Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. 177-жаттығудың орындалу жолын тексеріп, үй

жұмысын қорытындылау

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.Қазақ батылары туралы не білесің?

IV. Мақсат қою кезеңі. Балалар демалыс кезінде қайда демалады?

Ауылды немесе лагерьде т.б

V. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

Оқулықпен жұмыс

Бауыржан да ауылда өсті. Бала күнінде құлынды жақсы көретін. Оның боз құлыны бар еді. Оған өзі қолынан көк шөп жегізіп, шелекпен биенің сүтін ішкізетін. Тақияға салып жем әкеліп беретін. Боз құлын ноқтадан босаса, Бауыржанның қасынан қалмайтын. Бауыржан «құру-құру» деп шақырса-ақ шауып келетін. Ол құлынның үстіне секіріп мініп, шаба жөнелетін. Құрдастары құлын мінген баланың соңынан жүгіріп, таң қалатын. Сонда Бауыржан құлынның кекілінен сипап:

-Бұл-Тайбурыл, мен-Қобыланды батырмын!-дейтін құрбыларына мақтанып.

Боз құлын ақ боз ат болды, бала Бауыржан ержетті. Ол фашистерден Отанын қорғаған атақты батыр атанды. Бір қызығы ол майданда командир болған кезінде үнемі ақ боз арғымаққа мінетін. Бәлкім, баяғы боз құлынын сағынғаннан болар.

Сергіту сәті.

Қарлығашқа ұқсайық, 1-2-3-4 деп алып,

Қане қанат қағайық. Ұшып-ұшып алайық

Дәптермен жұмыс

Үлгі дәптердегі тапсырмаларды орындату

ҮІ. Қорытынды. Аты аңызға айналған батыр кім?

ҮІІ. Үйге тапсырма. Әңгімелеу 186-187 бет

ҮІІІ. Бағалау

Бекітемін:_______ Ана тілі

29.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Гүл. Мәншүк М. Алтын жұлдыз.Әлия М.

Сабақтың мақсаты: а) Қазақтың қос жұлдызы, батыр қыздары , олардың ерліктері

туралы оқушыларға түсінік беру.

ә)Логикалық ойлау , есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.

б) Елін, жерін сүюге, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, мақалдар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Құлын мінген бала» әңгімесінің оқушылардан

мазмұнын сұрап, сұрақтар қою арқылы үй жұмысын

қорытындылау

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Өтілген

материалдарды сұрақтар қою арқылы пысықтау

IV. Мақсат қою кезеңі. Қандай қазақ батырларын білеміз? Соның ішінде ҰОС батырлары туралы білеміз бе? Қазақтың қос жұлдыз, батыр қыздары М.Мәметова мен Ә. Молдағұлова және олардың ерліктері туралы не білеміз?

V. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор. 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды.[1] Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды. Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

1922 жылы Орал облысы, Орда ауданында Мәметовтер отбасында Жиенғалидың Мәнсия атты қызы дүниеге келеді. Анасының еркелетуінше, ол  - «Моншағым» екен. Кейіннен Мәншүк аталып кеткен ерке  арудың жиырмадан астам жылдан соң, ержүрек қыз атанып, тарихта қаларын кім білген?!. Ата-анасынан ерте айрылған ару қыз жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен  соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған  бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.

Осылайша, Отанды артқа тастап, ерлермен қатарласып жүріп жаумен алысты

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар, Кіп- кішкентай ағаштар,

Алдымнан жел еседі. Біп- биік болып өседі.

Оқулықпен жұмыс. Гүл

Мәншүк атыс толасында,

Жүр орманның арасында

«Мені ал, мені ал» деп алуан гүл

Қолына оның таласуда

Тығылып гүл омырауға,

Сұрағандай жанға сауға

Ант еткендей тұрды Мәншүк

Гүлді жауға таптатпауға.