- •Билет№ 2
- •Билет№ 4
- •3.Суару және суармалау нормасы. Суару мерзімдері Суғару және суармалау нормасы. Суғарумерзімдері
- •2. Грунттық бөгет көлденең қимасын құру. Бөгет биіктігі мен төбесі бойынша биіктігін анықтау Грунттық бөгеттің көлденең қимасын құру. Бөгет биіктігі мен төбесі бойынша биіктігін анықтау
- •Билет № 5
- •5. Артезиандық жерасты сулары және оларға тән ерекшеліктер, пьезоизогипс
- •Билет № 7
- •5. Насостың типі, маркасы қалай таңдалады. Насосты қондырғының жұмыстық нүктесі қалай анықталады, нені көрсетеді.
- •2.Сркп экономика секторы мен қоршаған ортаға келетін пайда
- •1.Экзогендік агенттерден қалыптасқан жер бедерінің пішіндері.
- •2.Жер бөгеттердің беткейлеп салынуы.Бөгет бермаларының құрылуы.
- •1. Сығылмайтын идеал сұйықтықтың элементарлық ағысының д. Бернулли теңдеуі және оның физикалық мағынасы.
- •3.Активтік турбинаның сұлбасын сызып оның жұмыстық принципін (қағидасын) қарастырыңыз.
- •2. Сушаруашылық кешен (сшк) және оның қатысушылары. Сшк қатысушыларының талаптары мен қарама-қайшылықтары
- •Билет № 16
- •1. Атмосфералыќ жауын-шашынныњ жерасты суларын ќалыптастырудаѓы рµлі
- •Билет № 17
- •1. С±йыќтыњ ќозѓалысыныњ режимдері. Рейнольдс тєжірибелері, саны. Рейнольдс санын практикада пайдалану.
- •Билет № 18
- •2.Табиѓи суларды ластаудыњ негізгі кµздері
- •5. Жабыќ су тастаѓыш ѓимараттар, олардыњ µткізу ќабілетін есептеу Су аѓызѓыш ѓимараттар жєне оныњ жиктелуі
- •Билет № 19
- •2.Жер бµгеттердіњ с‰зілуге ќарсы жєне дренаждыќ ќондырѓылары.
- •Билет № 20
- •Билет № 27
- •2. Су деңгейінің режімі туралы негізгі мәліметтер, суды өлшеу бақылау жұмыстарының маңыздылығы.
Билет№ 4
1. Эндогендік геологиялық процестер. Магматизм. Метаморфизм. Жер сілкінісі. Эндогендік процестердің салдарынан жердің терең қойнауындағы сұйық магма жоғары көтеріліп,жер бетін жетпей суып,кристалданып интрузивтік таужыныстарын құрайды.Кей жағдайларда магма жер бетіне төгіліп,шала кристалданған эффузивтік таужыныстары пайда болады.Эндогендік геологиялық процестер қатарына-магматизм,метаморфизм,тектоника әрекеттері жатады. Магматизм -жердің ішкі геосфераларында өтетін күрделі эногендік геологиялық процесс және жер қыртысының қалыптасуында алатын ролі орасан зор.Бұған дәлел жер қыртысын құрайтын таужыныстарының 95%-ы магмалық процестердің әрекеттерінен пайда болуы.Бұл процесс магманың жер қыртысында болмаса жердің терең қойнауларында пайда болып,жоғарғы қабаттарға жылжу барысында температура мен қысымның күрт төмендуінен кептеліп қалып,кристалдық денелер түрінде магмалық таужыныстарының түзілуімен аяқталады.Магманың құрамында жер қыртысын құрайтын химиялық элементтердің барлығы да кездеседі. Метаморфизм-эндогендік процесс.Ағылшын ғалымы Ч.Лайелдің (1825) ұсынысымен “метаморфизм” термині ғылымға енді(.Грекше “метаморфоз”-өзгеріске ұшырау ).Нәтижесінде таужыныстары алғашқы түр-сипатын жоғалтады,дәлірек айтсақ жердің терең қойнауларында әр түрлі термодинамикалық жағдайларда (жоғары қысым және температура,ыстық термальды ерітінділер) таужыныстарының минералдық құрамы,құрылымдық және текстуралық құрылысы өзгеріске ұшырап,қайта кристалданады.Кейде таужыныстарының минералдық құрамы аздап өзгергенімн,оның жалпы химиялық құрамы бұрынғысынша сақталуы мүмкін.Ал басқа бір жағдайларда кейбір элементтер(оның алғашқы құрамын құрайтын) сыртқы ортадан ауысқан басқа бір элементтермен орын алмастырып,таужынысының құрамы едәуір өзгереді.Олардың текстуралық және құрылымдық өзгерістері қайта кристалдану әрекеттеріне байланысты байқалады.Бұл әрекеттердің барысында таужыныстары әдетте қатты күйінде сақталады.Ал терең қабаттарда жүретін метаморфизм әрекеттері олардың толық балқуымен сипатталады. Жер сілкініс-жердің даму тарихында апат туғызатын табиғи құбылыстардың бірі .Жер қыртысын құрайтын заттарға (қатты күйдегі тау жыныстарына) өте қысқа уақыт аралығында үлкен күшпен (сығым күші) әсер еткен жағдайда,олар тез арада морт сынған болар еді.Ал,ұзақ уақыт бойы әсер етсек,онда жер қыртысынан созылып немесе иіліп әр түрлі қатпарлар түзілер еді.Кейбір жағдайларда бұл әрекеттер жер бетінде серпімді күшті тербеліс немесе жер сілкінісін тудырады.
2. Гидротехникалық ғимараттардың негізі. Топырақ грунты көрсеткішінің қасиеттері. Табиғи су қорларын пайдалануға (өзендер, көлдер, теңіздер жер асты сулары) немесе қоршаған ортаны судың зиян әсерінен сақтап қалуға (кішірейту) жағалаулардың жуылуын және сел ағындарынан қорғауға тағайыдалған құрылғыларды ГТҚ деп атайды.
Гидротехникалық құрылымдарды топтастыру:2.1.1 Жылғалардың және тоғандардың түріне байланысты:-өзендердегі, мұхиттардағы, көлдердегі немесе тоғандардағы, ішкі жүйелердегі немесе тармақтардағы және жер астындағы.-тармақты мелиоративтік құрылымдар:а) реттеушілер (реттеуіш, су шығарғыш, суды бос ағызғыш және тасалағыш, су бөлігіштер);б) су өткізгіштер (дюкерлер, акведуктер, құбырлар, нөсер өткізгіштер және т.б.).в) қиыстырғыштар (құламалар, тезағаралар және т.б.).2.1.2 Жылғалар және тоғандардың бір-бірімен әрекеттестік жағдайлары және орындалатын функцияның сипаттамаларына байланысты:-су тежеуіштер (бөгеттер, бөгеттшелер және т.б.);-су өткізгіштер (каналдар, құбырлар, туннельдер, науалар);- су алғыштар (су алатынқұрылымдар);-су ағызғаштар (су ағарлар, тереңдіктері су ағызғаштар, су жібергіштер).2.1.3 Мақсатына байланысты:-жалпы мақсаттардағы құрылымдар (су тежеуіштер, су өткізгіштер, су ағызғыштар және реттеушілер);-арнайы құрылымдар (каналдар, сорғы станциялары, ГАЭС және ГЭС ғимараттары, деривациялық каналдар және туннельдер, теңестіруші резвуарлар, кеме қатынасатын шлюздер, кеме жайлар, толқын сындырғыштар, бөрене жібергіштер, балық өткізгіштер, балық көтергіштер, балық өсіретін тоғандар, су алғыштар, коллекторлар, тазартқыш станциялар, қорғайтын бөгетшелер, нөсер өткізгіштер).Өзіндік (ГТҚ) пайдалану жағдайларына байланысты екі топқа бөлінеді, тұрақты және уақытша. Бұл жерде уақытша ГТҚ тек қана құрылыс кезінде немесе тұрақты ГТҚ жөндеу кезіндегі пайдаланылатын құрылымдар жатады.Тұрақты ГТҚ жататындар:
1. Негізгі құрылымдар (бөгеттер, бөгетшелер, су ағызғыштар, туннельдер, құбырлар, ГЭС ғимараттары және т.б.).2. Болмашы (вспомогат.) құрылымдар (жөнделетін қақпақтар, кеме қатынайтын шлюздердің палдары, жағалауды бекітетін және мұздан қорғайтын құрылымдар)
Топырақ грунты көрсеткішінің қасиеттері.Грунтар табиғи жағдайда әр түрлі іріліктердегі бөлшектерден тұрады. Сүзілу есептерінде грунтардың гранулометриялық құрамының интегралдық (қосынды) қисығы пайдаланылады, онда бөлшектер фракцияларға бөлінеді және үлгіге алынған массадан пайызбен көрсетіледі.Біркелкілік емес коэффициенті төмендегідей қатынастармен анықталады:
немесе
.
Қабат аралық коэффициент келесі
қатынаспен есептеледі:
,
(4.4)мұндағы d – қарастырылып отырған
грунттың бөлшектерінің диаметрі, см;..Д
– сол грунттың қабатымен жанасқан
грунттың бөлшектерінің диаметрі, см;
3.Су тұтыну. Су тұтыну режимі және нормалары. . Су тұтынушылардың негізгі түрлері. Сумен жабдықтау жүйелерін жобалағанда су мекенжайдың қандай қажеттеріне және оны қандай көлемде және қандай сапада тұтынатынын анықтап алған жөн. Ол үшін суды тұтынушылардың түрлерін толық қамтып, олардың судың көлеміне және сапасына қоятын талаптарын анықтау керек. Су, әрине , әртүрлі қажеттерге жұмсалады, бірақ соның бәрін қамти келе оны төрт топқа жіктеуге болады; 1. Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажеттеріне жұмсалатын су шығыны. Бұл топқа жұмысшылардың жұмыс уақытында тұтынатын су шығындары да жатады. 2. Елді мекендер мен өнеркәсіп орындарын тазалықта сақтауға, газон, жасыл алқаптар мен көшелерді жуып - себуге кететін , яғни абаттандыруға жұмсалатын су шығыны. 3. Өнеркәсіп орындарында өндіріс мұқтаждарына қолданылатын су шығыны4. Өрт сөндіруге кететін су шығыны. Су, бұлардан басқа сумен жабдықтау жүйелерінің өз мұқтажына да пайдаланылады…Халықтың ауыз су қажеттілігіне , шаруашылығына жұмсалатын су таза және мөлдір болуы тиіс. Оның құрамында жұқпалы аурулар тарататын бактериялар , зиянды заттар және дәмі мен иісі жағымсыз болмауы тиіс.
Су тұтыну нормалары. Әдетте, тұрғындардың ауыз суға жұмсалатын су шығыны қаладағы тұрғындар санына байланысты болады. Сондықтан, тәуліктік су шығынын анықтау үшін бір адамға бір тәулікке кететін су мөлшерін білсек жеткілікті, яғни су тұтыну нормасы деп уақыт аралығында белгілі бір қажеттілікке жұмсалатын су шығынын айтады. Тәулік бойынша суды пайдалану басқаруға келмейтін, кездейсоқ процесс болғандықтан, тәуліктік су тұтыну нормасын сумен жабдықтау жүйелері бар басқа елді мекендердің су тұтыну тәжиербесінен алынған мәліметтер негізінде қабылдауға болады. Ондай мәліметтер құрлыстық нормалар және ережелерде (СНиП) жинақталып берілген. Су мөлшерінің ең көбі оңтүстік аймақтарда, ал ең азы солтүстік аймақтарда алынады. (кесте 2.1)
Тұрғын үй аудандарының абаттандыру дәрежесі |
Су қолдану нормасы, л/тәу q |
1-дәреже. Ішкі су құбыры және сарқан су шығарушы құбырмен жабдықталған, шомылатын астауы жоқ үйлер |
125-160 |
2-дәреже. 1-дәреже + шомылатын астау және жергілікті сужылытқышпен жабдықталған |
160-250 |
3-дәреже. 2-дәреже + орталықтандырылған түрде ыстық сумен жабдықталған |
350-350 |
4. Периодты шаймалы тұндырғыш: конструкциясы, гидравликалық есебі Периодты шаймалы тұндырғыш - өндірістік тастанды суды жинайтын жасандықорқойма. Мұнай кәсіпшіпіктерініңтастандысулары мұнаймен біргежербетінешығарылғанминералдылығыжоғарықойнауқатсуларыболыптабылады. Бұларқайтаданөнімдігоризонттарғаайдалуытиіс. СолсудыңТұндырғыштары 0,4-0,7 МПа қысымдағыарынды, атмосфера қысымындағыарынсызболыпажыратылады. Арындыпериодты шаймалы тұндырғыш ұндырғыштардыңсыйымдылығы 100 және 200 м3, арынсыздікі 100-10 000 м3 болады. МұнайменжәнемеханикалыққоспаларменластанғансуларТұндырғыштарғаберіледі, оданәрітазартылған су кәсіпшіліккеайдамаланады да, қойнауқатқақайтаданайдалыпенгізіледі.Периодты шаймалы тұндырғыш – ақаба сулардан түпке тұнатын не қалқыма салынды және майлы заттектерді гравитациялық жіктеп белуге арналған имарат. Тұндырғыш ақаба суды кейін биологиялық тазарту керек болатын жағдайда алдын ала тазарту үшін немесе ақаба судан механикалық қоспаларды ғана ажыратып алу санитариялық тұрғыдан жеткілікті болғанда дербес имарат ретінде қолданылады. Арналу мақсатына қарай тұндырғыштар бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Бірінші реттік тұндырғыштар ақаба суларды биологиялық тазарту имараттарына дейін, екінші реттіктері одан кейін орнатылады. Құрылымына байланысты тұндырғыштар горизонтальдық, вертикальдық, радиальдық және диагональдық болып сараланады. Вертикальдық және диагональдық тұндырғыштар тәулікте өнімділігі 1015 мың текше метрге дейінгі, ал горизонтальдық тұндырғыштар 10—15 мың текше метр, радиальдық тұндырғыштар тәуліктік өнімділігі 20 мың текше метрден астам тазарту станцияларында қолданылады.
5. Ауылдық канализацияның негізі. Сарқынды суды тазарту. 3.Ауылдық жерлердегі канализация негізі Сарқынды суды тазарту. Шаруашылық ауыз су жүйелерінде суды тазалауға арналған ғимараттар әр мемлекеттің 2874-82 стандартына сәйкес судың сапасын қамтамасыз етуі қажет. Бұл жағдайда су тазалау процесіне мынадай операциялар кіреді: 1)суда бар қалқыма заттарды каогуляндыру үшін суды реагенттердің ерітіндісімен баптау, ал каогуляция процесіне кедергі ететін табиғи судың сілтілігі төмен мағынасында суға әк немесе соданы қосып сілтілігін жоғарылату керек. 2) реагентті тазаланатын сумен араластыру, оны 1-2 мин аралығында араластырғышта жасайды; 3) коагулянттың жапалағы пайда болуына жағдай жасау, бұл процесс жапалақ пайда болатын камерада 6-30 мин аралығында өтеді. 4) қалқыма заттар және бактериялар тұндыру жолымен суды мөлдірлету; суды мөлдірлету процесі тік және көлденең тұндырғыштарда немесе суды қалқыма тұнбада өткізу принципіне негізделген мөлдірлеткіштерде өтеді. 5) суды аяғына дейін мөлдірлету және бактерияларды ұстап қалу үшін сүзгілерде сүзу процесі; 6) судағы бактерияларды толық жою үшін хлорлау немесе озондаумен зарарсыздандыру, ол үшін арнайы хлоратор немесе озонаторлар қолданылады. 7) сүзілген суға аммонизаторлар арқ. аммиак қосу; оны суда хлорфенолдық иіспен дәмі барда қолданылады, ал гидробиологиялық факторлармен пайда болған дәм мен иісті ұнтақты активтік көмір қоспасымен кетірген жөн. Мал шаруашылығы өндірістік кешенді және фермаларды сумен жабдықтау жүйесі су көзі түріне байланысты. Су көзіндегі су сапасына, одан суды алу жағдайларына байланысты мал шаруашылығы өндірістік кешенді және фермаларды сумен жабдықтау жүйесінің ғимараттар құрамы анықталады: су қабылдағыштар, 1-ші және 2-ші су көтергіш сорғыш бекеттері, суды тазарту және зарарсыздандыру ғимараттары, арынды реттегіш сыйымдылықтар және су таратушы торап. Көп жағдайларда мал шаруашылығы өндірістік кешені мен фермаларды сумен жабдықтау жанында орналасқан елді-мекенмен бірге сумен қамтамасыз ететін біріккен сумен жабдықтау жүйесі арқылы іске асады. Бірақ ондаған және жүздеген мың бас малдары бар ірі мал шар-ғы кешендері үшін, яғни үлкен су шығыны жұмсалатын кешендерде бөлінген сумен жабдықтау жүйесін қолдану мүмкін. Үймереттің ішінде суды беру және тарату біріккен су құбыры арқылы жүргізіледі, яғни шаруашылық ішетін су өндірістік және өртке қарсы су бір құбырмен беріледі. Мал шар-ғы өндірістік кешенді және фермаларды жабдықтау үшін әр түрлі технологиялық процестерге байланысты ыстық су қажет болады. Ыстық суды дайындау үшін су қыздырғыштар қолданылады.
Сарқынды су деп тұрмыстық, өнеркәсіп және т.б. қажеттерге пайдаланып, әртүрлі қоспалармен ластанып өзінің алғашқы химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерін өзгерткен суларды және елді мекендермен өнеркәсіп орындарының пайда болған жаңбыр суымен көшелерді жуған суларды айтады. Пайда болуы, түрі және қоспалардың сапалық сипаттамасына байланысты сарқынды сулар тұрмыстық су, өнеркәсіп суы және жаңбыр суы деп 3 категорияға бөлінеді. Суды әкету жүйелері сарқынды судың 3 категориясын бірге немесе бөлек ағызуына байланысты жіктеледі: жалпы ағызатын, бөлек ағызатын, жартылай бөлінген және қыйыстырылған түрлері болады. Жалпы ағызатын жүйеде ластанған судың барлық түрін бірге бір құбырмен әкетеді. Бөлек ағызатын жүйе екі түрге бөлінеді: толық бөлінген және толық бөлінбеген. Толық бөлінген жүйеде екі немесе бірнеше су әкету торабы болады. Олардың әр қайсысы лас судың жеке түріне арналады. Жартылай бөлінген жүйеде кем дегенде екі су әкету су торабы болады.
БИЛЕТ№ 6
Кұрметті гос экзамен тапсырушы. Бірінші сұрақ жоқ деп ойлап қалма. 4 сұрақ екеуі бір
2. СРКП негізгі принциптері Су ресурстарын кешенді түрде пайдалану принциптері. Қазіргі заманғы сушаруашылық кешен келесідей негізгі принциптары қанағаттандыруы керек:
кешенге қатысушылардың суға деген сұранысын сан жағынан да, сапа жағынан да қамтамасыздандыру.
табиғи жағдайлардың нашарлауын болдырмай, су ағыны мен су қойманы ластану мен сарқылудан қорғау.
кешеннің барлық қатысушыларының неғұрлым жоғары экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету.
сушаруашылық имаратының толық қанды пайдалануының қарапайым да, сенімді жүйесіне кепіл болып, айтарлықтай ұзақ мерзім қызмет етуін қамтамасыз ету.
Айта кету керек, сушаруашылық кешенінің барлық қатысушыларының сұранысын қанағаттандыру өте қиын, өйткені олар айтарлықтай қарама-қайшы болып, оны кейде бір уақытта шешу мүмкін емес. Мысалы, су көлігі үшін су жолын ашу кезеңінде кеме жүзу тереңдігі керек, ал осы кезде суландыру үшін ең көп су қажет болады. Ұқсас мысал ретінде, гидроэнергетикасы мен балық шаруашылығының мүдделерінің сай келуін айтуға болады.
