Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Өтілген тақырыптарға толықтай шолу жүргізіп,

сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылау

III. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

Дәптермен жұмыс

178-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді тасымалдап жазыңдар.

Елік

Лағымен екеуі Тікитіп ап құлағын,

Елең-елең етеді. Ертіп алып лағын,

Жүгірсе егер, меніңше, Аралайды даланың

Желді қуып жетеді. Шүйгіні мен бұлағын.

Құ-ла-ғын, құ-лағын, құла-ғын. Бұ-ла-ғын, бұ-лағын, бұла-ғын.

179-жаттығу. Сөздердің тасымалдану түрлерін көрсетіңдер.

Жұл-дыз-ша жұ-мыс-шы ба-лық-шы-лар ше-бер-ха-на

1)жұл-дызша жұ-мысшы ба-лықшылар ше-берхана

2)жұлдыз-ша жұмыс-шы балықшы-лар шебер-хана

Сергіту сәті

Ойнап футбол, теннисті, Мектептегі ең күшті,

Шынығамыз толамыз. Спортшылар боламыз

ІҮ. Қорытынды. Сөздердің тасымалдану жолдарына назар аудару.

Ү. Үйге тапсырма. 181-жаттығу 192 бет

ҮІ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

02.05.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау материалдары . Әскердегі ағама

Сабақтың мақсаты: а) Тасымал туралы алған білімдерін пысықтау

ә)Есте сақтау қабілетін, сөздік қорларын дамыту

б) Елжандылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. 181-жаттығудың орындалуын тексеру

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Өтілген

материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі. Балалар бүгін біз сендермен әскердегі ағама өлеңімен

таныс боламыз

V. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі

Әскердегі ағама

Сау –саламат жүрмісің, Есімде айтқан ақылың,

Әскердегі ағажан? Жақсы оқушы саналам

Түзеуде ел тұрмысын, Ойдағыдай оқуым,

Туыстардың бәрі аман Күнде үздік баға алам

Дәптермен жұмыс

182-жаттығу. Кісі аттары қандай әріптен басталып жазылады?

Амангелді, Төлеген, Ботагөз, Әбіш, Айжан, Мұрат, Қожахмет, Алтынай, Мәриям

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді.

Оқулықпен жұмыс

Оқушыларға өлеңді кезекпен мәнерлеп оқыту

ҮІ. Қорытынды. Сөйлем дегеніміз не?

Мәтін неден құралады?

ҮІ. Үйге тапсырма. Мәнерлеп оқу 193 бет

ҮІІ. Бағалау

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Қайталау материалдары . Әскердегі ағама

Сабақтың мақсаты: а) Жаттығу жұмыстарын орындау

ә)Есте сақтау қабілетін, сөздік қорларын дамыту

б) Сауатты жазуға дағдыландыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу