- •§1. Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен жабдықталуы
- •§2. Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар
- •§3. Бұрғылау қондырғыларының параметрлері және жіктелуі
- •§4. Терең барлау және пайдаланушылық бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғылары
- •4000 Метрге дейін бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамалары
- •4000 - 15000 Метрге дейін бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғыларының техникалық сипаттамалары
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Шарошкалы қашау
- •§ 3. Қалақшалы және алмаз қашаулар
- •§1. Арналауы, құрамы және негізгі талаптар
- •§2. Жетек құбырлар
- •§3. Бұрғылау құбырлары
- •§4. Ауырлатылған бұрғылау құбырлары
- •§5. Құбырлардың бұрандалы байланысы
- •§6. Бұрғылау құбырларының материалы
- •§1. Арналуы, жабдықталуы, негізгі талаптар
- •§2. Шегендеу құбырлары
- •§3. Ұңғыма конструкциясы және шегендеу құбырларының диаметрі
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Орналасуы және жұмыс істеу шарттары
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Құрылғысы және конструкциялық ерекшеліктері
- •§3. Ұршықтың негізгі параметрлерін таңдау
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Кронблоктар
- •§3. Тәлді блоктар
- •§4. Кронблоктар мен тәл блоктарының шкивтері
- •§5. Ілмектер және арнайы ілгіштер
- •§6. Тәл арқанының қозғалмайтын ұшын бекітетін құрылғы
- •§7. Тәл механизмдерін жабдықтау
- •§1. Өлшемдері, негізгі параметрлері, конструктивті және технологиялық ерекшеліктері
- •§3. Тәл арқандарын айырбастау
- •§1. Негізгі талаптар мен классификациясы
- •§2. Құрылғылары, кинематикалық схемалары және техникалық сипаттамасы
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§ 2. Бұрғылау шығырының таспалы тежегіші
- •§3. Таспалы тежегіштерге арналаған материалдар
- •§7. Бұрғылау шығырының гидродинамикалық тежегіші
- •§10. Электромагнитті тежегіштер
- •§1. Арналуы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау сораптарының құрылғылары
- •§3. Пневмокомпенсаторлар
- •§4. Сақтандырғыш қақпақша
- •§1. Арналуы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау сұйықтықтарын дайындау және ауырлату құрылғылары
- •§3. Циркуляциялық жүйенің тазалау құрылғылары
- •§4. Сору желілері және манифольд
- •§5. Циркуляциялық жүйенің құрамы және технологиялық сұлбасы
- •§1. Арналуы, классификациясы және негізгі талаптар
- •§2. Бұрғылау қондырғыларының қозғалтқыштары
- •§3. Күштік берілістер және агрегаттар
- •§1. Жалпы мәліметтер
- •§2. Тұрақты муфталар
- •§3. Ілінісу муфталары
- •§4. Электромагнитті муфталар
- •§1. Бұрғылау мұнаралары. Жалпы мәліметтер және құрылғылары
- •§2. Бұрғылау қондырғыларының негізі. Құрылғылары және жалпы мәліметтер
- •§1. Жалпы мәліметтер, негізгі талаптар және құрамы
- •§2. Превенторлар
- •§3. Лақтыруға қарсы жабдықтың типтік сұлбасы
- •§4. Лақтыруға қарсы жабдықты басқару
§6. Тәл арқанының қозғалмайтын ұшын бекітетін құрылғы
Тәл механизмдерінде тәл арқанының қозғалмайтын ұшын бекіту үшін бірнеше типті құрылғы қолданылады. Қарастырылып отырған қондырғы негізгі атқаратын міндетімен бірге тәл арқанын босату және ауыстыруды тездетуді қамтамасыз етеді.
Тәл арқанының қозғалмайтын ұшын бекітетін механизмдер (7.10-сурет) жүккөтергіштігімен ерекшеленеді және тұрықтан тұрады, онда иінтеркпен 4 өс 7 және тербеліс мойынтіректері 8 орналасқан. Иінтіректе тәл арқанын 5 бекіту үшін коникалық барабан 6 мен қыспақ 3 орнатылған. Өсте 9 орналасқан коникалық барабанның мойынтіректе 10 айналуының арқасында арқан барабанда оңай және сырғанаусыз жылжиды, бұл арқанды босату мен ауыстыру уақытын қысқартады. Иінтіректе бекітілген планкалар 12 барабанның айналу кезінде арқан орамдарының перехлестываниядан ұстап қалады.
Арқандарды босатқаннан және ауыстырғаннан кейін барабан тоқтатқыш саусақтың 11 көмегімен иінтірекпен қатты қосылады, ал арқанның бос ұшы қыспақтарға 3 бекітіледі.Осының нәтижесінде а қабырғасында арқанның қозғалмайтын ұшын тартатын Sн жылжымалы күш қ
Теңдік шарты бойынша датчикке әсер ететін күш иінтірек қабырғасына қатысты пропорционалды азаяды:
Рд = Sна/b.
7.10-сурет. Тәл арқанының қозғалмайтын ұшын бекітуге арналған механизм
Отандық бұрғылау қондырғыларында қолданылатын арқанның қозғалмайтын ұшын бекітуге арналған құрылғылардың техникалық сипаттамалары 7.4-кестеде көрсетілген.
7.4-кесте
Арқанның қозғалмайтын ұшын бекітуге арналған құрылғылардың техникалық сипаттамалары
Бұрғылау қондырғысы |
Ілмектегі рұқсат етілген жүктеме, кН |
Барабан диаметрі, мм |
Барабандағы орамдар саны |
Рұқсат етілген жүктеме, кН |
Өлшемдері, мм |
Массасы, кг |
|||
датчик ке |
бара банға |
ұзын дығы |
ені |
биік тігі |
|||||
БУ3000БД БУ3000БД-1 |
1700 |
750 |
4 |
60 |
340 |
1250 |
565 |
1175 |
860 |
БУ4000ДГУ БУ4000ЭУ |
200 |
750 |
4 |
62 |
340 |
1250 |
565 |
1175 |
860 |
БУ5000ДГУ-1 БУ5000ЭУ-1 |
2500 |
750 |
4 |
80 |
340 |
1250 |
565 |
1175 |
860 |
БУ6500ДГ БУ6500Э |
3200 |
750 |
3,5 |
80 |
340 |
1250 |
565 |
1175 |
860 |
БУ300ДЭ БУ300Э |
4000 |
930 |
|
200 |
380 |
1980 |
830 |
1395 |
1730 |
БУ15000 |
4000 |
930 |
|
200 |
400 |
1390 |
500 |
1285 |
1470 |
§7. Тәл механизмдерін жабдықтау
Ұңғы тереңдеген сайын көтеретін, түсіретін жүк салмағы ұдайы өсіп отырады. Шығыр қозғалтқышы ең үлкен салмақты көтеру немесе түсіру шартына байланысты алынады. Сондықтан, ол бұрғылау барысында тиімді пайдаланылмайды. Шығыр қозғалтқышының толық қуаты, ұңғының жобалық тереңдігіне жеткенде ғана пайдаланылады. Сондықтан палиспаст жүйесін қуат аз жұмсалатындай етіп алу қажет. Бұл тәл жүйесін әртүрлі жабдықтау (2х3; 4х5; 5х6; 6х7) арқылы іске асырылады. Осыған сәйкес бұрғылауды 2х3 жабдықтаумен бастап, тереңдеген сайын 3х4; 4х5; 5х6; т.с.с. жабдықтауға көшіріп отыру қажет.
Бірақ
тәл жүйесін жабдықтау өте күрделі және
көп уақыт алатын жұмыс, сондықтан тәл
жүйесін қайта-қайта жабдықтау оған
кететін уақыт (Тж)
бұрғылау аспабын көтеріп-түсіру
процесінен ұтатын уақыттан (Ттк)
аз болған жағдайда ғана тиімді. Егер
Тж
Ттк
болса, онда бұрғылаудың басынан- ақ
күрделі жабдықтауды қолданған тиімді.
Іс жүзінде әрқашанда Тж Ттк , сондықтан терең ұңғымаларда тәл жүйесін бір жабдықтау 4х5 (5х6) жабдықтаудан 5х6 (6х7)-ге ауыстырылады. Тәл арқаны, тәл жүйесіне әртүрлі схемамен өткізіледі. Жабдықтаудың қайсы схемасы болса да, арқан шығыр барабанына бір тегіс оралуы, барабан фланецінің қырларына тимеуі, арқан ішектері бір-біріне тиісіп қажалмайтындай етіліп оралуы тиіс.
Ұңғыларды бұрғылауда тәл жүйесін айқастыра жабдықтау кеңінен қолданылады. Онда кронблок өсі, шығыр барабаны өсіне параллель, ал тәл блогының өсіне перпендикуляр етіп орналасуы тиіс. Тәл жүйесін жабдықтауды төмендегідей ретпен жүргізеді. Арқан шумағын металл білікке орналастырып, оның шетіне кендір арқан жалғап, арқан ұшын тәл блогы мен кронблок шығыршығынан бір ізбен өткізеді. Содан кейін арқанның жылжымалы шетін шығыр барабанындағы арнайы тетікке бекітіп, арқанды барабанға 8-10 айналдыра орап, тәл блогын еденге түсіріп, тәл арқанының қозғалмайтын шетін арнайы механизмге бекітеді. Тәл арқанының жылжымайтын шетін бекіту және қайта жабдықтау кезінде жіберіп, беру үшін арнайы механизмдер қолданылады.
Тәл арқаны жұмыс істеу барысында біркелкі тозбайтындығы белгілі. Ең тез тозатын бөлігі жетек орам. Өндіріс жағдайларында тәл арқанының жұмыс істеу мерзімін белгілеу өте қиын. Сондықтан, оны жұмыс істеу барысында үнемі қадағалап отырады. Егер, төмендегі ақаулардың бірі байқала қалса, арқанды ауыстыру қажет: а) арқан иірмелерінің біреуі үзілсе; б) орам адымы 20 мм-ге дейінгі арқандарда үзілген сым саны 5%-тен көп, ал 20 мм-ден жоғары арқандар үшін 10% көп болса; в) арқан өзекшесінің үзілуі салдарынан иірмелерінің бірі жаншылса; г) арқан созылып немесе жапырылса және диаметрі бастапқы диаметрінен 75%-ке кішірейсе; д) сымдардың тозуы немесе коррозия әсерінен диаметрі бастапқы диаметрінен 40% немесе одан жоғары кемісе.
Тәл арқанын дұрыс пайдалану үшін кронблок пен тәл блогы шкивтерінің ойықтары арқан диаметріне сай болуы қажет және оған шұғыл салмақ түсірмеуге тырысу қажет. Тәл блогын көтеру және түсіру кезінде, қозғалу жылдамдығының өзгеруіне және арқан орамының бағытының ауысуына байланысты, арқанның барбаннан жоғары бөлігінде тербеліс байқалады.
Осы тербелістерді жою және арқанның шығыр барабанына тегіс оралуын қамтамасыз ету үшін арнайы тетік қолданылады.
1 - 4х5 жабдықтау; 2 - 5х6 жабдықтау; 3 - 6х7 жабдықтау; 4 - көтеріп түсіру жұиыстары автоматтандырылған мұнаралар үшін 5х6 жабдықтау
7.11-сурет. Тәл жүйесін жабдықтау схемасы
Тәл арқанын ауыстыру қажет болған жағдайда, ескі арқан шетін босатып жаңа арқан шетімен қосады. Шығыр барабаны айналған кезде ескі арқан ағытылып, шығыр барабанына оралады. Жаңа арқан өз білігінен ағытылып, тәл жүйесі шкивінен өтеді, оның ұшы барабанға оралған кезде екінші бос шеті бекітіледі. Содан кейін оны барабаннан ағытып, ескі арқанды ажыратады. Содан кейін ескі арқан шығыр барабанына ағытылып, жаңа арқан шеті барабанға бекітіліп, сосын барып оралады.
VIII бөлім
Тәл арқандары
