Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bagramov_perevod_tolygymen_bitken.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
16.87 Mб
Скачать

І Бөлім

Жалпы мәліметтер

§1. Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен жабдықталуы

Бұрғылау терең барлау және пайдалану ұңғымаларын айналдыру әдісімен бұрғылауға арналған. айналдыра бұрғылау технологиясы келесі негізгі операциялардан тұрады:

- жынысты бұзушы жабдықты ұңғыманың тереңдігіне байланысты айналдыру;

- ұңғыманы жуу және бұрғыланған жынысты жер бетіне шығару;

- ұңғыманың тереңдігіне байланысты бұрғылау тізбегін ұзарту;

- жынысты бұзушы жабдықты және түптік қозғалтқышты ауыстыру үшін бұрғылау тізбегін ұңғымаға түсіру және көтеру;

- жуу сұйығын дайындау, өңдеу және тазалау;

- ұңғыманы бекітуге арналған шегендеу тізбектерін түсіру.

Бұл операцияларды және апаттық жұмыстарды орындау үшін қызметтік тағайындалуы әртүрлі машиналар, механизмдер және жабдықтар қажет. Жинақтайтын зауытта бір-бірімен қосылмайтын, бірақ өзара байланысты пайдаланушылық қызметі және техникалық сипаттамалары бар ұңғымаларды бұрғылауға арналған машиналар, механизмдер және жабдықтардың жиынтығы бұрғылау кешені деп аталады.

1-кронблок; 2-мұнара; 3-мұнара полатасы; 4-тәл арқаны; 5- тәл блогы; 6-ілмек; 7-ұршық; 8-бұрғылау жеңі; 9-тәл арқанын тоқтатқыш; 10-АБК; 11-подсвечник; 12-ротор; 13-шығыр; 14-беріліс қорабы; 15-көлбеу беріліс; 16-күштік агрегат; 17-компрессор станциясы; 18-циркуляциялық жүйе; 19-бұрғылау сорабы; 20-манифольд; 21-күштік агрегаттарды соммалаушы редуктор; 22-қашау берілісін реттеуіш; 23-гидродинамикалық тежеуіш; 24-гидроциклон; 25-дірілдеуіш елек; 26-шығырлық блоктың негізі; 27-қабылдауыш көпірлер мен сөрелері; 28-консольді-бұрушы кран.

1.1-сурет. Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен жабдықталуы

Бұрғылау қондырғысы - бұл бұрғылау орнында жинақталған және бұрғылау аспабының көмегімен технологиялық операцияларды өздігінен орындауды қамтамасыз ететін бұрғылау машиналарының механизмдерінің және жабдықтардың кешені. Заманауи бұрғылау қондырғылары келесі жинақтауыш бөліктерге бөлінеді:

- бұрғылау жабдығы (тәл механизмі, сораптар, шығыр, ұршық, ротор, жетек, жанаржағармай қондырғысы, дизельді-электрлік станциялар, пневможүйе);

- бұрғылау құрылыстары (мұнара, негіз, жиналмалы-ажырамалы каркасты-панельді жабын);

- көп еңбекті жұмыстарды механизациялауға арналған жабдық (қашау берілісін реттеуіш, КТО-ны автоматтандыруға арналған механизмдер, құбырларға арналған пневматикалық сыналы ұстауыш, АБК, қосымша шығыр, пневмобекіткіш, жөндеу жұмыстарына арналған крандар, бұрғылау процесін бақылау пульті, басқару орны);

- жуу сұйығын дайындау, тазарту және регенерациялауға арналған жабдық (дайындау блогы, дірілдеуіш елек, құм және саз айырғыштар, подпорлы сорап, химиялық реагенттерге, суға және жуу сұйығына арналған сыйымдылық);

- манифольд (айдау линиясы, дроссельді-бекіткіш жабдықтар, бұрғылау жиыны);

- бұрғылау қондырғысының блоктарын жылытуға арналған қондырғылар (жылугенераторлары, жылытқыш радиаторлар, жылутасығышты айыруға арналған қатынастар).

Бұрғылау қондырғыларының құрамы мен жабдықталуы ІІ.1-суретте көрсетілген.

§2. Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар

Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар олардың техникалық жетістігінің деңгейін сипаттайтын көрсеткіштермен және бұрғылау шартымен анықталады. Бұрғылау шартын анықтайтын факторлар қатарына бірінші кезекте келесілерді есепке алу керек: геологиялық және табиғи-климаттық факторлар; жөндеу базаларынан және энергия көздерінен қашықтығы; жаңа бұрғылау орнына орын ауыстыру жиілігі; жуу сұйықтарымен жұмыс орындарының ластанғандығы, қоршаған ортаның газдануы; ұңғыма оқпанындағы болуы мүмкін қиындықтарды жоюға арналған тоқтаусыз бұрғылау процесін қамтамасыз ету қажеттілігі; жуу сұйығының коррозиялық белсенділігі және жоғары абразивтілігі; жұмыс орындарының тарлығы және т.б.

Бұрғылау қондырғыларына қойылатын талаптар техникалық, пайдалану, технологиялық, экономикалық, әлеуметтік және арнайы болып бөлінеді.

Техникалық талаптар бұрғылау қондырғысының құрылымы ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне жауап беруіне негізделеді, ал оның сипаттамалары әлемдік стандарттарға және заманауи бұрғылау технологиясының талаптарына сәйкес болуы қажет. Бұрғылау қондырғысының құрамына кіретін машиналар мен жабдықтар жоғары ПӘК-не және жеткілікті төзімділік, сенімділік және ұзақмерзімділікке ие болуы керек.

Пайдалану талаптары бұрғылау қондырғысын пайдалану кезінде оның жұмысқа жарамдылығы техникалық қызмет көрсетумен және жөндеу жұмыстарын жүргізумен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатпен бұрғылау қондырғысын жөндеуге жарамдылығын, яғни тез тозатын бөліктерін және бөлшектерін ауыстыру және техникалық жағдайларын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

Технологиялық талаптар бұрғылау қондырғыларын дайындауға кеткен еңбек шығындарымен және материалдармен байланысты. Оларға келесілер жатады:

- машиналардың құрылысының қарапайымдылығына олардың құрылымдық сұлбаларын максималды түрде жеңілдету арқылы қол жеткізіледі;

- материалды үнемдеу мақсатында материалды және дайындаманы алу әдісі рационалды таңдалады және бөлшектердің пішіндері қарапайым болады;

- беттердің кедір-бұдырлығы және дайындалуының қолайлы дәлдігі, өңделетін беттер өлшемдерінің төмендетілуі;

- бөлшектердің өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін шақтама мен қондырмаларды дұрыс таңдау, жинақтау кезінде қиюластыру жұмыстарын жою үшін олардың өлшемдерін сақтау;

- стандартты және бірыңғай түйіндерді және бөлшектерді максималды қолдану;

- механикалық өңдеу мен жинақтауда қолданылатын кескіш және бекіткіш аспаптардың тізімін азайту.

Экономикалық талаптар бұрғылау қондырғысының тиімділігін анықтайтын минималдық өндірістік және пайдаланушылық шығындарды қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Өндіріс саласында экономикалық талаптар құрылымның технологиялылығымен қанағаттандырылады, ол белгіленген шығару көлемінде және нақты өндірістік мүмкіндіктерде машинаны еңбектің жоғары өнімділігінде және аз өзіндік құнында дайындауға мүмкіндік береді. Маңызды экономикалық талап - бұл машиналар мен жабдықтардың материалсыйымдылығын азайту жолымен металл мен басқа материалды үнемдеу. Пайдаланушылық экономикалық көрсеткіштерге КТО-ның және механикалық бұрғылаудың өнімділігі, дайындау-аяқтау, көмекші және жөндеу жұмыстарына кететін уақыт жатады.

Әлеуметтік талаптарға жұмыс қауіпсіздігі, қызмет көрсетуші адамдарға жақсы жұмыс жағдайын жасау және басқару жеңілдігі жатады. Әлеуметтік талаптар міндетті талап ретінде қарастырылуы керек, себебі бұрғышылардың жұмыс жағдайы қауіпті және ауыр болып табылады. Бұрғылау жабдықтарының құрылымына қауіпсіздік талаптары МЕСТ 12.2.041-79 бойынша регламенттеледі.

Арнайы талаптар бұрғылау қондырғыларының жұмыс шарттарымен байланысты. Бұрғылау машиналарының және барлық қондырғының жинақтау сұлбасы және көлемі басқару және қызмет көрсету жеңілдігімен, және де пайдаланылатын аумақтың шектелуімен байланысты таңдалады. Бұрғылау машинасының массасы өндіріс крандары және тасымалдау жабдықтарының жүккөтергіштігіне сәйкес болуы тиіс. Бұрғылау қондырғысы тасымалданатын және жеңіл демонтаждалатын түйіндерге бөлінуі қажет. Электр жабдығы жарылысқа қауіпсіз жасалуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]