Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilety na kazax9.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
52.23 Mб
Скачать

3.Суару және суармалау нормасы. Суару мерзімдері Суғару және суармалау нормасы. Суғарумерзімдері

Суару нормасы деп 1г жерді 1рет суаруға қажет болатын судың мөлшерін айт.Әдетте,С.Н. 1г-ға текше метр мөлшерімен белгіленеді(м3/га). Суару жүйелерін жобалағанда а.ш. дақылдарын суару нормасының мөлшері мен оларды суару мезгілдері ғылыми мекеме-ң ұсыныстарына сай белгіленеді.Мұндай ұсыныстар болмаған жағдайда өсімдік-ді өсу кезінде С.Н-ын мына формула арқ. анықтайды:

m = 100*H*а*(γ-β) м3/га

мұндағы:Н – ТҚ-ң есепке алынған қабатының қалыңдығы;метр

а- есепке алынған ТҚ қабатының көлем салмағы,г/см3

γ-есепкеалынған ТҚ қабатының суарғаннан кейінгі дымқылдығы,(%)ол ең кем ылғал сиымдылық мөлшеріне тең.

β-ТҚ-ңсуару алдындағы дымқылдығы,құрғақ ТҚ салмағынан % есебімен.Есептегенде оны ТҚ дымқыл-ның мүмкіе болған кем мөлшеріне тең.

Кезекті суару арқ ТҚқа жіберілетін судың мөлшері оның есепке алынған қабатының ылғал сиымдылығы деңгейінен көп болмау керек.Ал енді жіберілетін судың мөлшері бұл деңгейден көп болған жағдайда оның әдеттегі аэрация жағдайы бұзылумен бірге өсім-ң қоректену режимі де бұзылып, артық су ыза суға қосылады.Суарудың саны мен мерзімі Суармалау нормасы барлық суарулардың қосындысынан тұрады.М=Em,ал суару нормасының мөлшері бір шамада болғанда суару саны: бұнда:М-суармалау нормасы,m-суару нормасы.Суармалау нормасы деп 1га егістікке дақыл-ң өсу дәуірінде жіберілетін су мөлшері.Суару мерзімі әрбір дақыл үшін оларды өсіру-ң нақтылы жағдайында ТҚ дымқыл-ң қолайлы режимін жасап,жоғары өнім алумен қамтамасыз ету керек.ТҚ-ң су балансы-ң тапшылығы егісті сепкенге дейін жүргізілетін сіңіре суару ж егер алдындағы суару норма-ң мөлшерін есепке ала отырып есепт.(күздік бидай үшін-5-10күн бұрын,аңыздық жүгері -5-10күн бұрын,жаздық бидай ж қант қызылшасы үшін кеш күзде).Сіңіре ж себер алдындағы суарудың мерзімі дақылды суару мерзіміне жақын болғанда суару нормасы азайып,тиімділігі артады.Өсу дәуірі кезіндегі 1-ші ж соңғы суару-ң мерзімін белгілегенде дақыл-ң биолог-қ ерекшелік-н ескеру керек.Мыс,жүгеріні 6-7жапырақ шыққан кезінде суару оның өсіп-өнуін қысқартады,сонд. оларды 9-10 жапырақ п.б-да ғана суару керек.

4. Ұзын жүйектер арқылы суарудың артықшылығы? Ұзын жүйектер арқылы суару артықшылығы. жүйектермен суару кең қатарлы отамалы дақылдарды суару үшін ( мақта егісі, жүгері, қант қызылшасы, картоп, көкөніс ж жеміс жидек) кейде дәнді дақылдарды суару үшін де қолданылады.Жүйектермен суару еңістік мөлшері 0.02...0.03 шамасындағы учаскелерде жүргізіледі. Суды жүйектер бойымен олардың аяғына дейін өздігімен ағып баруын қамтамасыз ету үшін оларды еңістікке әр шамадағы бұрышпен тілуге болады,суарудың бұл әдісін сорланған ТҚтарда қолдануға болмайды, өйткені әрбір суарғаннан кейін жүйектер жотасына, ауыл шаруашылық дақылдарына зиян еріген тұздар көтеріледі.Өзінің тереңдігіне қарай тайыз, орташа, терең болып үшке бөлінеді, ал ағызу жағдайына қарай суды үздіксіз ағызып тұратын ж доғал;Жүйектерге жіберілетін судың мөлшері мол ж оны шайып кетпейтіндей болып, жүйек бойындағы ТҚты біркелкі ж керекті тереңдікке дымқылдандыратындай болуы керек, бұл талап орындалуы үшін жүйектерге жіберілетін су мөлшерін суару мезгілінде реттеп отырылуы керек

5. Сумен қамтамасыз ету үшін қажетті су тұтыну көлемі қалай анықталады? Сумен қамтамасыз етуге қажетті су тұтыну көлемін анықтау. Адамзат дамыған сайын өзінің әрқилы қажеттіліктерін өтеу үшін, өте көп мөлшерде су жұмсайды. Су халықты сумен қамтуға, әртүрлі өндірістік өнеркәсіп үшін, жерді суару мен суландыруға, балық шаруашылығы мен су көлігін дамытуға, сауықтандыру мен су туризмі үшін қажет. Шаруашылықтың ешбір саласының тіршілік етуі мен дамуының, суды пайдаланусыз, елестету мүмкін емес.20 – ғасырда өндіруші күштердің өте жылдам және ауқымды дамуына байланысты, пайдаланатын су көлемі қарқынмен өскен Біріншіден бұл өндірістің және оның су сыйымдылығы үлкен салаларының жылдам дамуымен және энергетиканың қарқынды дамуымен байланысты. Болашақта да судың шығындалуы осындай пропорциямен жүретіні жорамалдануда, сондықтан су ресурстарының сарқылуының алдын алу шараларын қазірден жүргізу керек.Сумен қамтамасыз еткенде, екі категория бөлінеді: сутұтыну және супайдалану. Біріншісіне халық шаруашылығының су қоймадан суды алып пайдаланатын салаларын жатқызуға болады. Сонымен қатар, өндірістік және ауыл шаруашылық өнімдердің құрамына кіретін, пайдалану барысында булануға кететін су бөлігі ысырапқа ұшырайды. Негізгі су тұтынушылар болып өнеркәсіптік және коммуналды сумен қамту және халық шаруашылығында пайдаланылатын су көлемінің жартысынан көбін алатын ауыл шаруашылығының суландыру саласы жатады. Екінші категорияға суды алмай, тек қажетті іс - әрекеттер үшін пайдаланатын салалар жатады. Су пайдаланушылар қатарына гидроэнергетика, су көлігі, сал ағызу, балық шаруашылығы, су туризмі жатады. Көптеген субъекттердің құрылысы, су қойма салуға негізделеді. Суқоймалар тек электр энергиясын алу үшін қызмет етіп қана қоймай, сонымен қатар кеме жүзу үшін қолайлы жағдай туғызып, сумен қамтуға, суландыруға, сал ағызуға, балық шаруашылығына және т.б. пайдаланылады. Ең тұрақты пайдаланушыларға тәулік бойы жұмыс істейтін өндірістік объекттер, елді – мекенді сумен қамту, жылу, атом және гидравликалық электрбекеттері жатады..Халық шаруашылығының кейбір салалары су шығынының мезгілдік және айлық өзгеруімен қатар, тәулік бойында өруіне де тап болған.Ауыз сумен қамту үшін бірінші кезекте ең жоғары сапалы, жерасты су көздеріндегі, ластанбаған суқойма мен сужиналулардан алынған су пайдалануы қажет. Сапасы төмендеу сулар өндіріс пен суаруға пайдаланылады. Соңында, гидроэнергетика, су көлігі мен сал ағызу үшін судың тазалығы маңызды емес. Өндірістік кәсіпорында, суландыру мен энергетикада пайдаланылатын су сапасына қойылатын талаптар әртүрлі, ал кейде қарама – қайшы болып келеді.Жеке супайдаланушылардың талаптарын қанағаттандыруда, керекті кезең уақытында белгілі су көлемін пайдалану мен жеткізуді қамтамасыз ететін суқойма мен сужиналудың реттелгендігі өте зор маңызға ие екенін ескерген жөн. Сонымен, елді – мекендер мен кәсіпорынды сумен қамтамасыз етуді үздіксіз жүргізу керек, өйткені су өте аз уақытқа болса да, тоқтатса, ол үлкен шығын келтіреді. Жерді суару мен өнеркәсіптік үрдістер мерзімінде суды жеткізу қысқа мерзімге тоқтатылса, кішігірім, ыңғайсыздықтар тууы мүмкін...Берілген аймақты суландыруға кететін су көлемі: ;өнеркәсіптегі өнімді шығаруға қажетті су көлемі: ;Әр айда қажетті су көлемі:

БИЛЕТ№ 8

1. Цилиндрлік беттегі сұйықтықтың қысым күшін анықтау. Қысым денесі. Сұйықтықтың цилиндрлік қабырғаларындағы қысым күші.

Қабырға жасаушысы горизонталь цилиндрлік беттегі қысым күші гидростатикалық қысымның жиынды күшіне тең әсерлі күш оның горизонтальдық Рх және вертикальдық Рz құрастырушыларының геометриялық қосындысы түрінде аңықталады, яғни: , (1.23)

Горизонтальдық құрастырушысы: Рх=ρghсωх, (1.24)

мұндағы, ωх-Ох осіне тікелей орналасқан жазықтыққа түскен ылғалданған цилиндрлік беттің проекциясы;

hс-пьезометрлік жазықтың астындағы ωх проекциясьгның ауырлық ортасының орналасу тереңдігі.

Вертикальдық құрастырушысы: Рz=γWg=ρgWd, (1.25)

мұндағы Wd-қысым жасаушы дененің келемі.

Бұл формуладан қысым күшінің қисық бетке әсер еткен Рz вертикаль құрастырушысы шамасы жағынан қысым көрсететін денедегі сұйықтықтың салмағына тең екеніне көз жеткізуге болады.

Ішкі Р күшінің әсерінен құбыр (труба) жарылып кетуі мүмкін. Құбырдың мықтылығын қамтамасыз ету үшін, қабырға қалыңдығын есептеуде цилиндрлік бетке әсер ететін қысымның горизонталь құрастырушы Рх күшін білу қажет. Осы қүрама күштің мәнін пайдаланып, құбыр қабырғасының қалыңдығын анықтайтын формула шығарылады:

, мұндағы р - құбырдағы сүйықтықтың кысымы;D - құбыр диаметрі;[σ] - құбыр материалының мүмкіндік кернеуі.Бұл формула Мариотта формуласы деп аталады (кейде «қазандық» формуласы деп аталады). Инженерлік тәжірибеде осы формуламен ішкі қысым әсерінде тұрған цилиндрлік ыдыстар, резервуарлар, цистерналар, бу қазандары қабырғаларының қалыңдығы есептеледі.

2. Су объектілерінің жүйесі мен сипаттамасы. Су объектілерінің жүйесі мен сипаттамасы. Су обьекттері негізгі екі топқа: жер асты және жер беті су көздері. Жер беті су көздеріне өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, теңіздер, ал жерасты су көздеріне артезиан бассейндері, грунт сулары, бұлақтар жатады. Кез келген өзеннің басталатын жері, яғни бастауы болады. Өзеннің бастауы жер астынан қайнап шығатын бұлақ, батпақ, көл, мұзарт немесе екі саланың қосылатын орны болуы мүмкін. Көл деп жер бетіндегі суға толған, теңізбен тікелей байланысы жоқ, су алмасуы шабан болатын қазаншұңқырлар мен ойыстарды айтады. Бұл анықтамаға сүйенсек, Қаспий, Арал теңіздері секілді ірі су көздері де, сонымен бірге көктемгі қар суына толған сәл-пәл ойыстарды да көлдер қатарына жатқызуға болады. Жасанды түрде жасалған көлді бөген (су қоймасы) деп атайды. Шағын бөгендерді және су өсімдіктері өсіп кеткен, саяз табиғи көлдерді тоғандар, әуіттер деп атайды.

3.Насосты қондырғының қуаты қалай анықталады. Сұлбасын сызып насосты қондырғының тегеуірінін анықтаңыз. Сорап қондырғысының тегеурінін, қуатын анықтау. Турбина арқылы өтетін ағынды су шығыны Qм3/с болса, ал салмақты су шығыны pgQ н/с болғандықтан турбина арқылы өтетін сұйықтан 1с уақытта турбина қабылдайтын қуат келесіге тең болады: Nсұй= pgQН Вт

Бұл қуат бүтіндей турбинаның білігіне берілмейді өйткені гидравликалық турбинаның өзінде энергияның кемуі орын алады да, ол турбинаның пайдалы әсер коэффициентімен ηт (ПӘК) сипатталады:

ηт=Nт /Nж

мұнда Nт-турбина білігіндегі пайдалы қуат. Сонымен турбинаның қуаты:

Nт= pgQН ηт Вт

Көпшілік жағдайда турбина тығыздығы p=1000 кг/м3 тең таза тұщы сумен жұмыс істейтіндіктен және g=9,81 м/с2, ал 1000 Вт=1 кВт теңдіктерін ескеріп, келесі турбинаның қуат формуласын табамыз:

Nт=9,81QН ηт кВт

Насос арқылы өтіп қысымды келте құбырға бағытталған ағынды су шығыны

Q м3/с, ал салмақты су шығыны pgQ н/с болғандықтан насостан қотарылатын сұйыққа 1с уақытта жүктеме берілетін пайдалы қуат келесіге тең болады: N сұй · pgQН ηт Вт

Электр жүйесінен насос тұтынатын қуат бүтіндей жүктем су қуатына айналмайды, өйткені насостың өзінде энергияның кемуі орын алады да, ол насостың пайдалы әсер коэффициентімен ηм (ПӘК) сипатталады

ηн=Nн /Nж

мұнда Nн насос білігіндегі тұтыну қуаты

Насостың қуаты

N= pgQН Вт

1000η

Насостың тегеуіріні Н(м) оған кіре берістегі сорғыш келтедегі е1 мен шыға берістегі қысымды келтедегі е2 меншікті энергиялардың айырмасына тең болады:

Н = е2 - е1 , (2.5.)

м ұнда

4. Жайлымдарды суландыру және суғару. Жайылымдарды сумен жабдықтаудың бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жайылымдардың аумақты жерлерді алып жатуы, жайылатын малдардың бір орнында тұрмай жүріп тұруы, малдардың мезгілдер бойынша суарылуы, судың жаз айларында ғана қажеттігі. Қазақстанда жайылымдар 180 млн. га аймақты алып жатыр, сонд-н оларды сумен жабдықтаудың маңызы зор. Жайылымдарды сумен жабдықтауды ұйымдастыру үшін аймақты мал жайылатын участкалар және мал тұратын қоршауларға бөлу қажет. Әрбір участкаларды өз алдына жеке суару орны жасалады. Жайылым участкалардың ауданы суару радиусымен ерекшеленеді. Суару радиусы дегеніміз су ішетін жерден малдар шаршамай және қоңы төмендемей бара алатын қашықтық.

Жайылымдарда жылдың әр мезгілінде және тәуліктің әр сағатында суды пайдалану әр түрлі, жоғарғыда көрсетілген нормалар арқылы судың тәулік орташа шығынын анықтауға болады. Бірақ су пайдалану жекелеген тәуліктерде және сағаттарда тәуліктік орташа шығыннан ауытқып кетеді. Сондықтан, су пайдаланудың тәуліктік және сағаттық біркелкі еместік коэффициенттенрін енгізеді.

Ауыл шаруашылығындағы жайылымдарды сумен жабдықтау үшін жер беті және жер асты су көздері қолданылады. Жер беті суларының ішінде өзен сулары қолайлы, өйткені олардағы су шығыны жайылымды сумен жабдықтауға қажетті су шығынынан артық. Сондай-ақ, көл, тоған, су қоймаларындағы сулар қолданылады. Бірақ, олар көп жағдайларда әртүрлі ластануға ұшыраған, ондағы су сапасы сумен жабдықтау жүйелері үшін жарамсыз болып келеді.

Сондықтан, жайылымдарды сумен жабдықтау үшін жер асты суларын қолдану өте қолайлы. Оларды жер бетіне құдықтар және ұңғымалар арқылы шығарады.

Жайылымдарды сумен жабдықтауда су сапасына қойылатын талаптар: Мал суаратын су, тазалығы бойынша ауыз суынан төмен болмауы қажет. Қазақстанның шөлді аймақтарында қолданылатын судың минеральдығы қойлар үшін – 5 г/л дейін, ірі қара ал үшін – 2-4 г/л дейін, жылқы үшін – 1 г/л дейін болуы мүмкін.

5. Гидравликалық ырғыманың өңделу шарттарын қарастырыңыз. Ырғымалық функция, оның графигі. Гидравликалық ырғыманың түрлері. Гиравликалық шапшыма деп ағынның буырқанған күйінен жайбарақат түріне, тереңдіктің күрт өзгеруі арқылы өту құбылысын айтады. Әлбетте буырқанған аңын кезіндегі судың арнадаңы тереңдігі алмағайып тереңдіктен км болады. Ал жайбарақат ағын кезіндегі тереңдік алмағайы тереңдітен артық болады. Осы себепті кейде гидравликалық шапшыма деп ағынсу еңгейінің алмағайып треңдіктен төмен жатқан күйінен қысқа арақашықтықта кілт өсіп, одан артып кететін құбылысты айтады. Гидравликалық шапшыма шұғыл өзгеретін қозғалысқа жатады.

Гидравликалық шапшымның бастапқы тереңдігімен соңғы тереңдігі өзара байлнысты сондықтан оларды қосақы нмесе байланысты тереңдіктер деп атайды.Қосақы тереңдіктер айырмасын гидравликалық шапшыманың біктігі дейді

а=h2-h1

Гидравликалқ шапшманың пайда болу себебі мынада.

Еңістігі үлкен арнадан ағып келе жатқан судың жылдамдығы төменгі арнадағы ағынның жылдамдығынан анағұрлым артық жоғарғы ағын төменгі ағынға енгенде ол өзінің көлденең қимасын ұлғайтып орташа жылдамдығын азайтады.

Гидравлический прыжок — это явление резкого, скачкообразного повышения уровня воды в открытом русле при переходе потока из так называемого бурного состояния в спокойное.

Гидравлический прыжок наблюдается, например, при вытекании потока воды из-под плотины, установленной на реке. В этом случае в самом начале русла, следующего за плотиной, уровень воды понижен, а на некотором расстоянии от плотины он повышается

БИЛЕТ№ 10

1. Төрттік түзілімдердің генетикалық типтері: эолдық, аллювий, пролювий, делювий, морендік, теңіздік, көлдік және батпақты шөгінділер. Төрттік түзілімдердің генетикалық типтері: эолдық, аллювий және басқалар. Элювийалды жыныстар негізінен бұзылған немесе үгілген жеріненорын ауыстырмайтын таужыныстары.Делювийалды таужыныстары мору процестерінің барысында таулардың беткейлерінде жиналады.Бұл таужыныстарының элювийалды жыныстардан айырмашылығы,бұл,олардың өнімдерінің тасымалданатындығы.Пролювийалды таужыныстар деп,тау бөктерлерінде жыл маусымдарына байланысты кенеттен болатын тасқын сулардың әрекеттері барысында тасымалданып ысырынды конус түрінде жиналатын таужыныстарының мүжілген кесек бөлшектері мен қопсымалы жыныстардың жиынтығын айтады.Пролювийлік ысырынды конустың басталған жері мен тауға таяу аралығында дөңбек қой тастар көбірек кездеседі,ал жазыққа қарай ұсақ малта тастар,құмдар,сонымен қатар су әрекеті баяулайтын жерлерде лесстер және құмдар мен саздар жиналады,одан әрі қарай гипсті,тұзды болып келетін ағын сулардан алевритті-балшықты жыныстар түзіледі.Аллювий өзен шөгінділерінен тұрады.Өзен аңғарларында және арнасында жиналатын кесек бөлшектерден және борпылдақ жыныстардан құралған шөгінділер аллювийлік болып саналады.Олар аққан судың екпіні мен бағытына қарай ірілі-ұсақты бөлшектерге жіктеліп отырады.Жайылмалық аллювий шөгінділері ұсақ түйіршіктерден құралады.Олар су деңгейінің маусымдық өзгеруіне байланысты түзіледі.Өзендердің ескі арналарында,ескі арналық аллювий шөгінділері кездеседі.Ал өзен жайылмаларының сыртында аллювийлік-делювийлік шөгінділер жиналады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]