Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktika_otchet_NAA.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
378.37 Кб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География және табиғатты пайдалану факультеті

Рекреациялық география және туризм кафедрасы

Өндірістік практика бағдарламасы («050902 – Туризм» мамандығы)

Іле-Алатауы Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі

Орындаған 4 курс студенті _________________Сундетова А.А

_________________ Мақашова А.Т

__________________Какибаева Н.С

(қолы, күні)

Норма бақылаушы __________________ Чабаева Б.Қ

(қолы, күні)

Алматы 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...........................................................................................................

1 Іле-Алатауы Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі......................................

1.1 Іле-Алатауы Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркіне жалпы сипаттама.........................................................................................................

1.2 Іле-Алатауы Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркінің туризм жағдайы

2 Іле-Алатауы Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркіне ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ–БАСҚАРУШЫЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

2.1 Іле-Алатауы Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркіне кадрлық саясаты .............

2.2 . Кәсіпорынның бәсекелес ортасын талдау.............................................

3 «ФАРАБ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ АГЕНТТІГІНІҢ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУІ...........................................

3.1 Тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру мен технологиясы..

3.2 Өндірістік практикада орындалған жұмыстар........................................

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................

ҚОСЫМШАЛАР.............................................................................................

КІРІСПЕ

Тәжірибенің негізгі мақсаты кәсіби, экономикалық, психологиялық, ұйымдастырушылық пәндерден алған теориялық білімді тұрақтандыру және тереңдету, студенттердің менеджмент облысында өздік тәжірибелік білім алып, ұйымның тәжірибесін қарастыру мен кәсіпорынды басқаруды үйрену.

Заманауи басқарушыға қойылатын адаптациалық мобильділік, творчествалық ой секілді талаптарды ескерсек, міндет тек практика өткізілген кәсіпорынның тәжірибесін қарастыруда ғана емес, сонымен бірге оның жұмысының алға басуына септігін тигізетін ұсыныстар мен өзінің ойларын жеткізуінде болып табылады.

Өндірістік практика студенттердің кәсіби дайындығының басты кезеңі болып табылады. Өндірістік іс-әрекет негізінде студент болашақта қажет болатын туризм мамандығына қажетті терең және нақты білім алады, іскерлікке үйренеді.

Туризм дүние жүзі бойынша қоғамда және экономикада ерекше бір мәнге ие. Туризм сөзін естігенде біздің көз алдымызға ең алдымен бір немесе бірнеше адамдардың өзара ұйымдасқан саяхаты, қонақ үйлер елестейді.

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді бағдарламасында туризмнің дамытылуын, әрбір ауданда туризмге қажетті обьектілерді қорғау, ел экономикасын жақсарту айтылған. Сондықтан туризмді дамытудың негізгі нысаны республика экономикасының дамуына туризм арқылы кіріс кіргізу және халықаралық туризм деңгейіне сай сапалы қызмет жасау болып табылады. Бүгінгі күнде бұл тапсырмаларды туризмнің дамуы мен әр аудандағы туристік-рекреациялық потенциалды пайдалану арқылы шешу керек.

Туризмді дамытудың негізгі мәселелері республикамыздың аудандарында кездеседі. Сол сияқты Алматы облысында, яғни мұнда практикалық тұрғыдан алып қарағанда туристік-рекреациялық қатынастар негізделген. Ал қазіргі уақытта облыс біріншіден, өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғарғы көрсеткішімен танылады, яғни өнеркәсібімен алда келе жатқан облыс, екіншіден туристік-рекреациялық потенциалы бар. Ол рекреациялық потенциал барлық жағынан зерттеуді, сол салаға қолдануды қажет етеді.

Туризм – экономиканың табысты бағыты ретінде танылған сала. Оның маңыздылығын еске ала отырып Елбасы Н.Ә.Назарбаев туризм саласының дамуына үлкен көңіл бөлуде. 2011 – 2014 жылдары туризмді дамыту бағдарламасы қабылданды. Ол керемет табиғи ресурстарды, тарихи, мәдени мұраларды сақтауға және тиімді пайдалануға, туристік индустрияны табысты дамытуға бағытталған. Сыртқы және ішкі туризмді дамыту мемлекеттік саясаттың туризм саласындағы маңызды міндеті болып саналады. Ғасырлар қойнауына бойлайтын көне тарих пен бүгінгі индустрия жымдаса жарасып, ескі мен жаңаның қайталанбас көркем оюын кестелейді. Көгілдір суы көбіктенген көптеген көлдер, өзендер, көне қорғандар, мазарлар, қоныстар бар. Өлкеміз республиканың аса ірі индустриялды аймағы.

«Фараб» халықаралық туризм агенттігінің сенімді және сапалы қызметін жоғарғы денгейде ұсынады. Бұның басты себебі ең бірінші кезекте туристердің күннен-күнге «Фараб» халықаралық туризм агенттігінің қызметін қолдана отырып, өздерінің ойлағандай қолайлы бағамен кепілдік алуында.

Туристік мекеме кешенді турларды, жеке туристік қызметтерді құру және сатумен, жол жүру құжаттарын сатумен, туристерді сақтандырумен, жол көрсеткіштерімен ескерткіштері сатумен айналысады. Туристік мекемелерді құру және олардың қызметі әр елдің заңымен реттеліп отырады. Нашар дамыған инфрақұрылым, облыстағы туробъектілердің материалдық-техникалық базасы, кәсіптік кадрлардың, туристік қызмет рыногына қатысушылар арасында тығыз өзара байланыстың болмауы, халықаралық деңгейде имидждік компанияның жеткіліксіз жүргізілуі – бұның бәрі өңірде туристік саланың қалыптасуына кедергі болады.

Өндірістік практиканың зерттеу объектісі ретінде – ЖШС «Фараб» халықаралық туризм агенттігі алынды. Өндірістік практиканың мақсаты – жалпы кәсіби және арнайы іс-әрекеттер негізінде білім мен иекемділікті бекіту. Мақсатына байланысты келесідей міндеттер пайда болады:

- компания туралы жалпы мағлұмат жинау;

- туристік компанияның ұсынатын қызмет түрлерімен танысу;

- бөлімшелер жұмысымен танысу;

- ұжымдағы жұмыс істеу қабілетін жоғарылату;

Кәсіпорынның аты, мекен-жайы, тәжірибе өткізілген мерзім

Тәжірибе Алматы қаласы, Фурманова, 174Б мекен жайында орналасқан «Фараб» халықаралық туризм агенттігі 07.01.2013 ж. – 16.02.2013 ж. аралығында өткізілді. Тәжірибе өту нәтижесінде есеп жасалынды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]