
- •Практикалық сабақ №1 -3
- •I. Санды ондық санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру алгоритмі.
- •II. Санды басқа санау жүйесінен ондық санау жүйесіне ауыстыру алгоритмі.
- •III. Санды екілік, сегіздік және он алтылық санау жүйелерінің бірін екіншісіне ауыстыру алгоритмі.
- •Практикалық сабақтар № 2- 3
- •Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар орындау ережелері қандай ?
- •Практикалық сабақ № 4-5
- •Практикалық сабақ № 6 -7
- •Практикалық сабақ № 10-11
- •Практикалық сабақ № 12-13
- •Практикалық сабақ № 14
- •Практикалық сабақ № 15
- •Практикалық сабақ №5
- •Практикалық сабақ № 15
Практикалық сабақ № 4-5
АЛГОРИТМДЕР
Сабақтың мақсаты: Алгоритм ұғымы мен оның қасиеттері бойынша бойынша білімдерін тексеру; Алгоритмді жаза білу дағдыларын есептер шығару арқылы қалыптастыру.
Практикалық сабақтың жоспары:
1. Алгоритм және оның түрлері. Қасиеттері.
2. Әртүрлі алгоритмдердің блок схемасын құру әдістемесі.
3. Алгоритмдік тіл. Әртүрлі алгоритмдерді алгоритмдік тілді пайдаланып жазу мен тексеру әдістемесі.
4. Тақырып бойынша дидактикалық материалдар дайындау.
Бақылау сұрақтары:
Алгоритм дегеніміз не ?
2. Алгоритмнің негізгі түрлері мен қасиеттері қандай ?
Алгоритмнің формалды атқарылуы дегенді қалай түсінесің ?
4. Алгорим командасы дегеніміз не ?.
5. Алгоритмді атқарушы дегенді қалай түсінесің ?
6.Атқарушының командалар жүйесі деп нені айтады ?
7. Агоритмді өрнектеу, жазу тәсілдері дегеніміз не ?
8. Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не ?Қызметші сөздерге нелер жатады ?Серия ұғымын қалай түсінесің ?
9. Меншіктеу командасының құрылымы қандай, ол қалай жазылады ?
10 Құрама командалар қандай құрылымдардан тұрады ?
11. Сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер дегеніміз не ?
12. Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады ?
Глоссарий
Команда– орындаушыдан қайсыбір аяқталған әрекетті орындауды талап ететін жекелеген нұсқау.
Орындаушының командалар жүйесі- орындаушы жүзеге асыра алатынкомандалардың жиынтығы.
Қызметші сөздер – алгоритмдік тілде мағнасы мен қолдану тәсілі біржола берілген санаулы сөздер.
Серия – алгортмнің бірінен соң бірі орындалатын бірнеше командаларының тізбегі.
Аргументтер – алгоритм үшін алғашқы берілгендер болатын шамалар.
Аралық айнымалылар – алгортмнің аргументі де, нәтижесі де болмайтын, тек оны орындау кезінде есептелетін айнымалы шамалар.
Көмекші алгоритмдер –өзге бір алгоритмдердің құрамында тұтасымен пайдаланылатын алгоритмдер.
Тапсырмалар:
Алгоритмді графиктік тәсілмен алгоритмдік тілді пайдаланып құрыңдар және жазыңдар.
( мұндағы
) фукциясының графигін салу алгоритмін жазыңдар.
Аралық шамаларды пайдалана отырып ,
а)
өрнегін есептеудің;
ә)
теңдеуін
шешу алгоритмін жазыңдар.
Дөңгелектің ауданы
және квадраттың ауданы
берілген деп алып мына алгоритмдерді құрыңдар және жазыңдар:
а) дөңгелектің квадратқа сыюын;
ә) квадраттың дөңгелекке сыюын анықтаңдар. мен - нің бірнеше мәндері үшін алгоритмді тексеріңдер.
Натурал n санының факториалын есептеу алгоритмін жазыңдар.
Санның модулін есептеудің көмекші алгоритмін МОД(a ,m) пайдаланып
формуласы бойынша есептеу алгоритмін құрыңдар.
Квадрат теңдеуді шешу алгоритмін көмекші алгоритм ретінде пайдалана отырып
биквадрат теңдеуін шешу алгоритмін құрыңдар.
Блиц - тест
Алгоритм дегеніміз:
Амалды орындауға берілетін нұсқау;
Қойылған мақсатқа немесе қажетті нәтижеге жетуді жүзеге асыратын нұсқаулар тізбегі;
есептің шешімін табуға әкелетін есептеу процесі;
Алгоритмнің қасиеттері:
а) ақпараттылық, үзіктілік, жалпылық,анықталғандық және нәтижелік ;
үзіктілік, жеделдік, жалпылық,анықталғандық және нәтижелік ;
циклдік, үзіктілік, жалпылық,анықталғандық және нәтижелік ;
ақпараттылық, жалпылық, жеделдік, нәтижелік, анықталғандық және үзіктілік;
үзіктілік, жалпылық, нәтижелік және анықталғандық;
Алгоритмнің берілу тәсілдері:
табиғи тілде, гафиктік, байт тізбектері;
фомула, табиғи тілде, гафиктік;
алгоритмдік тілде, формула, гафиктік;
гафиктік, алгоритмдік тілде, формула, табиғи тілде;
байт тізбектері, фомула, алгоритмдік тілде, гафиктік.
Алгоритмнің түрлері:
циклдік,математикалық, ақпараттық;
графиктік, математикалық, ақпараттық;
сызықтық, циклдік, тармақталу:
математикалық, ақпараттық, сызықтық;
сөздік, математикалық, ақпараттық.
Алгоритмдік тіл:
өз тіліміздің кейбір сөздерін пайдаланып орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған белгілер мен ережелердің жүйесі;
өз тіліміздің кейбір сөздерін пайдаланып алгоритмді жазу тәсілі;
қарапайым әрекеттерді, амалдарды дәл жазуға арналған ережелердің жүйесі;
логикалық амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған ережелердің жүйесі;
алгоритмді табиғи тілде қарапайым мәтін түрінде жазып оқуға арналған әдіс;
Түйінді (қызметші сөздер):
алгоримдік тілдің ерекше сөздері;
алгоритмдік тілде мағнасы мен қолдану тәсілі біржола берілген санаулы сөздер;
тармақталуалгоритмін құруға пайдаланатын арнайы сөздер;
сызықтық алгоритм құруға пайдаланатын арнайы сөздер;
қайталау алгоритм құруға пайдаланатын арнайы сөздер;
Серия дегеніміз:
алгоритмнің бірінен соң бірі орындалатын бірнеше командаларының тізбегі ;
бірыңғай бірнеше сызықтық алгоритмдер тізбегі;
бірыңғай бірнеше тармақталу алгоритмнің тізбегі;
бірыңғай бірнеше қайталау алгоритмнің тізбегі;
алгоритмдік тілде мұндай атау қолданылмайды.
Транслятор деп:
алгоритмнің қосымша атауы;
алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілі;
алгоритмдік тілді машина тіліне автоматты түрде аударатын аудармашы программа;
алгоритмді машина тілінде жазу тәсілі;
алгоритмдік тілдіқолданудың арнайы тәсілі.
Алгоритмнің тақырыбы
әрбір алгоритмнің мазмұндық сипатын ашады;
алгоритмде қолданылатын командалар тізімі;
берілген мәліметтерді сипаттау бөлімі;
қарапайым командалар тізімі;
алгоримнің нәтижелерін сипаттау бөлімі;
Алгоритмнің тұлғасы (денесі) деп:
алгоритмнің тақырыбынан кейінгі әйтпесе және бітті түйінді сөздерімен шектелген бөлігі;
алгоритмнің орта тұсына орналасқан командалар тізбегі;
алгоритмнің тақырыбынан кейінгі басы және соңы түйінді сөздерімен шектелген бөлігі;
алгоритмнің тақырыбынан кейінгі цб және цс түйінді сөздерімен шектелген бөлігі;
алгоритмнің тақырыбынан кейінгі онда және әйтпесе түйінді сөздерімен шектелген бөлігі;
Әдебиеттер:
Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. Учебное пособие-Минск, 1998
Лапчик М.П., Семакин И.Г., Хеннер Е.К. Методика преподавания информатики. Учебное пособие, Москва, 2005г.
Государственный образовательный стандарт области «Информатика», тематическое и календарное планирование. Алматы, 1998
Бөрібаев Б.,Нақысбеков Б., Мадиярова Г. Информатика және есептеуіш техника. Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық.Алматы.: «Мектеп», 2005
Ермеков Н., Қараев Ж.,Криворучко В.,Кафтункина Л. Информатика (РASCAL). Жалпы білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық. Алматы.: «Мектеп», 2005
Бөрібаев Б.,Нақысбеков Б.,Мадиярова Г. Информатика және есептуіш техника негіздері. 9 сынып. Алматы.: «Мектеп», 2005
Веретенникова Е.Г., Патрушина С.М.,Савельева Н.Г. Тесты по информатике. Москва – Ростов-на-Дону.: Издательский центр «МарТ», 2003