Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Алтын жұлдыз

Көкте зырлап барады, алтын жұлдыз

Жерде тұрып қарады, Әлия қыз

Алтын жұлдыз алысқа, кетті ағып,

Кетті ағып жас қызға, бір ой салып.

Алтын жұлдыз зымырап, кетті алыс,

Кетті алыс мылтық ап

Бір жап-жас қыз

V.Бекіту кезеңі. Өлеңді қатар –қатар оқытып, сұрақ қою арқылы талдату

VI.Үйге тапсырма. Жаттау 188 бет, оқу 189 бет

ҮІІ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

30.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау

ә)Сабақтағы өтілген тақырыптар бойынша логикалық ойын

есте сақтау қабілетін, сөздік қорын қалыптастыру.

б) Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер т.б.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға «Гүл, Алтын жұлдыз» өлеңдерін мәнерлете

оқытып, сұрақтар қою арқылы үй жұмысын

қорытындылау.

ІІІ. Дәптермен жұмыс. Сауалнама

1.Дұрыс жазылған сөзді тап?

а) астық ә) бәшешек б) орындқ

2.Мәтін неден құралады?

а) сөзден ә) сөйлемнен б) буыннан

3. Ғарышкерлерді ата?

а) Ыбырай, Сәкен ә) Абай, Ілияс б) Тоқтар, Талғат, Юрий

4. Оқушы сөзіне сұрақ қой??

а) кім? ә) не? б) қандай?

5. 9 мамыр қандай мереке?

а) Тәуелсіздік күні ә) Жеңіс күні б) Республика күні

ІҮ. Сергіту сәті

Күн бұлттанды, жаңбыр жауды.

Күн ашылды, кемпірқосақ шықты.

Көру диктантын жазу. Немере

Әжейдің немере қызы бар. Оны кішкентай күнінде әжесі қарады. Немересіне тәтті нан пісірді. Әдемі киім тікті. Кейін әжесі қартайды. Енді барлық жұмысты немересі істейтін болды.

Ү. Қорытынды. Сұрақтар қою

ҮІ. Үйге тапсырма. Қайталау

ҮІІ. Бағалау

Бекітемін:_______ Ана тілі

30.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Тасымал. Елік

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға жаңа тақырып туралы түсінік беру

ә)Логикалық ойлау , есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.

б) Сауатты таза жазуға дағдыландыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, мақалдар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру