Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалық сабақ топтамасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
162.83 Кб
Скачать

Практикалық сабақ № 10-11

ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНІҢ БАСҚАРУ ОПЕРАТОРЛАРЫ

Сабақтың мақсаты: Паскаль программалау тілінің басқару операторларының қызметтерін үйреніп, практикалық есептер шығарып дағдылану. Программалар жазу әдістемесін меңгертіп бақылау.

Практикалық сабақтың жоспары:

  1. Шартпен және шартсыз көшу операторларын оқыту әдісте­месі.

  2. Көшу операторларын пайдаланып программалар құру.

3. Цикл операторы мен оның түрлерін пайдаланып программалар құру әдістемесі.

4. Паскаль тілінің басқару операторларын пайдаланып программа құру әдістемесі

5. Тақырып бойынша дидактикалық материалдар жинақтау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Көшу операторы не үшін қажет?

2. Бос оператор дегеніміз не?

3.Құрама операторлар қалай ұйымдастырылады?

      1. Қандай жағдайда шартты оператор пайдаланылады?

      2. Шартты оператордың жазылуының қандай түрлері бар? Олардың мағына жағынан ерекшелігі неде?

      3. Паскаль тілінде операторлық жақша дегеніміз не, ол қай кезде пайдаланылады?

      4. Паскаль тілінде қай кезде оператор соңына « ; » қойылады, ал қандай жағдайда қойылмайды?

      5. Қабатталған шартты оператордың орындалуының қандай ерекшеліктері бар?

      6. Таңдау операторы не үшін қажет? Оның жазылу пішімі қандай?

      7. Таңдау операторы мен шартты оператордың айырмашылығы неде ?

      8. Caseоператорының шартына қандай талаптар қойылады?

      9. Қайталау командасы қалай жазылады және қалай орындалады?

      10. Параметрлі қайталау операторы қандай міндет атқарады?

      11. Қайталау (цикл) операторлары қандай міндет атқарады?

      12. WHILE операторының жазылу ережесі (пішімі) қандай?

      13. REPEAT операторының синтаксистік диаграммасы қандай болады?

      14. FOR операторында цикл параметрінің қайталау қадамы қандай болады?

      15. Қабатталған циклдер дегеніміз не? Оларды қалай құрастырады?

      16. Ішкі, сыртқы циклдер дегеніміз не? Оларға қандай талап қойылады?

20 Циклдену деп нені атайды?

Глоссарий

Тапсырмалар

  1. Бүтін n саны берілген, сол санның бүтін m санына қалдықсыз бөлінетінін немесе бөлінбейтінін анықтайтын программа құру керек.

  2. Егер берілген а саны жұп болса, онда Р атауына true, ал тақ болса false мәнін меншіктейтін программа құрыңдар.

  3. Бөлімі нөлге айналмайтындай етіп, шартты операторды пайдаланып, y=1/(x-1)+1/(x-2) өрнегінің мәнін есептейтін программа құрыңдар.

  4. Төмендегі функциялардың мәндерін есептейтін программа құрыңдар:

а

ә) y =

  1. Үш санның ішінен үлкенін табатын программа құрыңдар.

  2. Мына программада анықталған функцияның графигін сызыңдар:

IF SQR (x) > 2

THEN

BEGIN

IF x >2

THEN y :=x*x*x

ELSE y :=8;

END

ELSE y :=8*SQR(x);

  1. Р натурал сан болғанда, өрнегін есептейтін программа құрыңдар (программаны while, repeat, for операторларының әрқайсысын пайдаланып, шығаруға тырысыңдар).

  2. Төмендегі өрнектердің мәнін табу қажет:

а)

ә)

б)

в)

г)

  1. Ағымдағы айдың реттік нөміріне қарап отырып, осы айда неше күн бар екенін табу қажет. Мұнда алдын ала N (1-12) – ай нөмірі, А (0 немесе 1) – жылдың кәбисалық белгісі беріледі, 0 – қарапайым жыл, 1 – кәбиса жыл.

  2. Берілген n санның ішіндегі оң және терістерінің қосындыларын тауып, қосындылардың абсолют шамасы бойынша үлкенін анықтаңдар.

  3. Берілген нақты сандардың ең үлкені мен ең кішісінің айырымын табупрограммасын құрыңдар.

  4. 1-ден 100-ге дейінгі тақ сандардың және жұп сандардың қосындыларын табу алгоритмін және программасын құрыңдар.

  5. функциясының мәндерінің аралығында h қадамы бойынша өзгеру кестесін құратын программа түзіңдер.

  6. өрнегінің болғандағы мәндер кестесін жасайтын программа құрыңдар.

  7. Төмендегі көбейтіндіні анықтайтын программа түзіңдер:

Блиц - тест

  1. Шартсыз көшу операторы:

a) Goto айнымалының аты

b) Goto-белгі

c)GotoN ELSE N1

d)Gosub Т

e) Go doМ

  1. Шарпен көшу операторы:

a) IF…THEN…ELSE

b) FOR…NEXT

c)WHILE…WEND

d)BEGIN …END

e) DO UNTIL…loop

  1. Процедура мен функцияны шақыру кезінде қолданылады:

a) нақты параметрлер

b) формальды параметрлер

c) жергілікті айнымалылар

d) ауқымды айнымалылар

e) меншікті айнымалылар

  1. Цикл операторы:

a) DO WHILE

b) FOR…NEXT

c)WHILE…WEND

d)BEGIN …END

e) DO UNTIL…loop