
- •«Экономикалық – географиялық мәселелер» пәні бойынша
- •5В011600 - «География» - мамандығына арналған
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.2. Пән : «Экономикалық – географиялық мәселелер»,
- •Оқу жоспарынан үзінді
- •1.5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •1.7 «Экономикалық – географиялық мәселелер» пәні бойынша тапсырмалар орындау, тапсыру графигі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі
- •1.9 Бағалау туралы ақпарат
- •Студенттердің білім тексеру рейтинг шкаласы
- •1.10 Курстың саясаты мен жүргізілуі:
- •«Экономикалық – географиялық мәселелер» пәні бойынша оқу - әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •Дәрістік сабақтардың тезистары
- •1998 Жыл (ақш доллары)
- •Дүние жүзіндегі резервтік валюта құрылымы, % есебімен
- •Ірі ұлтаралық бірлестіктер
- •2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
- •2.4 Зертханалық жұмыстар оқу жоспары бойынша жоқ.
- •2.5 Студенттердің оқытушылармен өзіндік
- •1 Тақырып. Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымы
- •2 Тақырып. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының орналасу модельдері
- •3 Тақырып. Өнеркәсіптің орналасу моделдері
- •4 Тақырып. Қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасу моделдері
- •5 Тақырып. Көлік пен байланыс жүйесінің салалық құрылымы
- •6 Тақырып. Дүние жүзінің табиғи жағдайлары мен табиғат ресурстары
- •2.6 Студенттердің өздігімен орындайтын жұмыстары негізіндегі сабақтар
- •1 Тақырып. Халықтар географиясы
- •2 Тақырып. Қала типтері
- •3 Тақырып. Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияның теориялық негіздері
- •4 Тақырып. Табиғат ресурстары мен табиғатты пайдалану географиясы
- •5 Тақырып. Шаруашылық географиясы
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары рефераттар тақырыптары
- •2.7. Сабақтардың бағдарламалық және мультимедиялық қамтылуы
- •Өзін тексеруге арналған тесттік тапсырмалар
- •Курс бойынша емтихан сұрақтар.
- •Мазмұны
- •5В011600 – «География» - мамандығына арналған
- •100012, Қарағанды, Гоголь көшесі, 38
2.4 Зертханалық жұмыстар оқу жоспары бойынша жоқ.
2.5 Студенттердің оқытушылармен өзіндік
жұмыстар аясындағы сабақтар жоспары (СОӨЖ).
1 Тақырып. Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымы
Тапсырма: шаруашылықтың секторлық және салалық құрылым (алғашқы, екінші және үшінші секторлары) схемаларын құру. Шаруашылықтың белгілі секторына салалардың қандай топтары кіретінін білу маңызды. Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымдары арасындағы айырмашылықтарды түсіндіру.
СӨОЖ өткізу түрі: қарастырылатын тақырыптары мен сұрақтардың негізгі терминдерімен ұғымдарын талдау. Берілген тақырып бойынша студенттердің жазба жұмыстарын талдау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: дәрістер мен әдебиеттер көмегімен шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымдарын анықтау және осы құрылымдардың жекелеген схемаларын құру (өзіндік үлгі). Схемалардың жазбаша талдауын беру. Кесте түрінде сипаттама беру. Кестенің ұсынылатын үлгісі
Секторлар |
Шаруашылыққа кіретін салалар |
Алғашқы сектор |
|
Екінші сектор |
|
Үшінші сектор |
|
Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
2 Тақырып. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының орналасу модельдері
Тапсырма:
1. Дәптерге И.Тюненнің моделін салу
2. А.Ю.Скопиннің моделіне талдау беру
СӨОЖ өткізу түрі: әртүрлі авторлардың ауыл шаруашылық кәсіпорындарының орналасу модельдерімен танысу. Модельдерді сипаттау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: негізгі әдебиеттер көмегімен дәптерге И.Тюнен мен А.Ю.Скопиннің моделін салу. Жазбаша түрде нқты талдауын беру. Олардың айырмашылықтарын анықтап, салыстырмалы талдауын беру. Талдау кезінде сұрақтарға жауап беру. Тюнен мен Скопин модельдерінің шарттары мен кеңістіктік құрылымы қандай ? Терминдер мен ұғымдардың жазбаша анықтамалығын беру.
Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
3 Тақырып. Өнеркәсіптің орналасу моделдері
Тапсырмалар: берілген тақырып бойынша баяндамалар дайындау.
СӨОЖ өткізу түрі: әртүрлі авторлардың өнеркәсіптің орналасу моделдерімен танысу. Моделдерді сипаттау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: негізгі әдебиеттер көмегімен дәптерге Вебердің бір шикізат көзіне және бір өткізу нарығына, екі шикізат көзі мен бір өткізу нарығына арналған моделін салу, Вебердің өнеркәсіп штандорты теориясын оқу. Жазбаша түрде нақты талдау беру. Тақырып бойынша баяндамалар дайындау. Баяндама көлемі компьютерлік баспамен 2-6 болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Баяндама дайындау барысында Вебер моделіндегі орналасу шарттары мен принциптері қандай ?
Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.
4 Тақырып. Қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасу моделдері
Тапсырмалар: берілген тақырып бойынша рефераттар дайындау.
СӨОЖ өткізу түрі: қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасу моделдерімен танысу. Моделдерді талдау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: негізгі әдебиеттер көмегімен дәптерге неміс ғалымы Вальтер Кристалердің қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасуының классикалық зерттеу теориясының сипаттамасын беру. Тақырып бойынша рефераттар дайындау. Реферат көлемі компьютерлік баспамен 13-18 бет болуы керек. Шрифт – Times New Roman, шрифт көлемі – 14 кегль, жоларалық интервал – біреу. Реферат жазу барысында тақырыпты ашып, қала рангымен Кристаллердің орталық орындар теориясымен қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының орналасу сәйкестігін түсіндіру керек.
Ұсынылатын әдебиет: (1.7) дәрістік материалда берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану.