Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа

дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға «Әскердегі ағама» өлеңін

мәнерлете оқытып, үй жұмысын қорытындылау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Өтілген

материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Дәптермен жұмыс.

183- жаттығу. Заттың атын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

Бозторғай – дала құсы. Ол тамылжыта сайрайды. Далаға ерекше сән береді. Балалар, бозторғайға тимеңдер.

184-жаттығу. Қарсы мәндес сөздерді жазыңдар.

Қиын – оңай қымбат-арзан

Ауыр –жеңіл жарық-қараңғы

Терең-таяз кең-тар

Биік –аласа алыс-жақын

Сергіту сәті

Ойнап футбол, теннисті, Мектептегі ең күшті,

Шынығамыз толамыз. Спортшылар боламыз

Ү. Қорытынды. Сөз таптарын қайталау

ҮІ. Үйге тапсырма. Әскердегі ағаларыңа хат жазыңдар

ҮІІ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

03.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Күн көзін бұлт баспасын.

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау.

ә) Сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

б) Оқушыларды адамгершілкке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырмаларды сұрап

пысықтау.Мәнерлеп оқытып бағалау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Өтілген

материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі. Балалар, күн көзін бұлт баспасын деген сөзді қалай

түсінесіңдер?

V. Жаңа сабақ. Дәптермен жұмыс

185-жаттығу. Сандарды сөзбен жазыңдар. Сұрақ қойыңдар

1-бір, 40-қырық, 5-бес, 90-тоқсан, 8-сегіз. 80-сексен.

186-жаттығу. Көп гүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.

Елім аман, бақытты, тату, тыныш, үлгілі болсын.

Жерім берекелі, егінді, қазыналы, нулы, шұрайлы болсын

Сергіту сәті

Күн бұлттанды, жаңбыр жауды.

Күн ашылды, кемпірқосақ шықты.

Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп оқыту

Енді соғыс болмасын!

Қабаққа қайғы қонбасын,

Жер бетін өрт шалмасын.

Әр күні бейбіт таң атып,

Әлпештеп жұртты оятып,

Әр күні көкке күн шықсын!

Күрсінбесін аналар!

Күле берсін балалар!

VI.Бекіту кезеңі.Ерлік туралы мақал- мәтелдер айтқызу.

VII. Үйге тапсырма. 187-жаттығу, жаттау 196 бет

ҮІІ. Бағалау

Бекітемін:_______ Ана тілі

04.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Күн көзін бұлт баспасын. Сөйлем

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау.

ә) Сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

б) Оқушыларды адамгершілкке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру