Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға «Қаздарым» өлеңін мәнерлете оқытып,

сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Өтілген

материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі. Біз сендермен өтілген тақырыптарды ойын арқылы

пысықтаймыз.

-«Кім жылдам?»ойыны алма ағашындағы алманы кім себетке жинап болады, сол топ жеңіске жетеді.

Дәптермен жұмыс. Сөйлемдерден мәтін құрап жаз және оған ат қой

Жазда көк көтеріледі. Жер қызды. Жаз шықты. Табиғат сұлулығы таңғалдырады. Мал тойынады. Құстар балапан шығарады. Ақ молаяды. Жаз-тіршілікке жайлы мезгіл. Жеміс-жидек, көкөністер піседі.

Сергіту сәті.

Ойнап футбол, теннисті, Мектептегі ең күшті,

Шынығамыз толамыз. Спортшылар боламыз

VII.Бекіту кезеңі. №15 өзіндік жұмысты орындату

VIII. Үйге тапсырма. Отан туралы 5 мақал жазу.

ІХ. Бағалау

Бекітемін:_______ Ана тілі

19.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау

ә)Сабақтағы өтілген тақырыптар бойынша логикалық ойын

есте сақтау қабілетін, сөздік қорын қалыптастыру.

б) Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер т.б.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Оқушыларға «Қаздарым» өлеңін мәнерлете оқытып,

сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылау.

ІІІ. Дәптермен жұмыс. Сауалнама

1.Заттың атын білдіретін сөзді тап?

а) алма ә) биік б) жиырма

2.Заттың сынын білдіретін сөзді тап?

а) қызыл ә) әке б) тау

3. Заттың санын білдіретін сөзді тап?

а) Алматы ә) алпыс б) кітап

4. Заттың қимылын білдіретін сөзді тап?

а) дүкенші ә) мектеп б) ойнады

5.Сөйлем дегеніміз не?

а) сөзден құралады ә) әріп б) буын

ІҮ. Сергіту сәті

Күн бұлттанды, жаңбыр жауды.

Күн ашылды, кемпірқосақ шықты.

Көру диктантын жазу. Құмырсқа

Құмырсқа – еңбекқор жәндік. Олар илеулерінде топтасып тіршілік етеді. Илеулерінің іші бірнеше бөлмеден тұрады. Азығын қоймаға жинайды. Көктемде илеу ішін тазартады. Ауызбірлік пен еңбекқорлықты құмырсқадан үйрену керек.

Ү. Қорытынды. Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтаңдар?

ҮІ. Үйге тапсырма. Еңбек туралы бес мақал жазу.

ҮІІ. Бағалау

Бекітемін:_______ Ана тілі

20.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Мәтін. Жалбыз. Қонжық

Сабақтың мақсаты: а) Мәтін туралы түсінік беру.Мәтінді оқи отырып білімдерін

қалыптастыру

ә) Ойлау қабілеті мен көркем жазу қабілеттерін

қалыптастыру.

б) Оқушыларды табиғатты аялауға , оны қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, карточкалар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу