Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Біздің аула

Біздің аула өте көрікті. Оның айналасында жеміс ағаштары, әсем гүлдер өседі. Аулада бұрқақ, жасыл алаң бар. Алаңда түрлі спортпен шұғылданамыз. Жазда футбол, қыста хоккей ойнаймыз. Біз ауламызды күтіп ұстаймыз. Аула таза.

VI.Жаңа материалды пысықтау. Мәтін дегеніміз не?

VII.Бекіту кезеңі. Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемдегі сөздердің байланысы

сұрақтарына жауап беру.

VIII. Үйге тапсырма. Мәтіндерді оқу 178-179 бет

ІХ. Бағалау

Бекітемін:_______ Ана тілі

23.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Бұғы. Жиде

Сабақтың мақсаты: а) Сөздердің мағынасын түсіндіру, әңгіме құрастыра білуге

үйрету

ә)Оқушылардың ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, сөздік

қорларын дамыту

б) Оқушыларды ұқыптылыққа,табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.-Жылдың қанша мезгілі бар?Сызба арқылы көрсету. Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі.Сөз дегеніміз не? Сөздердің байланысын қалай білеміз?

V. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

168-жаттығу. Мәтінде неше сөйлем бар? Жиде туралы айтылған сөйлемді жаз.р

Жиде

Жиде – жемістің бір түрі. Жиде ағаштары бақта өсіріледі.

Мәтін бес сөйлемнен құралған.

Сергіту сәті

Қарлығашқа ұқсайық, 1-2-3-4 деп алып,

Қане қанат қағайық. Ұшып-ұшып алайық

169-жаттығу. Ауызша Бұғы қандай жануар, қандай шөптерді жейді?

VI.Жаңа материалды пысықтау. «Кім көп біледі?» ойыны

VII.Бекіту кезеңі. Мақал-мәтелдер. Көктем туралы мәтін құрастыру.

VIII. Үйге тапсырма. «Табиғатым -тынысым» тақырыбына әңгіме құрап келу

Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

24.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы:Сілеусін

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға жаңа тақырып туралы түсінік беру

ә) Оқушылардың сөздік қорын есте сақтау

қабілетін дамыту.

б) Өтілген тақырыптарды пысықтай отырып

ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу