Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус ОМ1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
753.15 Кб
Скачать

2.2 Пәннің мақсаты

Студенттерге барлық ауруларға ортақ стереотиптік жалпы патологиялық процестердің құрылымдық негізі, дамуының морфогенздік механизмдері, классификациясы, морфологиялық бейнесі, асқыну зардаптары, аөыры мен дифференциалдық диагностикасы жайлы, олардың жас шамасына байланысты ерекшеліктері ескерілген мағлұматты игерту.

2.3 Пәннің міндеттері

  • Зақым (альтерация), адаптация, қан және лимфа айналымының

бұзылуы, қабыну, иммундық және ісіктік процестер, жасушалық патология мен стереотипті патологиялық процестердің құрылымдық бейнесін тануды үйрету;

  • Жалпы патологиялық үдерістердің себептері мен даму барысындағы (

морфогензіндегі) құрылымдық өзгерістері жайлы білім қалыптастыру;

  • Патологиялық процестердің құрылымдық бейнесін, олардың асқынуы

мен нәтижелерінің айырмашылықтарын өзара ажыратуды игерту;

  • Зақымның (альтерация), адаптацияныңұан және лимфа айналымының

бұзылуының, қабынудың иммундық және ісіктік процестердің морфологиялық нышандары бар мкро және микро препараттарды микроскопиялық тәсілмен зерттеуді үйрету.

2.4 Оқудың қорытынды нәтижелері

Студент тиісті:

білуге:

  • Жасушалық патология мен стереотипті жалпы патологиялық

процестердің құрылымдық бейнесі;

  • Жалпы патологиялық процестердің құрылымдық өзгерістерін,

этиологиясы мен патогенезі, оарлдың даму барысы(морфогенезі);

  • Альтерация, адаптация, қан және лимфа айналымының бұзылуы,

қабыну, иммундық және ісіктік процестер сияқты әртүрлі зақымдық өзгерістердің негізі мен морфологиялық нышандарын өзара ажырату;

істей алуға:

  • Мүшелер мен тіндердегі микроскопиялық өзгерістредің негізінде

патологиялық өзгерістерді, оның кезеңі мен түрлерін анықтау.

  • Төменде көрсетілген жалпыпатологиялық процестердің

микроскопиялық көрінісін дұрыс анықтап сипаттай алу:

      • дистрофия,

      • некроз,

      • қан және имфа айналымының бұзылуы,

      • қабыну,

      • адаптация и компенсация,

      • иммунопатологиялық процестер,

      • ісіктер;

  • әр түрлі патологиялық процестердің дифференциалды диагностикасын

жүргізе білу;

  • патоморфологиялық өзгерістер жиынтығы негізінде мүшелер мен

тіндерде дамыған асқыну мен ақырын анықтау.

дағдыларды меңгеруге:

  • мүшелер мен тіндердегі патолгиялық өзгерістердің макроскопиялық

зерттеу және сипаттау;

  • әр түрлі патологиялық процестер кезіндегі микроскопиялау және

гистологиялық препараттарды сипаттау;

  • өзіне тән клинико функционалдық көріністері бар патологиялық

процестердің морфологиялық өзгерістерін салыстыруды.

2.5 АЛҒЫ РЕКВИЗИТТЕРІ

Философия, экология, молекулярлы биология және медициналық генетика, биохимия, микробиология, анатомия-1, гистология-1, физиология-1, клиникаға кіріспе-1.

2.5 КЕЙІНГІ РЕКВИЗИТТЕРІ

Патологиялық анатомия 2, патологиялық физиология-2, ішкі аурулар пропедевтикасы, визуалды диагностика, жалпы хирургия, клиникаға кіріспе -2, жалпы иммунология.

2.6 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Патологиялық анатомия медициналық жоғарғы оқу орнында дәрігерлерді дайындауда негізгі пәндердің бірі болып саналады. Еңбек ету саласына қарамастан дәрігер патологилық жағдайлардың патоморфологиялық көрінісі мен морфогенезі жайлы жасушалық, мүшелік және ағзалық деңгейде жеткілікті білуге міндетті.

    1. ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР