Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Қаздарым» өлеңін оқушыларға мәнерлете оқытып,

сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі. Балалар, далаға қарайықшы қандай? Қазір қандай жыл

мезгілі?

V. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

Оқулықпен жұмыс

164-жаттығу. Мәтінді оқып, түсініңдер. Онда не туралы айтылған.

Жалбыз

Жалбыз – пайдалы өсімдік. Оның иісі сондай жақсы. Жалбыз сулы жерлерде өседі. Жалбыздан дәрі жасалады. Өзіміз жейтін кейбір кәмпитте, беті-қол жуатын сабында, тіс жуатын пастада жалбыздың иісі бар.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар, Кіп- кішкентай ағаштар,

Алдымнан жел еседі. Біп- биік болып өседі.

Оқулықпен жұмыс. «Қонжық» мәтінін оқыту

Қонжық дегеніміз аюдың баласы. Оның енесін кірекей дейді. Кірекей қонжығын қыс айларында туады. Бірақ бұл кезде кірекейдің өзі ұзақ ұйқыда жатады. Ал қонжық болса, енесінің мамығына оранып алып, ұйқы соғады. Ешкімнің көмегінсіз-ақ енесін өзі еміп, тойып алады. Кірекей көктемде, ұйқысынан оянған кезде, біраз өсіп қалған қонжығы енесіне ілесіп, кең дүниені көруге кете береді.

VI.Жаңа материалды пысықтау. Сөздерді қатыстырып сөйлем

құрау.Карточкалармен жұмыс. Гүл, дала, тау

VII.Бекіту кезеңі. «Кім жылдам?» ойынын ойнату

VIII. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу 177 бет

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

22.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Тауық. Мәтін

Сабақтың мақсаты: а) Мәтін туралы алған білімдерін одан әрі қалыптастыру

ә)Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын қалыптастыру

б) Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:суреттер,дидак. материалдар

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.-Жуан дауыстыларды атаңдар.а,о,ы,ұ- Жіңішке дауыстыларды атаңдар ә,і,ү,ө,и,е,- Жалғау дегеніміз не?Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі.Өткен тақырыпты білетін болсақ жұмысымызды одан әрі

жалғастырамыз

V. Жаңа сабақ. Сурет бойынша әңгіме құрастырайық. Тақырыбы: «Үй құстары»

166-жаттығу. Мәтінге тағы қандай ат қоюға болады. Тауық

Мұрат тауықтарға жем шашты. Ақ тауық балапандарымен жемді теріп жей бастады. Сол кезде шұбар тауықтың бір балапаны жемге жүгіріп келді. Оны ақ тауық қуып жіберді.

Сергіту сәті

Қарлығашқа ұқсайық, 1-2-3-4 деп алып,

Қане қанат қағайық. Ұшып-ұшып алайық

Дәптермен жұмыс

167-жаттығу. Мәтінді оқып,онда не туралы айтылғанын талдау. Ат қою.