Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Геолог» өлеңін оқушыларға мәнерлете оқытып,

сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылау

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.

IV. Мақсат қою кезеңі. Балалар, қазақтың тұғыш ғарышкері кім? Ол туралы не

білеміз -Т.Әубәкіров

V. Жаңа сабақ. Тұңғыш ғарышкер туралы, оның өмірбаяны туралы мағлұмат беру.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988),Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979). 1969 — 75 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1976 — 1992 жылдары Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. 1988 жылы кеңес одағында алғаш рет әуеде ұшаққа екі мәрте жанармай құйдыру арқылы солтүстік ендікке қонбай ұшуды ерлікпен жүзеге асырды. Реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды.

Дәптермен жұмыс. 158-жаттығу

Байқоңыр

Ғарышкерлер мекені-

Қазақ жері Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім Байқоңыр

Сергіту сәті.

Ойнап футбол, теннисті, Мектептегі ең күшті,

Шынығамыз толамыз. Спортшылар боламыз

Оқулықпен жұмыс

Жаңа тақырыпты оқушыларға толықтай оқыту

VI.Жаңа материалды пысықтау. Алғаш ғарышқа ұшқан кім?

Қай жылы ұшты?

VII.Бекіту кезеңі. Сөйлем дегеніміз не?

Сөйлемнің соңында қандай тыныс белгілері қойылады?-

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?

VIII. Үйге тапсырма. 159-жаттығу 172 бет

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

17.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мамыр

Сабақтың мақсаты:а) Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы білімдерін

меңгеру.

ә)Тапсырмалар орындау барысында жаңа білімдерін одан әрі

дамыту

б) Сауатты,көркем жазу дағдысын қалыптастыру, әдемі

сөйлей білуге баулу,ой-өрісін кеңейту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу