтеріледі.
Бүгінгі күні «Complete service» ХТК туристік компаниясы Қазақстан Республикасы бойынша көшбасшы болып табылады. Он үш жылдық тәжірибесінің арқасында көптеген жетістіктерге жетіп, танымал дылыққа ие болды. Бұл үшін фирма сапалы өнімдерін нарық жағдайының маңызды факторы ретінде нарық сегментінің кеңеюіне, фирманың гүлденуіне, пайданың өсуін қамтамасыз етіп отырды, жалпы жеке мүдделік тұрғыда пайданы жоғарылатуға тырысты. Өзінің қызмет атқару кезінде компания келесідей жетістіктерге ие болды:
«Complete service» ХТК туристік фирмалардың іс-әрекетінің тәуелсіз қолдану экспертизасының нәтижесі бойынша 2004 жылы Алматы қаласы бойынша үштіктің қатарына кірді.
2006 жылы маусым айында “Complete service” ХТК “Ең Жақсы репутациялы туристік компаниялар” нәтижесі бойынша 1 орынға ие болды. Осы жылы компания “Алматы бизнес элитасы” Алтын Кітабына кірді.
Биылғы жылы ақпан айында Туркия мемлекетінде өткен халықаралық туризм көрмесінде “Complete service” ХТК бірінші орынды еншіледі.
Қазақстандық туризм индустриясында мәселелер әлі де көп.Бірақ ұсынған ұсыныстарды жүзеге асыру,шетелдік және отандық тәжірибені дәлелдейді және халықаралық туризмді Қазақстан экономикасының эффективті бөлігі болып саналады. Қазақстан үшін туризм экономика дамуындағы басты бағыттың бірі болып саналады. Сондықтан, жұмыла елдегі туризмнің дамуына ат салысу керек.
Қосымша
Стамбул қаласына экскурсиялық тур. 7 – 10 наурыз
1 күн 07 наурыз |
Стамбул қаласына келу. Отельге трансфер. Қонақүйге орналастыру |
2 күн 08 наурыз |
Отельдегі таңғы астан кейін: Теплоходта Босфор бұғазы бойынша күндізгі серуен /2 сағат/ "Мини Турция" паркіне бару; Бос уақыт |
3 күн 09 наурыз |
Таңғы астан кейін тарихи орындарға экскурсия: Көк мешіт; Ипподром; Әулие София шіркеуі; Топкап Сұлтандарының сарайы; Алтын базарға бару; Бос уақыт |
4 күн 10 наурыз |
Таңғы астан кейін бос уақыт. Әуежайға трасфер |
Турдың 1 адамға арналған бағасы /2 орынды номер/
3* ҚҮ 366$ 1 адамға 2 орынды номер;
4* ҚҮ 395$ 1 адамға 2 орынды номер ;
5* ҚҮ 545$ 1 адамға 2 орынды номер.
Турдың құнына кіреді:
Отельде тұру және таңғы ас;
2 жаққа да топтық трансфер;
Бағдарлама бойынша орыс тіліндегі экскурсия;
Мұражайға кіру билеттері.
Турдың құнына кірмейді:
Алматы-Стамбул-Алматы әуетасымалы;
Қосымша экскурсиялар;
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Дуйсен Г.М. "Основы формирования и развития индустрии туризма в Казахстане", Алматы, 2002, 80-89 беттер.
Ердавлетов С.Р. "География туризма Казахстана", Алматы, Гылым, 1992, 192 бет.
Дихтль Е., Хершген Х. Практический маркетинг. - М.: ИНФРА-М «Высшая школа», 1996.- 255 с.
Ф. Котлер Маркетинг негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Жазушы, 2000
ИСО 9000-2000 «Сапа менеджментінің жүйесі. Негізгі ережелер мен сөздіктер халықаралық стандарты.
«Сапа басқару және сапаны қамтамасыз ету» ТК-176
Қазақстан Республикасының Туризмді дамыту тұжырымдамасы» Астана 2001 жыл.
Жүнісов Б, Мәмбетов Ұ, Байжомартов Ү. "Нарықтық экономика негіздері", Алматы, 1994, 160-170 беттер.
Гладкий Ю.Н; Лавров С.Б. "Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы", Алматы, 2001, 96-97 беттер.
Ахметов К.Ғ; Сағындықов Е.Н; Байжомартов Ү.С; Жүнісов Б.А. "Менеджмент негіздері", Ақтөбе, 2005,264-266 беттер.
www.farabtourizm.kz