Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих 6.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
103.42 Кб
Скачать

V. Ассирия.

1). Ассирияның қалыптасуы.

Өлшемдер

Тарихи фактілер

Географиялық орны

Ассирия Вавилонның солтүстігінде пайда болды. Ассирия қазіргі Ирактың солтүстік- шығысында орналасты.

Шаруашылығы

Маңызы үлкен болған сала- мал бағу. Негізінен қой, ешкі өсірді. Жылқы әскери іс үшін пайдаланылды. Жер шаруашылығында бау- бақша кең тарады. Ашшурға Вавилоннан, Эламнан сауда керуендері келіп жатты.

Қоғамдық құрылысы

Отбасында әке негізгі рөл атқарды. Қанауды күшейткен жағдай- несие беру. Жауынгерлердің рөлі ерекше болды. Олар шекаралық аудандарда қоныстандырылды.

Қала - мемлекет

Ең ежелгі қала-мемлекет: Ашшур. Б.з.б 2 мыңжылдықта мұндағы істерді ақсақалдар кеңесі шешті. Хаммурапи кезінде Ассирия Вавилонға тәуелді болды. Бұл жағдай Ассирия жерінде ірі мемлекеттің құрылуын кешеуілдетті. Уақыт өткесін Ашшур ерекшеленеді. Себебі: ол сауда орталығы қызметін атқарды. Б.з.б XV ғ. Ашшур көтеріле бастады. Себебі: көрші елдердің әлсіреуі. Ашшурдың әскербасылары мен көпестерінің рөлі артты. Оларға сүйенген билеуші патшаға айналды. Оның патшалығы Ассирия деп аталды. Ассирия билеушілері әскери іс пен соғыс өнерін дамытуға көп көңіл бөлді. Әскердің озеннен өту тәсілі: тері торсықтарды үрлеп , жүзіп өтті. Торсықтардың үстіне ағаш төсеп, көпір жасады.

2). Урарту және Ассирияның гүлденуі.

Урартудың орналасқан жері- Ассирияның солтүстігі, қазіргі Армения. Астанасы- Тушпа (Ван көлінің жағасында). Урартудың табиғи байлығы: тас, ағаш металл. Мемлекет құрылды: б.з.б IX ғ. Негізгі байлық – мал. Әсіресе, жылқы бағуға ерекше мән берді. Мал шаруашылығының басты түрі – көшпелі мал шаруашылығы. Урартудың құрылыс жұмыстары гректерге үлгі болды. Урарту өнерінің үлгісі: ежелгі египеттік сфинкс тәрізді басы адам бейнесіндегі қанатты арыстан. Б.з.б VIII ғ. Урарту мықты елге айналды. Бұл кезде Урарту оңтүстігіндегі Ассириямен соғысты. Солтүстік және батыстағы жерлерге жорықтар жасады.