Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген «Балаларға» өлеңін мәнерлеп оқыту,

152-жаттығудың орындалуын анықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

Сөйлем дегеніміз не?Сөйлемнің сөзден ерекшелігі не?Мысал келтір.

IV. Мақсат қою кезеңі.-Балалар, ең сүйікті сабақтарың қай сабақ?-Ана тілі, тағы да ән. Ендеше бүгін біз сендермен Ән сабағы өлеңін оқимыз.

V. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

Күләш апамыз жасынан өнерді қастерлеп, ән-күйге әуес болып өскен.Әжесі Жасын-әжептеуір әнші болған.Шара апаларың халқымыздың бишілік өнерінің негізін қалаған.

153-жаттығу . Көшіріп жазыңдар

Жамбыл жыр алыбы. Ол жүз жасаған қарт бабаң. Жамбыл Сүйінбай ақыннан бата алған.

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

154-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді көтеріңкі дауыспеноқыңдар.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылған.

Жасасын бейбітшілік! Отанымыздың даңқы арта берсін! Көктем қандай тамаша! Алақай, апам келе жатыр!

Оқулықпен жұмыс. Ән сабағы өлеңін оқу

Мектептің әдемі ғой ән сабағы,

Қызық ау, әсіресе, ән сабағы.

Шәрипа Шара болып би билесе,

Күлипа Күләш болып ән салады.

Бәріміз бұл сабақта тамашамыз,

Үкілі бөрік киіп жарасамыз.

Апайға ән үйреткен риза боп,

Үйді үйге өлең айтып тарасамыз.

Балалар , қандай аттарды естідік? Мұнда сендер өнер қайраткерлері Күләш Байсейітова апаларың, т.б өнер қайраткерлерімен таныс болдыңдар.

VI.Жаңа материалды пысықтау.Өнер қайраткерлерінен тағы да кімді білеміз?

Қазіргі жас әнші, бишілерден кімді атай аласың?

VII.Бекіту кезеңі. Сөйлем деген не? Сөйлем неден құралады?Сөйлемнің сөзден

ерекшелігі неде? Музыка ойнап «Ән сабағы » өлеңін айту.

VIII. Үйге тапсырма. Ән сабағы өлеңін жаттау 166 бет

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

13.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Сурет сабағы. Сөйлем. Суретші ата Қастеев.

Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем туралы білімдерін пысықтау.Қастеев туралы түсінік

беру.

ә) Сөйлем туралы білімдерін жетілдіре отырып, таным

әрекетін дамыту.

б) Патриоттық сезімін қалыптастырып дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, Қастеев суреті,өмірбаяны

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген «Ән сабағы» өлеңін жатқа сұрау, қандай

өнер қайраткерлерін атадыңдар. Қайталап сұраймын.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Сөз неден құралады?

Сөйлем неден құралады? Сөйлем деген не?

IV. Мақсат қою кезеңі. Түрлі-түсті қаламды қай сабақта пайдаланамыз?

-Сурет сабағында. Сурет сабағы. «Суретші ата

Қастеев».Барлықтарың оқулықтарыңды ашыңдар.

V. Жаңа сабақ. Суретші болу үшін не қажет? Өзің қандай суретті салғанды

ұнатасың? Суретшілерден кімді білесің?

Дәптермен жұмыс.

155-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді көшіріп жазыңдар.

Көйлекті неден тігеді?Көйлекті матадан тігеді.Нені сүттен ұйытады?Айранды сүттен ұйытады.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылған?

156-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгілері қойылғанын аңғарыңдар.