Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практикалық сабақ топтамасы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
162.83 Кб
Скачать

Практикалық сабақ № 6 -7

ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ТІЛІНІҢ ҚАРАПАЙЫМ ОПЕРАТОРЛАРЫ

Сабақтың мақсаты: Паскаль программалау тілі бойынша теориялық білімдерді бекітіп, практикалық есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.Программалар жазу әдістемесін меңгертіп бақылау.

Практикалық сабақтың жоспары:

1. Паскаль тілінің алфавиті мен қарапайым объектілері. Мәлімет типтері. Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипат­талуы. Өрнектер және олардың жазылуы.

2. Программа құрылымы. Меншіктеу, енгізу және шығару операторлары.

3. Қарапайым программаларды жазу мен тексеру әдістемесі.

4. Тақырып бойынша дидактикалық материалдар жинақтау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Атау дегеніміз не, ол не үшін қажет?

  2. Мәліметтердің типтері қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?

  3. Қандай типтерді білесіңдер? Олар қандай түйінді сөздер арқылы жазылады?

  4. Атаулардың типтері қалай сипатталады?

  5. Паскаль тілінде (алгоритмдік тілдерде) стандартты функциялар қалай жазылады?

  6. Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль (алгоритмдік тілде) тілінде қалай жазылады?

  7. Оператор дегеніміз не, олар қандай топтарға жіктеледі?

  8. Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады?

  9. Мәліметтерді пернелерден енгізу үшін қандай процедура қолданылады және ол қалай жазылады?

  10. Нәтижені экранға шығарудың қандай жоларын білесіңдер?

  11. Параметрсіз жазылатын енгізу-шығару процедуралары қандай қызмет атқарады?

  12. Экранға түсініктеме ретінде қолданылатын сөз тіркестері қалай шығарылады?

  13. Тұрақтыларды енгізу операторының параметрлері бола ала ма?

  14. Енгізу және шығару операторларында енгізілетін және шығарылатын параметрлер санына шек қойыла ма?

Глоссарий

Объект – зерттеушінің әрекеті бағытталған болмыстың облысы, ал пән – зерттеу объектісімен субъектісінің арасын жалғастырушы звено. Информатика әртүрлі нақты ақпараттық процестерге (технологиялар) тән жалпылама заңдылықтарды зерттейді. Осы ақпараттық процестермен технологиялар информатиканың зерттеу объектісі.

Информатика пәні оның кең тараған қолданыстары арқылы анықталады, яғни «пәндік» информатиканы құрайды. Қоғамның сұраныстарын және информатиканы даму кезеңдеріне сәйкес оны оқытудың заңдарын зерттейтін педагогиканың бөлімі информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. («Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі»). Информатика курсының мазмұнын анықтау принциптері: ғылымилығы және практикадағы қолданысы; түсініктілігі және жалпылығы.

Информатика курсының мазмұнын таңдауға әсерететін негізгі принциптер: ғылымилық және іс-жүзіндегі қолданыс; түсініктілік және жалпы білімділік.

Дидактиканың принциптері: ғылымилық, бірізділік және қайталау, іс-әрекетті меңгерудің ұғынықтылығы, мазмұнның түсініктілігі, іс-әрекеттің және мазмұнның көрнекілігі, белсенділік және өзбетінділік, білімнің жүйелігі және беріктілігі, оқуды дербестендіру және коллективтендіру, оқу іс-әрекетінің тиімділігі, теориямен практиканың байланысы.

Тапсырмалар

  1. Бірінші оқушы бір сағатта М себет, 2-оқушы К себет, 3-оқушы L себет алма жинаса, олар t са­ғатта қанша алма жинайды?

  2. 1-есептің шартын пайдалана отырып, 1-оқушы x, 2-оқушы y, 3-оқушы z сағат жұмыс атқарғанда, олар қанша алма жинайтынын есептеп шығарыңдар.

  3. Бір шәйнек жасауға Р г, табақша жасауға С г, кесе жасауға К г дайын масса керек. Ал А дана шәйнек, 0,5 А дана табақша және 0,2 А дана кесе жасауға қанша масса қажет?

  4. Төмендегі өрнектердің мәндерін анықтайтын программа құрыңдар:

а) ; ә) ;

б) в)

  1. Қызы 8, ал шешесі 38 жаста болса, қанша жылдан соң шешесі қызынан үш есе үлкен болады?

  2. Оқушылар 3400 теңгеге әрқайсысы 30 және 40 теңгелік билеттердің саны қанша болғаны?

  3. Ит қоянды 150м жерден көрді. Егер қоянның жылдамдығы минутына 250 м, ал иттің жылдамдығы 260 м болса, ит қоянды қанша минуттан соң қуып жетеді?

  4. Дүкенші алғашқы сатып алушыға матаның 25%-і, 2-алушыға сол матаның қалғанының 30%-ін, ал 3-алушыға одан қалған матаның 40%-ін сатқан болса, онда дүкенде сол матаның қанша %-і қалған?

  5. Бір зат алдымен 10%-ке қымбаттап, одан соң 10%-ке арзандатылса, заттың бағасы қанша %-ке өзгерген?

  6. Табандары және биіктігі бойынша трапеция ауданын есептеп шығаратын программа құрыңдар.

  7. х және у сандарының мәндерін енгізе отырып, төмендегі өрнектерді есептеуге арналған программа құрыңдар:

а) б)

ә) ; в) .

  1. Келесі программаның қатесін табыңдар:

Program myerror;

begin

writeln(‘Х мәнін енгізіңдер: ’);

writeln(‘Х-тің квадраты =’, х*х);

end.

Var x:integer;

Программаның қатесін түзетіп, оны орындап шығыңдар.

Блиц – тест

  1. Pascal тілінің алфавитін құрайтындар ( барлық дұрыс жауабын көрсет ):

a) Орыс алфавитінің әріптері

    1. Қазақ алфавитінің әріптері

c) Латын алфавитінің әріптері

d) Грек алфавитінің әріптері

e) Арифметикалық операциялар белгілері: +, -, /,x

  1. Pascal тілінде жазылған программа қандай сөзден басталады?

    1. Program

    2. Begin

    3. Var

    4. Proctdure

    5. Assign

3. Интерпретатор –программа:

a) дискідегі файлды іздейді

b) программаны әрбір оператор бойынша орындайды

c) программаны толық орындайды

d)дискідегі файлды баспаға шығарады

e)дискідегі файлды жүктейді

4. Компилятор –программа:

a) дискідегі файлды жүктейді

b)программаны әрбір оператор бойынша орындайды

c)дискідегі файлды баспаға шығарады

d) программаны толық орындайды

e)дискідегі файлды іздейді

  1. Pascal тілінде мәліметтерді енгізу операторының қатарына:

a) READайнымалылар тізімі; DATA мәліметтер тізімі

b) INPUT мәліметтер тізімі

c) PRINT мәліметтер тізімі

d) READLN мәліметтер тізімі

e) WRITE мәліметтер тізімі операторы жатады

  1. Шамалар:

a) қарапайым және күрделі

b) құрама және жәй

c)тұрақты және айнымалы

d) логикалық және арифметикалық

e) бүтін және нақты болып бөлінеді.

  1. Pascal тілінде мәліметтерді шығару операторының қатарына жатады:

a) PRINT

b) WRITE

c)CLS

d)READ

e) INPUTоператоры жатады

  1. Pascal тілінде айнымалының аты ( есімі ):

a) кезкелгкен символдың кезкелген тізбегі

b) латын әрпінен басталатын латын және орыс әріптерінің тізбегі

c) орыс әрпінен басталатын орыс және латын әріптерінің тізбегі

d) араб цифралы

e) латын әрпінен басталатын латын әрптері, цифрлар, арнайы белгілердің ( бос орыннан басқа) тізбегі

  1. Стандарт функциялар не үшін қолданылады?

a) жиі қолданылатын функциялардың мәндерін есептуге

b) өрнектерді берілген дәлдікпен есептеуге

c) логикалық өрнектерді есептеуге

d)статистикалық есептеулерге

e) математикалық есептеулерге

  1. Pascal тілінде түсініктеме жазу үшін қолданылады:

a) REM операторы

b) түсініктеме сөйлемін жалқы тырнашадан (апостроф) бастау

c) оператордан соң {} символы аралығын

d) түсініктеме сөйлемінен соң тырнақша қою

e) оператордан соң ( )символы аралығын

Әдебиеттер:

  1. Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. Учебное пособие-Минск, 1998

  2. Лапчик М.П., Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Методика преподавания информатики. Учебное пособие, Москва, 2005г.

  3. Семакин И.Г., Шеина Т. Ю. Преподавание базового курса информатики в средней школе. Методическое пособие, Москва, 2004г.

  4. Государственный образовательный стандарт области «Информатика», тематическое и календарное планирование. Алматы, 1998

  5. Ершов А.П., Звенигородский Г.А., Первин Ю.А. Школьная информатика (концепции, состояние, перспективы). – Новосибирск:ВЦ СО АН СССР, 1979

  6. Изучение основ информатики и вычислительной техники. Пособие для учителя/ А.Авербух, В. Гисин, Я. Зайдельман, Г.Лебедев- М.: Просвещение, 1992