Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Өткен сабақты қайталап, жаңа сабақпен байланыстыру.Сөйлем дегеніміз не?Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?

IV. Мақсат қою кезеңі. Сөйлемде қандай тыныс белгілеріқойылған. Алақай, анам келе жатыр!Сөйлемде неше сөз бар?

V. Жаңа сабақ. Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күндегідей емес, ерекше.Кәне осы сабағымыздың мақсатын білейік.(плакаттағы ту суретін көрсетіп, жазуы оқылады).

Сөйлемдегі сөздер бір бірімен байланыста болады. Олардың байланысын сұрақ қойып білеміз.

1 Мамыр- Қазақстан Халқының Бірлігі күні

Жан біткендей жас талға,

Шуақ ойнап арайлы.

Күн күлімдеп аспанда,

Мамыр әні тарайды.

Жайдары жаз төрге еніп,

Жадыратты жұртымды.

Жер дүние тербеліп,

Қала, дала құлпырды.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді.

Дәптермен жұмыс

160-жаттығу. Сөйлемдегі сөздердің байланысын байқаңдар.

Көк ту желбіреді. Көк ту-ту не істеді? Қандай ту?-көк ту.

161-жаттығу. Ауызша. .Сурет бойынша қысқаша әңгіме жүргізу. Суретте қандай мереке бейнеленген?1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні.

VI.Жаңа материалды пысықтау . Мамыр Н.Оразалин . Өлеңді мәнерлеп оқу

VII.Бекіту кезеңі. Карточкаларды2-3 оқушыға таратып беріледі.Сөйлемдегі сөздердің байланысын табу.Жаңбыр жауды.Күн күркіреді.Балалар жылы киінді.

VIII. Үйге тапсырма. Мамыр өлеңін мәнерлеп оқу 175 бет

ІХ. Бағалау .

Бекітемін:_______ Ана тілі

18.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Қаздарым.

Сабақтың мақсаты: а) Сөйлемдегі сөздердің байланысы тақырыбын қайталата

отырып сөйлем туралы жетік білуге жаттықтыру.

ә)Балалардың сөздік қорын байыту, ой-өрісін дамыту.

б) Ойлай білуге, ойын толық жеткізе алуға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі :плакаттағы сөздер, карточкалар, сюжеттік ойындар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Сөз ойла.Сөзден сөйлем құрастыру.Сөздердің байланысын айтып беру.Күн жылынды.Жел соқты.

IV. Мақсат қою кезеңі.Сөйлем сөздің байланысын қалай анықтаймыз? Мысалдар келтіру.

V. Жаңа сабақ.Сурет бойынша сөйлейік. Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі.

Тақтаға көрнекілікті іліп, көрнекілікке жұмыс жүргізу. Жеке әр суретті көрсете отырып сөйлем құрастыру. Сөйлемдегі сөздердің байланысын тапқызу.

Қарлығаш ұясына қонды.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш бойға жинап күш,

Қолға қалам аламыз, әдемі етіп жазамыз.

Дәптермен жұмыс

162—жаттығу. Сөйлемдерді оқып, ондағы сөздердің байланысын табыңдар

Шөп өсті. Атам шөпті шапты. Біз шөпті тасыдық.

163-жаттығу. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің байланысын табыңдар.

Балапан ұясынан құлап түсті. Қарлығаш шырылдап ұшып жұр. Айдар балапанды ұяға салды. Қарлығаш ұясына қонды.

Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп оқыту.

-Қазым, қазым, қайдасың?

-Көк өзенді сайдамын.

-Неғып жүрсің су кешіп?

-Сайрандаймыз гулесіп.

-Жарылады-ау табаның!

-Айтты мұны саған кім?

-«Су кешпей жүр, -деді апам!-

Сақта есіңе сен қатаң»!

Сен ше?

-Маған мына көл-қопаң,

Айдын-шалқар-кең Отан!

VI.Жаңа материалды пысықтау. Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтау.

VII.Бекіту кезеңі. Қаздарым. Қ.Толыбаев.Өлеңді мәнерлеп оқу. Рөлге бөліп оқыту.

VIII. Үйге тапсырма. Мәнерлеп оқу 176 бет

ІХ. Бағалау .

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау

ә)Сабақтағы өтілген тақырыптар бойынша логикалық ойын

есте сақтау қабілетін, сөздік қорын қалыптастыру.

б) Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер т.б.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу