
- •География және табиғатты пайдалану факультеті
- •Өндірістік практика бағдарламасы («050902 – Туризм» мамандығы)
- •Алматы 2013
- •1 Жшс «фараб» халықаралық туризм агенттігі
- •2 Жшс «фараб» халықаралық туризм агенттігінің ұйымдастырушылық–басқарушылық сипаттамалары
- •2.2 Кәсіпорынның бәсекелес ортасын талдау
- •3 «Фараб» халықаралық туризм агенттігінің тұтынушыларына қызмет көрсетуі
2 Жшс «фараб» халықаралық туризм агенттігінің ұйымдастырушылық–басқарушылық сипаттамалары
2.1 «Фараб» халықаралық туризм агенттігінің кадрлық саясаты
Кадрлық саясат – бұл кәсіпорынның ағымдағы кадрлық саясаттың барлық аспектілерін сипаттайтын, барлық жоғары басшылар қол қойған жазбаша құжат. Бірақ кадрлық саясат сол ұйымның өмір сүруінің мағынасы болып табылады. Жақсы кадрлық саясат ұйымның негізгі коммерциялық немесе функционалдық мақсаттарынан шығады және оларды көрсетеді.
Кадрлық саясаттың аспектілерінің бірі қауіпсіздік техникасы және персоналдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Кадрлық саясаттың басқа аспектілері қызметкерлерді ұйымның жұмысына тарту бойынша арнайы іс-шаралар: ұйымның алдағы жоспарларын жасауға қатысулары және оларды басшылардың қабылданған шешімдері туралы қажетті ақпаратты беру болып табылады.
«Фараб» халықаралық туризм агенттігінде төмендегідей қызметкерлер жұмыс істейді (Сурет 1):
Директор
Директордың орынбасары;
Бас бухгалтер;
Билеттерді брондау және сату бөлімінің меңгерушісі;
Маркетинг бөлімі бойынша меңгеруші;
Визалық бөлім меңгерушісі;
Менеджерлер.
Директор
Бас
бухгалтер
Директордың
орынбасары
Билеттерді
брондау және сату
меңгерушісі
меңгерушісі меңгерушісі
Виза
бөлімінің меңгерушісі
Маркетинг
бөлімі бойынша меңгеруші;
Менеджерлер
Сурет 1 «Фараб» халықаралық туризм агенттігінің ұйымдық құрылымы
Компания қызметкерлері – бұл кәсіби дайындалған және тәжірибелі мамандар, олар әрқашан жоғары дәрежедегі туристік қызмет көрсетуге дайын.
Жақсы кадрлық саясат деп – ұйымның персоналға қатынасындағы және жоспарлары мен жұмыс күшін пайдаланудағы саясаттың әртүрі аспектілерін біріктіретін жалпы кадрлық стратегия. Ол ұйымның нарық технологияларының және талаптарының өзгеруіне бейімделу қабілетін жоғарлату керек.
2.2 Кәсіпорынның бәсекелес ортасын талдау
Ұйымның бәсеке қабілеттілігі дегеніміз – оның салынған капиталды аз уақыт кезеңін қойылған мақсаттан төмен емес табысты әкелу қабілеттілігі немесе табыстылықты аз уақыт кезеңінде сәйкес кәсіптік аясындағы орташа статистикалық табыспен салыстырғанда жоғарлату. Жалпы түрде бәсеке қабілеттілік – бұл ұйымның аз уақыт кезеңінде жұмыс істеуі.
Келесі маңызды ұғым – ұйымның бәсекелестік потенциалы, бұл оның ұзақ кезеңінде бәсеке қабілетін жоғарлату немесе сақтауының потенциалды мүмкіндігі[2].
Ұйымның бәсекелік потенциалын (бар бәсеке қабілеттілігін болашақта сақтау мүмкіндігі) әртүрлі бағалауға болады. Бәсекелік потенциалды көтеретін факторлар ретінде келесілерді көрсетуге болады:
Жоғары нарықтық үлес
Нарықтық үлестің жағымды динамикасы
Ұқыпты жасалған және іске асырылған стратегиялар
Оның өнімнің тұтынушылар арасындағы фирманың жоғары рейтингі
Престиждің жағымды динамикасы
Компанияның тиімді позициаланған стратегиялық топқа жатуы
Қажетті қаржылық ресурстардың болуы
Таурдың кең номенклатурасы
Бағалық артықшылықтар
Рентабілдік, технологиялық деңгей инновациялық потенциал, қызметтердің жоғарғы кәсіби деңгейі.
Бәсеке қабілеттілігі және бәсекелік потенциалды бағалау процедураларсы соңғы ақпараттың құрамына және таңдалған есептесудің әдісіне тәуелді.
Кәсіпорынның бәсекелестігі артықшылықтарын анықтай отырып, оның мықты және осал жақтарын табуға болады.
Ұйымның бәсекелік артықшылықтрын қамтамасыз ететін факторлардың екі тобын бөлуге болады – бұл ресурстардағы артықшылық (жоғары сапа, төмен бағалар және тағы басқалар) және білімділік, шеберлік (ұйымның барлық тиімді орындалған қызмет түрлерімен, оның барлық қызметтерінің жұмысымен байланысты).
Ұйымның мықты жақтарына мыналарды жатқызуға болады:
Қажеттілік қаржылық ресурстардың болуы;
Бәсекелес күресті кәсіби жүргізе алуы;
Өндірістік және маркетинг масштабтарын толық пайдалану және үйрену;
Өзіндік технологиялардың бар болуы;
Төменгі шығындар;
Сенімді және кәсіби менеджмент;
Ұйымның осал жақтарына келесілерді жатқызуға болады:
Төмен табыстылық;
Операцияларды басқарудағы кемшеліктердің болуы;
Тауарды жанартудан артта қалу (мысалы, жаңа маршруттарды жасау);
Өткізудің төмен каналдары;
Бәсекелестерге қарағанда өзіндік құнның жоғары болуы.