Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilety na kazax9.rtf
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
52.23 Mб
Скачать

2. Сушаруашылық кешен (сшк) және оның қатысушылары. Сшк қатысушыларының талаптары мен қарама-қайшылықтары

Сушаруашылық кешені дегенде халық шаруашылығы талаптарынан, бұл кешеннің толық қанды дамуы мүддесі үшін су ресурстарының пайдаланудың техникалық шаралары мен әлеуметтік-экономикалық жүйесін түсіну керек.

Қатысушылар мен құрамаларға сумен қамту және су әкету, гидротехникалық суландыру, су көлігі, сал ағызу, рельеф шаралары, денсаулық сақтау мен су туризмін жатқызуға болады. Сонымен қатар, гидротехникалық суландыруға тек суландыру мен құрғату жұмыстары кірмей, тағы да судың зиянды әсерлерімен күресуге бағытталған шаралары да кіреді.

Қазіргі заманғы сушаруашылық кешен келесідей негізгі шарттарды қанағаттандыруы керек:

  1. кешенге қатысушылардың суға деген сұранысын сан жағынан да, сапа жағынан да қамтамасыздандыру.

  2. табиғи жағдайлардың нашарлауын болдырмай, су ағыны мен су қойманы ластану мен сарқылудан қорғау.

  3. кешеннің барлық қатысушыларының неғұрлым жоғары экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету.

  4. сушаруашылық имаратының толық қанды пайдалануының қарапайым да, сенімді жүйесіне кепіл болып, айтарлықтай ұзақ мерзім қызмет етуін қамтамасыз ету.

Сушаруашылық кешенінің барлық қатысушыларының сұранысын қанағаттандыру өте қиын, өйткені олар айтарлықтай қарама-қайшы болып, оны кейде бір уақытта шешу мүмкін емес. Мысалы, су көлігі үшін су жолын ашу кезеңінде кеме жүзу тереңдігі керек, ал осы кезде суландыру үшін ең көп су қажет болады. Ұқсас мысал ретінде, гидроэнергетикасы мен балық шаруашылығының мүдделерінің сай келуін айтуға болады.

Балық шаруашылығының қажеттілігін өтеу үшін, төменгі бъефке арнайы су жіберіледі, ал ол өз кезегінде ағыспен жоғарыда орналасқан гидростанцияда энергия өндірісін кемітеді. Кейде балшықтанған аудандарда құрғату жұмысының қарқынды жүргізілуі, өзендер мен олардың жеке арналарының су тасымалдығын азайтып, бірқатар супайдаланушылардың мүдделерін бұзуы мүмкін.

Халық шаруашылығындағы өзінің маңызы жағынан елді-мекен мен өнекәсіпті сумен жабдықтау және осыған байланысты, пайдаланылған суды әкету, сушаруашылық кешенінің маңызды қатысушылары болып табылады.

3. Ашық және жабық суармалау желілері. Суару жүйесі суарылатын жерге керекті мөлшерде ж дер кезінде суды жеткізіп тұруының арқасында ТҚтық экономикалық жағынан ең қолайлы су, ауа, тұз ж қоректі режимі сақталып, оның қоректілігі үздіксіз сақталып отырады.Ал өте күрделі ТҚтық мелиоративтік ж гидрогеологиялық жағдайларда (сортаң ТҚтар мен минералды ыза судың деңгейі жоғары болғанда) суару жүйесін жасау үшін ТҚтың су режимін екі жақтан реттейтін, жетіспеген суды жеткізіп тұратын, ал артық суды ағызып тұратын жүйелерді жобалау керек.Жалпы арық атыз жүйесі үш түрде жобаланады: ТҚ арнасында тілінетін төсеніштелген ж төсенішсіз ашық жүйелер; әр түрлі латоктардан (тартпа) жасалатын тартпалы ашық жүйелер; трубадан жасалатын жабық жүйе.ТҚ арнасында тілінетін бетонмен қапталған, қапталмаған ашық жүйелереңіс мөлшері 0.0005тен кем болғанда, канал тартпалар еңіс мөлшері 0.002-0.0005 шамасында болғанда, трубопроводтық жүйе еңіс мөлшері 0.003 ден көп болғанда қолданылады.Егістікте арық атыз жүйесі суармалы жерлерді ұйымдастыру жағдайына, жер беті бедеріне ж шаруашылыұ орталықтарына үйлестіре орналастырылады.Суармулы жерді ұйымдастыру техникалық жағынан жетілген ж ауыспалы егіс танаптары мен басқа пайдаланылатын жерлерді , бригадалық учаскелерді, суарғыштарды, жолдарды, су қоймаларын жтб экономикалық жағынан өте тиімді орналастыруды қамтамасыз ету керек.Жабық жүйеден суарғанда бір мезгілде бапталатын учаске суару учакесі болып табылады.

4.Аэрация белдемінің жерасты сулары және олардың ерекшеліктері. Тау жыныстары қуыстарының сумен қанығуына қарай жер қыртысының жоғарғы бөлігі 2 белдемге – аэрация белдемі және қанығу белдемі болып бөлінеді. Аэрация белдемi – қалыңдығы бiрнеше он, жүз немесе одан да үлкен болып келген жердiң бетi мен грунт суларының бос бетi аралығында орналасқан жер қыртысы қимасының жоғарғы бөлiгi. Онда атмосфера жауын-шашыны мен жер беті суларының тереңге, қанығу белдеміне қарай өтуі байқалады. Аэрация белдемінде тау жыныстары суға толық қанықпайды, оның көп бөлігін ауа толтырып тұрады. Ол белдемде топырақтық және қалқыма сулар жатады.

Топырақтық сулар жер бетiне жақын жатқан тау жыныстарында бу, байланыстағы (ылғалтартқыш-гигроскоптық және пленкалы-қабыршақты) және капиллярлы-iлiнген су түрiнде болады. Бұл сулар жауын-шашынның сiңуiнен, булардың, суару және басқа да сулардың қоюлануынан пайда болады. Олардың өсiмдiктер мен инженерлiк ғимараттарға әсерi зор. Аэрация белдемiнде олардың қозғалысының негiзгi түрi ылғал тасымалдану болып табылады.

Қалқыма сулар дегенiмiз аэрация белдемiндегi өткiзгiш тау жыныстарындағы жерасты сулары. Олар суөткiзбейтiн немесе шамалы суөткiзгiш тау жыныстарының бетiнде линза немесе қабаттар түрiнде қалыптасады. Қалқыма сулар маусымдық болады, олар суөтпейтiн қабаттың қалыңдығы мен қоректену жағдайына байланысты. Ќалқыма сулардың сапасы өзгермелi, ластанғыш. Қалалар мен iрi өндiрiстiк жерлерде техногендiк қалқыма сулар пайда болады. Қалқыма сулар бос деңгейде, аз қалыңдықта болады, олар булануға және грунт суларын қоректендiруге шығынданады. Олар шамадан тыс ылғалданудың немесе батпақтанудың себепшісі болады. Ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді, бірақ жерасты ғимараттарын тұрғызу кезінде қолайсыз жағдайларды тудырады.

Қалқыма сулардың режимі жауын-шашынның инфильтрациясына байланысты. Өзен суларымен гидравликалық байланысы жоқ. Қалқыма сулардың сапасы әртүрлі болып келеді. Ылғалдылығы артық аудандардағы сулар шамалы минералданған (гидрокарбонаттық кальцийлік), ал қуаң аудандарда - өте минералданған (хлоридтік натрийлік) сулар таралған.

5. . Жүйектер арқылы суару желісіндегі су құбырлары. Әдетте жүйектермен суару кең қатарлы отамалы дақылдарды суару үшін ( мақта егісі, жүгері, қант қызылшасы, картоп, көкөніс ж жеміс‑жидек) кейде дәнді дақылдарды суару үшін де қолданылады.Жүйектермен суару еңістік мөлшері 0.02...0.03 шамасындағы учаскелерде жүргізіледі. Суды жүйектер бойымен олардың аяғына дейін өздігімен ағып баруын қамтамасыз ету үшін оларды еңістікке әр шамадағы бұрышпен тілуге болады,суарудың бұл әдісін сорланған ТҚтарда қолдануға болмайды, өйткені әрбір суарғаннан кейін жүйектер жотасына, ауыл шаруашылық дақылдарына зиян еріген тұздар көтеріледі.Өзінің тереңдігіне қарай тайыз, орташа, терең болып үшке бөлінеді, ал ағызу жағдайына қарай суды үздіксіз ағызып тұратын ж доғал;Жүйектерге жіберілетін судың мөлшері мол ж оны шайып кетпейтіндей болып, жүйек бойындағы ТҚты біркелкі ж керекті тереңдікке дымқылдандыратындай болуы керек, бұл талап орындалуы үшін жүйектерге жіберілетін су мөлшерін суару мезгілінде реттеп отырылуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]