Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilety na kazax9.rtf
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
52.23 Mб
Скачать

2. Грунттық бөгет көлденең қимасын құру. Бөгет биіктігі мен төбесі бойынша биіктігін анықтау Грунттық бөгеттің көлденең қимасын құру. Бөгет биіктігі мен төбесі бойынша биіктігін анықтау

Бөгеттің биіктігін анықтау

Бөгеттің биіктігі су қоймасындағы есептік су деңгейінен «d» шамасына жоғары тағайындалады, сонда

, (3.1)

мұндағы - есептік су деңгейінен бөгеттің жотасына дейінгі биіктік, м;

- желдің әсерінен су деңгейінің көтерілу биіктігі, м;

- бөгет беткейіне толқынның өрлеу биіктігі, м;

а – конструкция қор, ол келесі мәндердің үлкеніне тең 0,5 м және 0,1h0,1%.

Келтірілген (3.1) формуламен есептеулер екі есептік жағдайларда жүргізіледі:

  1. судың деңгейі ( ҚТД қалыпты тіреу деңгейі) – ( НПУ) немесе оған жоғары (күш және әрекеттің негізінен сай келуі);

  2. судың деңгейі ( КТСД көтерінкі тіреу су денгейіне дейін немесе УТД уақытша тіреу деңгейі ФПУ), судың жоғарғы өтімін өткізуде (күш және әрекеттің ерекше сай келуі).

Бірінші жағдайда желдің есептік жылдамдығы жыл ішінде бақыланған 1% қамтамасыздыққа, ал екінші жағдайда тасқын кезінде бақыланған 50% қамтамасыздыққа есептеледі.

3.Сыртқы су құбыры торабының конструкциясы. Сырт жерде орналасқан су құбыры торабының құрылымы. Су құбыры тораптарының конструкциясы. Су құбыры тораптарының жұмысы әрдайым өзгеріп тұратын шығындарға тәуелді болатындықтан, олардың болашақта жұмыс істеу қаблетін алдын ала болжау қиын. Дегенмен, құбырлардың материалдарын және оларды құрастыратын қосалқы бөлшектердің конструкциясына қойылатын талаптарды алдын ала білсек, құбырлардың жұмысқа деген биімділігін анықтауға болады. Су құбырларының құрылымы мынадай талаптарға сай келуі тиіс: 1. Сыртқы және ішкі күштерге шыдамды; 2. Қабырғаларынан су өткізбейтін; 3.Ішкі беті тегіс; 4. Ұзақ жылдар жұмысқа төзімді.

Аймақталған сумен жабдықтау жүйелері. Сумен жабдықтау жүйелерін жобалаған кезде елді мекендердегі су тұтынушылар түрлері біркелкі болмайтындығына қарамастан, әдетте, оларды бір орталықтан басқарылатын ажыратылмайтын құрылыстармен қанағаттандыруға тырысады. Бірақ кейбір топтағы тұтынушылар сумен жабдықтау жүйелеріне әртүрлі талаптар қоятындықтан жекелеген сумен жабдықтау жүйесін жобалауға тура келеді, яғни сумен жабдықтау жүйесін аймақтарға бөлу қажет болады. Бұндай жүйелер аймақталған жүйелер деп аталады.

Сумен жабдықтау жүйелерін екі түрлі схема бойынша аймақтарға бөлуге болады:

1. Паралелль аймақты жүйе. 2. Тізбектелген аймақты жүйе.

Паралелль аймақты жүйеде бірінші және екінші аймақтарға су бас ғимараттардан әр аймаққа жеке беріледі. Ал тізбектелген аймақты жүйеде екінші аймақ қажеттілігіне су бірінші аймақтан өтіп, содан кейін қосымша қондырғылар арқылы барады.

4. Өндіріс салалары үшін қажеттті су тұтыну көлемі қалай анықталады? Өндіріс салалары үшін қажеттті су тұтыну көлемін анықтау. Өнеркәсіп орындарын сумен қамтамасыз ету жобасын жасағанда судың өндіріс қажетіне жұмсалатын шығыны технологиялық есеп негізінде қабылданады. Оларға қажетті су көлемі өндіріс орнының сипаттамасына және қабылданған технологиялық процестерге байланысты болады.Өндіріс орындарына берілетін су бұйымдары шығаруға, су қондырғыларын салқындатуға ,жууға, буды суға айналдыру процестерінде, айналмалы жүйелерде ысырапталынған судың орнын толтыруға және басқа көптеген құбылыстарда пайдаланылады.

1) Өндірістік су шығындары Qөн тәу, м3/тәу – тәуліктік су шығыны;

qөн сек, л/с – секундтық су шығыны мына теңдеулермен анықталынады:

Q|өн.тәу=N*M;

q|max..c=

мұндағы N- бірлік өнімге шыққандағы су әкету нормасы, м3; М және Ммакс.су- тәулік және ауысым бойынша шығарылған өнімнің саны; Т- ауысымдағы жұмыс істелетін сағат саны; Ксағ- сағаттық біркелкі еместік коэффициент.

Егер комбинаттың немесе зауыттың құрамына әртүрлі өнімдер шығаратын бірнеше өндіріс енсе, онда жалпы комбинат немесе зауыт үшін тәуліктік су шығыны мына теңдеумен анықталады:

QІтәу= NІ МІ + N2 M2 + …..+ Nn Mn.

мұндағы NІ ,N2,...., Nn- әрбір өндірістегі бірлік өнімге шыққандағы су әкету нормасы, м3; МІ , M2 ,...., Mn - әрбір өндірістік тәулік бойынша су шығаратын өнім саны;

2) Өндіріс орнындағы тұрмыстық есептік тәуліктік, сағаттық және секундтық шығындар ауысым бойынша максимальды жұмысшылар саны бойынша жұмыс сағат санын ескере отырып, мына формулалармен анықталады:

QІІтәу= ;

QІІмакс.сағ= ;

qІІмакс.с= ;

мұндағы n1 және n2 – бір адамға санағандағы 25 және 45л (салқын және ыстық цехтар) су әкету нормасы кезіндегі цехтардағы тәулік бойынша жұмысшылар саны; n3 және n4 – жоғарғыдағыдай су әкету нормасындағы ауысым бойынша максимальды жұмысшылар саны; К1 және К2 – жоғарғыдағы су әкету нормасына сәйкес, сағаттык біркелкі еместік коэффициент және ол 3 және 2,5- ке тең.

Тәуліктік сағаттар бойынша сағаттық біркелкі еместік коэффициеттерге байланысты тұрмыстық бөлмелерден пайда болатын сарқынды су шығынының пайда болу шамасы кесте 2.1-де қарастырылған;

кестесі - Өндіріс орындарында ауысым аралығындағы тұрмыстық сарқынды су шығының пайда болу шамасы (ауысым шығының % мөлшері)

Ауысымдағы сағаттар саны

Ксағ=3 болғандағы салқын цехтарда

Ксағ=2,5 болғандағы ыстық цехтарда

1

2

3

4

5

6

7

8

12,5

6,25

6,25

18,75

6,25

6,25

6,25

37,5

12,5

8,12

8,12

15,65

8,12

8,12

8,12

31,25

3) Су себерді пайдаланушы жұмысшылар саны өндірістегі технологиялық процестердің санитарлық жағдайларына байланысты болады және жалпы өндірістегі жұмысшылар санының пайыздық (%) мөлшерімен анықталынады. Мысалға, су себер пайдаланатын шамамен жұмысшылар саны, мата – мақта өнеркәсібінде 10 %, машина жасау өндірісінде 25%, металлургия, металл өңдеу, химия, целлюлоза-қағаз өндірістерінде 40%, тамақ, тері өңдеу құрылыс материалдарын шығару өнеркәсіптерінде 75% болады. Бір су себер торын пайдаланатын есептік жұмысшылар саны өндіріс категориясына байланысты қабылданады. Біркелкіеместік коэффициет Ксағ =1 болғандағы бір су себер торының су шығыны 500 л/сағ болады, ал су себерді пайдалану уақытын 45 минут деп қабылдаймыз.

Су себердегі есептік су шығыны мынадай формулулар бойынша анықталады:

QІІІмакс.су= ;

qІІІмакс.с= = 0,139mс;

мұндағы mc – су себер торының саны.

5. Судың есептік шығындары мен суармалау жүйесіндегі каналдардың КПД-сы Каналдардағы судың шығын болуы өте зиянды, өйткені олар ыза суға қосылып өте құнды суарылатын жерлердің батпақтануына ж сорлануына әсерін тигізіп,суару жүйесінің КПДсын кемітудің салдарынан су көздерінен алынатын судың мөлшерін көбейтумен бірге,бас саға құрылыстары мен канал-ң ж ондағы құрылыстардың өлшемдерін жоғарылатады, ал суарудың жаңбырлату әдісін қолданғанда жұмсалатын энергия көбейеді ж суару жүйелерін салу ж оларды пайд үшін жұмсалатын қаржы көбейеді.Сондықтан каналдардағы су шығынын болдырмау шараларын әрдайым қолданып отыру керек.Су шығынымен күресу суару жүйесін пайд ж құрылыстар салу шаралары арқ жүргізіледі; пайд шараларына егісті күні-түні каналдар мен танаптардан суды ағызып жібермей суару; каналдардың үздіксіз жұмыс істеуі не шығын қосындылары аз болатындай үйлестіріле жұмыс істеуі, каналдарды мезгілінде жөндеп ж оларды арам шөптерден тазартып отыру; каналдар арқ өтетін су мөлшері тездетілмей ж олар өте биік тіректерсіз жұмыс істеуі жатады;Су пайд жұмыстары дұрыс ұйымдастырылғанда суару танаптарында су шығынын болдырмаған ж күні-түні суаруды ұйымдастырған жағдайда суару жүйесінің КПД-сы бір мезгілде жұмыс істейтін каналдардың су шығынына байл б-ы.Фильтрация мен құрылыстық шаралар арқ күресуге: каналдардың ұзындығын мүмкін болғанша қысқарту;көлденең қималары мен қырын көріністеріне сай, суды аз мөлшерде шығын жасайтын каналдарды салу; канал жүргізілетін ТҚ арнасының фильтрация коэф-ін кеміту; фильтрацияға қарсы төсемелер ж су өткізбейтін экрандар салу; Суару жүйе-ң каналдарының КПД шамасы белгіленген мөлшерден кем ж каналда фильтрация коэфф-ті өте мол болғанда (тәул 0.1м-ден көп) олардан су сүзілуі шығынын кеміту үшін сүзілуге қарсы арнаулы шамалар қолданады. Каналдарда фильтрация шығынын болдырмау үшін: каналдарға монолитті бетоннан, темірбетоннан, асфальттан, тастан ж балшықтан жасалған фильтрацияға қарсы төсемдер төсеу; Фильтрацияға қарсы шараларды гидрогеологиялық жағдай-ға,канал ұзындығына ж өлшемдеріне, ТҚтың фильтрациялық қасиеттеріне,су шығынын кеміту шамасына ж қандай жерг материал барлығына қарай қолданылады.Белгіленген сүзілуге қарсы күресетін шараларды техника эономикалық есептер арқ дәлелдейді.Ал сүзілуге қарсы шаралардың экономикалық тиімділігі төменгі көрсеткіштермен анықталады:шығыннан сақталған су мөлшерімен;жұмыс істеу мерзімі;құрылысты механикаландыру мүмкіншілігі;жұмсалатын қаржы,материалдар ж еңбек ресурстары; күрделілік дәрежесі ж пайд, жөндеу ж қайта қалпына келтіру құны; Каналдың КПД-ң керекті мөлшерін қамтамасыз ететін шараларды төменгі тәртіппен таңдайды.Әдеттегі жағдайда пайд-тын, ешқандай сүзілуге қарсы шара жасалмаған каналдан су шығынын төмендегідей анық-ы: Qбр; Содан кейін каналдың жобаланған КПД мөлшерін анықтайды.(((Фильтрацияға шығын болатын су мөлшерін кеміту процесін төменгі формула арқ есептейді: каналдар арқ жіберілетін судың нт мөлшері өзгермеген жағдайда ; каналдар арқ жіберілетін Qбр мөлшері өзгермеген жағдайда ;

БИЛЕТ № 1

1. Жер қабығы, оның құрылысы, типтері және құрамы. Минералдар мен таужыныстар - Жер қабығы, оның құрылысы (шөгінді, граниртті және базальтті қабаттары), типтері және құрамы. Жер қабығының қалыңдығы, тіпті құрылысы мен құрамы тік және көлбеу бағытта да біркелкі емес. Оның орташа қалыңдығы 33 км. Ол әр жерде әр қалай 5 км-ден 75 км-ге дейін жетеді, дәлірек айтсақ континенттердің жазық алқаптарында 35-40 км, ал таулы аймақтарда 50-75 км-ге дейін жетеді. Жер қыртысы өз кезегінде Жер бетінен төмен қарай тығыздығы арта беретін қатты үш қабатқа бөлінеді: Континенттік тегі: шөгінді - метаморфты қабат (5-20км), тығыздығы 2,7-3,0г/см3 секілді тау жыныстрынан құралады. Мұхиттық тегі: шөгінді (1,5-2 км); базальтты (4-8 км) қабаттардан тұрады, ал гранитті қабат мұхит түбінде болмайды.

Минералдар қазірде химиялық құрамы мен кристалдық құрылымына қарай сегіз класқа жіктеледі.

Тау жыныстарын құрайтын минералдардың классификациясы (жіктелуі):

  1. Сомтумалар (алтын, күміс, мыс, платина, күкірт, графит, алмас, т.б.).

  2. Сульфидтер – металдардың күкіртпен қосындысы. Олар көптеген металдардың басты рудалары: пирит (темір колчеданы)-FeS2, халькопирит (мыс колчеданы)-CuFeS2, галенит (қорғасын жылтыры)-RbS, сфалерит (мырыш алдамышы)-ZnS, т.б.

  3. Галоидтар –галоген-сутек қышқылдар тұзы: галит (ас тұзы)-NaCl, флюорит (плавик шпаты)-CaF2, сильвин-KCl, т.б.

  4. Оксидтер мен сулы оксидтер:кварц-SiO2, ақық (опал)-SiO2xnH2O, темір кендері-магнетит-FeOxFe2O3, гематит (қызыл теміртас)-Fe2O3, корунд-Al2O3, лимонит-(қоңыр теміртас) Fe2O3xnH2O және басқалар.

  5. Карбонаттар: кальцит (ізбесті шпат)-CaCO3,доломит- CaCO3xMgCO3, малахит- CuCO3xCu(OH)2, азурит- 2CuCO3xCu(OH)2,т.б.

Фосфаттар: апатит-Ca5(PO4)3x(F,Cl,OH); оның топырақ сияқты жабық кристалды түрін фасфорит деп атайды

2. Су тастағыш гидротехникалық ғимараттардың максимальді есепті шығындарын анықтау. Максимальді шығындарды өткізу - Су тастағыш құрылымның гидравликалық есептеулері арқылы су кіретін табалдырықтың ұзындығын және судың ордағы деңгейін анықтайды.

Егер - табалдырық суға батыңқы;

- табалдырық суға батпаған.

Мұнда - төменгі бьефтегі су деңгейінің су ағар табалдырығының биіктігі, м;

n – 0,75-0,8 – суға бату коэффициенті.

Егер, су ағар табалдырығы суға батпаған болса, оның ұзындығына қатысты шығынын мына формуламен табылады:

Мұнда L – су ағар табалдырығының ұзындығы, м;

Q – су тастағыш құрылым арқылы тасталатын су шығыны, м3/с;

m = 0,36- су өтімі коэффициенті;

H – су ағар табалдырығындағы ағын, м.

Егер, су ағар табалдырығы суға батыңқы болса, оның ұзындығына қатысты максималды есептік су шығынын мына формуламен табылады:

Мұнда: f=0,97 – жылдамдық коэффициеті;

h – су ағар табалдырығының кіре беріс учаскесіндегі су тереңдігі;

z – су ағар табалдырығының алдындағы және үстіндег су деңгейінің айырмасы. Судың тереңдігін h=H-z деп қабылдауға болады. Су деңгейінің айырмасын мына формуладан табуға болады:

3. Сумен жабдықтау жүйелері және схемалары. Су құбыры ғимараттарының құрамы - Елді мекендерді, өндіріс орнын және басқа да объектерді өз қажеттіліктеріне байланысты сумен қамтитын саланы сумен жабдықтау деп атайды. Суды алу тұтынушыға дейін тасымалдау қажетті су сапасына дейін тазарту ғимараттарының кешенін сумен жабдықтау жүйесі деп атайды. Сумен жабдықтау жүйесінің классификациясы: 1) тұтынушылардың түрлеріне қарай шаруашылық-ауыз су жүйелері, ауыл шаруашылық, өндірістік, өрттік, т.б.; 2) мекен-жай түрлеріне қарай қалаларды, елді-мекендерді, өндірістерді сумен жабдықтау жүйесі; 3) мекен жайлардың қамтылу санына байланысты топтасқан және аудын аралық жергілікті бір мекен жай үшін; 4) суды пайдалану ретіне қарай тікелей ағатын, айналмалы, қайтармалы; 5) қабылданған табиғи су көздері бойынша жер беті су көзін қолданатын жүйелер; 6) судың жіберілуіне қарай өзі ағатын, арынды, араласқан. Сумен жабдықтау жүйесінің мақсаты табиғи су көзінен суды алу тұтынушылардың қоятын талаптарына сәйкес тазарту, қамтамасыз етілетін объект аумағына жеткізу және жеткілікті мөлшерде су тарату. Негізгі элементтер: 1) су алу ғимараты, қабылданған табиғи көзінен су алу үшін; 2) сорғыш бекеттер, берілген шығында, берілген биіктікке суды қажетті арынмен беру; 3) суды өңдеу және тазарту ғимараттары, бұл су тұтынушының сы сапасына қоятын талабына дейін табиғи суды тазарту; 4) су өткізгіштер және су құбыры торабы, бұл суды су тұтынушы объектісіне жеткізу және суды үйлестіріп тарату үшін қолданылады; 5) сақтаушы және реттеуші сыйымдылықтар, ол сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс режиміне сәйкес суды реттеу үшін және қажет мұқтаждарға суды сақтау үшін қолданылады.

4. Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету үшін су көздеріне қойылатын талаптар - талаптар Әр су тұтыну түріне байланысты су сапасына әртүрлі талаптар қойылады. Судың әртүрлі қажеттіліктерге жарамдылығы оның физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштеріне байланысты. Халықты сумен қамтамасыз ету әрбір елді мекен мен қаланың басты міндеті.Таза ауыз судың болмауы аурудың ең басты себептерінің бірі.Сонда да әлем халқының жартысына жуығы ауыз судың сенімді көздерімен қамтамасыз етілмеген.Елді мекенді сумен қамтамасыз етуге халықтың суды тікелей пайд‑мен (ішу, тамаққа), тұрмыстық мақсатқа (кір жуу,тазалау) пайд, қала көлігінің, құрылыс мекемелерінің мүдделерін қанағаттандырулар кіреді.Су тұтынушы ретінде елді мекенді бірқатар ерекшелігі бар:ең бірінші, су сапасына, оның физикалық қасиетіне ж химиялық көрсеткіштеріне қойылатын ең жоғ талаптар.Ауыз су шаруашылық су құбырларының суға деген сұранымы ең жоғ мөлшерде санитарлы‑гигиеналық талаптарды қанағаттандыратын ж а суларымен қамтамасыз етілуі керек.Елді мекенді сумен қамт етудің тағы бір ерекшелігі‑ су пайд мөлшері тәулік бойы тұрақсыз да жыл бойы тұрақты.

Су сапасына қойылатын негізгі талаптар:

  1. суды ақаба сулармен орналасуынан кейін оттегі ертіндісін, мөлшері жылдық кез келген уақытында түскі сағат 12-ге дейін алынған сынамада, 4 мг/л аз болуы тиіс;

  2. 200С –да оттегінің биохимиялық қажеттілігі – ОБҚ (БПК) (органикалық заттардың биохимиялық тотығуына қажет оттегі мөлшері); 3 және 6 мг/л аспауы тиіс, су қоймалар және ағын суларға бірінші және екінші категориялы;

  3. судағы жүзімді заттарды құрамы 0,25 және 0,75 мг/л аспауы тиіс, су қоймалар және ағын сулар үшін тиісінше бірінші және екінші категориялы;

  4. судың иісі және дәмі 2 балдан жоғары болмауы керек. Сонымен қатар, су балық етіне жағымсыз дәм және иіс бермеуі тиіс;

  5. су қоймадағы немесе ағын судың суы өндірістік және коммуналдық ақаба суларымен араласқаннан кейін, қышқылдық 6,5≤рН≤8,5 аралығында болуы тиіс;

  6. түсі су бағанының 20 және 10 см аспауы керек, сәйкесінше су қойма және ағын суларға бірінші және екінші категориялы;

  7. адамдар мен жануарлар зиянды жер ететін улы заттар концентрациясы жіберілмейді;

  8. су қойма бетінде (жүзіп жүрген) қалқып жүрген қоқыс болмауы тиіс (минералды майлар, пленка және т.б.)

  9. ауру қоздырғыштар (тудырғыштар) жіберілмейді (ауру тудыратын бактериялары бар ақаба сулар);

  10. су қоймаға және ағын суға түрлі суларды жібергенде су температурасы 300С жоғары (жаз айында судың максималды температурасымен салыстырғанда) болмауы керек;

  11. минералды тұнба 1000 мг/л көп болмауы қажет, сонымен бірге хлорид – 350 және сульфат – 500 мг/л болуы қажет.

5. Көлтаманды суармалау дегеніміз не? - Көлтабанды суарма дег-көктемде ТҚтың ылғалдылығын арттыру үшін қар суын бөгеу әдісі.Көктемгі қар суының жолына палдар мен бөгеттер жасалып,олардың жоғ жағында қар сулары бөгеліп,көлтабандар п.б.Көктемде еріген қар суы тікелей көлтабанда сақталып, не оларға каналдар арқ жіберіледі.Әдетте көлтабандар табиғи шөптер мен а.ш. дақ-ын суару үшін қолданылады. Табиғи шөптерді суарғанда суару нормалары ж сумен толтыру ұзақтығы ол-ң биолог-қ ерекшелік-не сәйкес болулары керек.А.ш.дақыл-ы егілген көлтабандарды сумен толтырғанда ТҚтағы су қорын өсім-ң өсу дәуірі кезеңінде сумен толық қамтамасыз ететіндей етіп жасауы керек.Көлтабанды суарма а.ш.дақ-ы мен табиғи шөп-ң өнімділігін біршама көтереді(бұршақ тұқымдастар -3-6 есе,сүрлемдік жүгері -3-4 есе,бидай -1.5-3 есе); ол қуаңшылық аудандарда еңістігі 0.001-0.002 тегіс қар суы мол болатын жерлерде қолданыладыКөлтабанды суармалау кең тараған аудандар:Қазақстан,Еділдің арғы беті,Солтүстік Кавказ ж Батыс ж Шығыс Сібірдің далалы аймақтары.Көлтабанды суарманың жақсы жақтары:қаржының аз жұмсалуы,жүйелі суарумен салыстырғанда оның құрылысын салу мен пайд-ң жеңілдігі;ондағы құрылыстар санының аз болуы ж оларды пайд-ң оңайлығы,суды көтермей-ақ жоғары жатқан жерлерді суару мүмкіншілігінің барлығы.Сонымен бірге, ТҚ дымқылдығын көбейту үшін қар суының ұсталып қалуынан ТҚ эрозиясы азайып,ішкі су алмасу күшейтіледі.Көлтабанды суарудың кемшілігіне оны тек қызылсу жүрген кезде ғана болатындығы,ТҚтың дымқылд-ң біркелкі болмауы, суару көлемінің ағатын су мөлшеріне қарай өзгеріп тұруы,көлтабан-ды тек еңісі аз жерлерде ғана ұйымдастыруға болатындығы;Көлтабандар табиғи ж жасанды, уақытша ж тұрақты, тайыз ж терең толтыратындарға бөлінеді.Табиғи көлт жердің табақша тәрізді төмендеген жерлерінде не өзендердің су жайылатын алқаптарында жасалады.Жасанды тұрақты көлтаб су тоқтатқыш палдармен су жібергіш құлақтары бар плотиналар жүйесінен тұрады.Осылардың арқасында учаскелерге қызыл суды жайып жіберіп,мезгілінде оларды судан босатады.Уақытша көлтаб суды екі жаққа айырып тұратын жоталарда ж жазық баурай-ң жоғ жақтарына кішірек, жыл сайын жаңартылып отыратын, палдарды сумен тайыз толтыратын ж терең толтыратын көлтабандар

БИЛЕТ № 3

1. Жоспарлы суды пайдалану дегеніміз не және оның мақсаттары қандай? - Суармалы дақылдарды күтудегі а.ш жұмыстардың барлығының қарқыны мен сапасы ең бірінші, мезгілімен жоғары сапалы суару жүргізумен анықталады.Дақылдарды суару мен трактормен жер жыртуды өңдеуді жүргізуді, жоғары өнім алуға бағытталған, бірыңғай кешенді жұмыстарды ретке келтіру үшін шаруашылықтағы су пай-ды дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Жоспаралудың негізгі шарттары: шаруашылыққа келетін су толығымен пайдаланылуы керек. Сулы ресурстарды қорғау мен пайдалануды мемлекеттік жоспарлаудың тапсырмаларымен төмендегілерді қамтамасыз ету болып табылады:

  • елді – мекендердің ішу және тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыруын

ескеру арқылы суды пайдаланушылар арасындағы суларды таратудың ғылыми негізі;

- суларды қорғау және олардың ластануының алдын – алу;

Сулы ресурстарды қорғау мен пайдалануды мемлекеттік жоспарлау үшін сушаруашылық баланстары, суларды қорғау мен кешенді пайдалану сұлбалары жасалады, сол сияқты экономика салалары мен өндірістік күштердің таралуы мен дамуы сұлбасының құрамына сулы ресурстарды қорғау мен пайдалануды болжау жасалады

2. Елді мекенді сумен қамтамасыз ету проблемалары айналымы. Судың теңдестігі - Ылғал айналым немесе су айналымы – гидросфера, атмосфера және жер беті арасында тұрақты ылғал айналым ағынмен жауын-шашыннан, су буынан, кондесациядан құрылады. Түскен жауын-шашынның бір бөлігі қайтадан буланады, бір бөлігі топырақ арқылы сіңіп жер асты суларын толықтырады. Бір территориядағы су арналары мен суаттар жиынтығы гидрографиялық желі деп аталады. Қорытындысында жауған жауын-шашындар қайта мұхитқа жетеді.

Табиғатта келесі су айналымдары байқалады:

    1. Үлкен, немесе әлемдік айналым: мұхит бетінен буланған су буы, жел арқылы материкке көшіріледі, жауын-шашын түрінде жер бетіне түседі және ағын арқылы оралады.

Ылғал айналым процессінде судың сапасы да өзгереді: теңіз суы буланғанда тұщы суға айналады және де лас сулар тазаланады.

    1. Кіші, немесе мұхиттық ылғал айналым – судың буы мұхит бетінен буланады, жауын-шашын түрінде қайта мұхитқа жауады.

    2. Ішкі континенталдық ылғал айналым – су жер бетінен буланып, қайтадан жауын-шашын түрінде жер үстіне жауады.

Жер бетінен булану әлем бойынша 577 мың км3 суға тең. Бұл көлемнен 505 мың км3 әлем мұхитына жатады, ал 72 мың км3 жерге жатады. Әлем мұхитының үстіне түсетін жауын-шашын 458 мың км3. Буланып жатқан ылғалдылықтың молшылығы 47 мың км3, континент пен аралдарға ауа массаларымен көшіріледі. Бұл жылдық көлем өзендерге, батпақтарға, мұздықтарға, жер асты суларға құрылуға жұмсалынады және адам баласының дамуына, өмір тіршілігіне қолданылады. Осы көлем әлем мұхитына оралады, оның ішінде 45 мың км3 өзендер арқылы, ал 2 мың км3 жер асты суларымен мұхитқа жетеді. Судың теңдестігі.Кіріс пен шығыс сулардың ара қатнасы олардың (су қорларының) бір мерзімде өзгерістері байқалып жатқан объекті судың теңдестігі болып аталады.

Жер шарының су теңдестігінің теңдеуін (уравнение) құру үшін әлем мұхитының және жердің кіріс пен шығыс суларының тендестік шамасын жазамыз:

Х0+Y=E0; XC-Y=E,

мұнда Х0 – ортажылғы мұхиттар мен теңіз беттеріне түсетін жауын-шашындар;

XC – ортажылғы жер бетіне жауатын жауын-шашындар;

E0 – ортажылғы мұхиттар мен теңіз беттерінен булану;

ЕС – ортажылғы жер бетінен булану;

Y - ортажылғы өзен алаптарының ағыны.

Теңдестікті қоссақ, келесі байланысты аламыз:

Х0С=E0С (1.1)

яғни әлем мұхитынан, теңіздерден және континентердің беттерінен буланған су көлемі, бүкіл әлем бетіне жауған жауын-шашынның көлеміне тең.

Судың теңдестігін баяндайтын математикалық формула су теңдестігінің теңдеуі деп аталады. Бұндай формуланы белгілі су объектіге (көл, су қойма ж.т.б.), өзен алабына, гидрологиялық аймаққа, мемлекетке, материкке және жер шарына қолдануға болады.

Су теңдестігінің теңдеуі материя сақтау заңын білдіреді, ал жер шары үшін су теңдестігінің компонентерінің байланысын білдіретін (1.1. кесте) теңдеу. Жоғарыда айтылған булану мен жауын-шашынның цифрлы мәліметтер су көлемінің бірлігімен, метеорологияда әдетте бір мерзімде жауған жауын-шашынның су қабатының биіктігінің бірлігімен анықталады (сурет 1.1.).

1.1. сурет - Әлемдік су айналымы.

3. Ауылшаруашылық дақылдарының суармалау режимі - А.ш.д-ын суарудың саны,мерзімі мен суару норма-ың мөлшерінің жинағы суару режимі д.а.С.Р-ін жобалағанда дақылдың өсіп-өну дәуірі кезінде пайд-тын суының жалпы мөлшері мен ауыспалы егістегі әр дақыл үшін суару ж суармалау норма-ың мөлшерін ж суару мерзімі мен санын анықтау, гидром-ль гр-ін жасап, суару режимін су көздері реж-імен сәйкест-еді.Жобаланған С.Р-і топыраққа қолайлы су, ауа, жылумен қамтамасыз етіп, ыза су-ң деңгейін көтермей, Т.Қ-ң сорлануына жол бермеуі керек.А.Ш дақыл-ң пайд-ын су мөлшері олардың даму кезеңінің ұзақтығына,сыртқы жағдай-ға(күн,темп,су,қорек,ауа) ж дақыл-ң түрі мен сорт-ң биолог-қ ерекшел-іне,байл.б-ы.Өсім-ң даму кезеңінің әр шағында су пайд. мөлшері әр түрлі б-ы.Мыс, астық тұқыдас дақылдар суды түптену ж масақтану кезеңінде, мақта егісі гүлдену кезінде көп пайд.Дақыл-ң пісу кезеңінде суды пайд. азайып,аяқ шенінде мүлде тоқтайды.Өсім-ң суды пайд. мөлшері әр тәулік ішінде де өзгеріп тұрады ж ол су-ң тапшылығымен ауа темп-ң ж өсім-ге жарық түсу мөлшер-ң көбейетін мерзімі-түс кезінде өте мол б-ы.түнде керісінше.Өсім-ң суды пайд. ж оның тиімділігін транспирациялық коэфф, су пайд. ж буланудың жалпы мөлшері арқ байымдайды.Транспирац. коэфф.деп өсімдік-ң 1т құрғақ зат жасау үшін жұмсайтын (сабақ,жапырақ,тамыр,дән) суының мөлшерін айт.Ал суды пайд коэфф деп ТҚ бетінен буланатын ж 1ц товарлы өнім (дән,шиті мақта,жеміс,картоп,шөп) жасау үшін жұмсалатын су-ң мөлшерін айт.Шаруаш. жағ-да ТҚ құнарлығы мен дақылдарды баптау агротехникасы жоғ болған сайын ж өнім молайған сайын бұл коэфф-ң мөлшері азая береді.

4.Ашық ағынның қимасының меншікті энергиясының анықтамасы, графигі. Айнымалы (сынақ) тереңдік - Ағының үлесті энергиясы деп қандайда бір горизонталь өске қатысты кезкелген қима үшін,берулли теңдеуі бойынша анықталатын үлесті энергияның толық қорын айтады.Мысалы ағынның 1-1 жане 2-2 қималар үшін энергия теңдестігін былай жазуға болар еді

E1=E2+hw

Мұндағы hw ағыстың бойыме өсіп отырады, демек ағнның үлесті энергиясы E2 рқашан үздксіз кеміп отырады.

Қиманың үлесті энергиясы деп, сол қиманың ең төменгі нүктесі арқылы үргізілетін салыстыру азықтығына 0-0 қатысты алынған анықталған ағынның үлесті энергиясын айтады.Демек ағын бір қимадан екінші қимаға өткенде өзінің кеңістіктегі жғдайын өзгертіп отырады.

Үлесті энергия ағын бойында өсіп, немесе кеміп отырады. Бірқалыпты қозғалыс кезінде ол өзгеріссіз қалады.

В.Д.Журиннің ұсынысы бойынша ағынның күйін сипаттайтын санды кинетикалық параметр (Пк=aQ2B/gw3) деп атайды .Егер Пк< болса, ағын жайбарақат күйде Пк=1 болса ағын алмағайып күйде Пк> 1 болса ағын бұырқанған күйде болады.

aQ2B/gw3=aV2w2B/ gw3= aV2B/gBh= aV2/gh

бұл өлшемсіз өрнекті Фрудтың бегі саны деп атайды

Ғr= aV2/gh

Ағынның кезкелген еүйі үшін а=1 сондықтан Фруд саны

Ғr= V2/gh

Өте енді арна қималары үшін Фруд санын гидравликалық радиусты пайдаланып та жазады.

Фруд саны ағын қимасындағы екі еселенген үлестікинетикалық энергияның сол қимадағы үлесті патенциалдық энергияға қатынасын көрсетеді.

5. Су қойманың батиграфиялық сиппаттамалары - Су қоймасының негізгі сипаттамаларына су беті ауданы мен ( ) су көлемінің (V) деңгейге немесе тереңдікке (h) қатынасының тәуелсіздігіне байланысты немесе қисығын , су қоймасындағы су беті ауданының қисығы деп атайды, немесе қисығын , су қоймасының көлемдер қисығы деп атайды. Көбіне бұл қисықтарды бір графикке тұрғызады және оларды батиграфикалық қисықтар деп атайды. Статистикалық және динамикалық көлемдер болады. Су қоймасындағы судың беткі ауданы горизонталь болып болжаммен есептлінсе, онда оны статистикалық көлем деп атайды. Егер көлемді су қоймасының деңгейінің қисықтығын ескере отырып анықтаса, онда оны динамикалық көлем деп атайды. Су қоймасының ауданының қисығын тұрғызу үшін үлкен масштабты топографиялық карталар қолданылады. Судың әртүрлі деңгейіне сәйкес келетін су коймасының су беті ауданын (су бетін горизонталь деп қабылдайды) планиметриялау жолымен анықтайды. қисығын тікбұрышты координаталарда тұрғызады: ордината осіне тереңдікті немесе (h) су деңгейін (Н) белгілейді, абцисса осіне ауданды ( ) белгілейді. Су деңгейі ұлғайған сайын су бетінің ауданыда үлкейеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]