Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Абылайхан» тақырыбының оқушылардан мазмұнын

сұрап, сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Ережелерді еске

түсіру, мысалдар келтіру.

IV. Мақсат қою кезеңі.Бүгінгі өтетініміз қазақ батырлары Бұқар жырау

V. Жаңа сабақ. Мұғалім түсіндіруі

1.Қандай қазақ батырларын білесіңдер?

2. Ер қаруы- бес қару.

Бұқар жырау. Қазақ батырларының аттарын жазып алыңдар.

Ер қаруы –бес қару.Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар.

Дәптермен жұмыс

142-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңдар. Заттың сынын, санын білдіретін сөздерді жаз.

Біріншісі-қызыл,

Екіншісі-қоңыр,

Үшіншісі-ақ бұйра,

Бәрі маған үйір.

143-жаттығу. Қанша? Неше? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді атаңдар.

Батыр бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі.

Мақал

Батыр туса – ел ырысы,

Жаңбыр жауса – жер ырысы.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян, Ойлы-қырлы жерлермен,

Естіп қалып сыбдырды. Ытқып-ытқып жүгірді.

VII.Бекіту кезеңі. -Қандай қазақ батырларын білесіңдер?

-Ер қару –бес қаруды атаңдар.

-Мақал деген не?

VIII. Үйге тапсырма. 144-жаттығу. Оқу 158 бет

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

09.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Өзіндік жұмыс

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау

ә) Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың тіл байлығын

ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.

б) Оқушыларды батылдыққа, өжеттілікке, елін-жерін сүюге

тәрбиелеу

Сабақтың түрі: қайталау сабақ

Көрнекілігі:оқулық, қазақ батырлары суреті,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II. Мақсат қою кезеңі.Бүгін біз сендермен өтілген тапсырмаларды қайталап шолу

жасаймыз.

III.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырманы , яғни Қазақ батырларын

кім айтады?

IV.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Дыбыс деген не?Әріп деген не?Буын ден не?Буын неден құралады?Заттың сынын білдіретін сөздер, санын білдіретін сөздер. Заттың атын білдіретін сөздер анықтамасы. Мысал. Сұрағы.Қандай билерді білеміз?

Дәптермен жұмыс.

145-жаттығу. Заттың атын, қимылын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

Жер көгерді. Ағаш гүлдеді. Бақта құстар сайрады. Балалар ойнады. Асылтай мен Еркебұлан гүл терді.

147-жаттығу. Цифрларды сөзбен жазыңдар. Сұрақ қойыңдар.

5-бес, 7-жеті, 9-тоғыз, 30-отыз, 50-елу, 100-жүз.

Сергіту сәті.

Ойнап футбол, теннисті, Мектептегі ең күшті,

Шынығамыз толамыз. Спортшылар боламыз