Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылардан «Үш би» өлеңін жатқа сұрап, сұрақтар

қою арқылы үй жұмысын қорытындылау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.Үш би туралы не

білеміз? Ережені еске түсіріп, мысалдар келтірейік.

IV. Мақсат қою кезеңі. Бүгінгі өтетініміз «Махамбеттің тапқырлығы - Кім

айтады,Махамбет кім?

V. Жаңа сабақ. 1.Мәтінді оқу. Мақал жаттаймыз. Мереке күндерімен танысамыз.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

139-жаттығу. Неше? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып жазыңдар.

Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, он бір.

Мақал.

Сөз сүйектен өтеді.

Сергіту сәті.

Қандай жылы күн шуақ, Қызығына қараймын,

Балапандар жүр шулап. Бір, екі, үш деп санаймын.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға санамақты толықтай оқыту.

VII.Бекіту кезеңі. Оқушыларға жалпылама сұрақ қою. Махамбет кім?

VIII. Үйге тапсырма. Санамақ жаттау. Махамбеттің тапқырлығы оқу, әңгімелеу.

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

06.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Абылай хан.Мақалдар.

Сабақтың мақсаты: а) Заттың санын білдіретін сөздер туралы білімдерін

қалыптастыру.Қазақтың батыр ханы Абылай туралы

мағлұмат беру.

ә) Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың ойлау

қабілетін, сөздік қорын , есте сақтау қабілетін дамыту.

б) Оқушыларды батылдыққа, өжеттілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, Абылай хан суреті,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелеу

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Махамбеттің тапқырлығы» әңгімесінің оқушылардан

мазмұнын сұрап, сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.-Бүгін қазақтың

батыр ханы, қолбасшысы Абылай туралы өтеміз.

IV. Мақсат қою кезеңі.1. Абылай хан туралы айту

2. Мақалдар жаттау.

3.Үш қозы өлеңін оқу

V. Жаңа сабақ:1. Абылай хан туралы мәтінді оқуп түсіндіру.Абылай хан туралы суретін көрсете отырып түсінік беру.

Қазақ хандарының арасында Абылайдың орны ерекше. Абылай хан Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуы жолында көп еңбек сіңірген. Ол Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды билердің ақылына жүгінген. Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Наурызбай сынды батыр бабалардың қаһарман ерлігіне сүйенген. Болашақ ісіне солардан бағдар алып отырған.

Мақалдар: 1. Жер таусыз болмайды , халық хансыз болмайды

2.Ханда қырық кісінің ақылы бар

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ, Қосып едім екеуін,

Сол қолымда бес саусақ. Болып шықты он саусақ.

Дәптермен жұмыс

141- жаттығу. Нешінші? сұрағына жауап беретін сөздер мен ай аттарын жазыңдар.

1-2 қаңтар, 8 наурыз, 22 наурыз, 1 мамыр, 9 мамыр, 30 тамыз, 16 желтоқсан

VI.Бекіту кезеңі. -Абылайхан кім?

Тағы қандай хандарды білесің?

Хан туралы қандай мақалдар білесіңдер?

VIII. Үйге тапсырма. Әңгімелеу 156 бет

ІХ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

08.04.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың санын білдіретін сөздер. Қазақ батырлары

Сабақтың мақсаты:а) Заттың санын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау.

Қазақтың батырлары туралы мағлұмат беру.

ә)Жаттығулар орындау арқылы оқушылардың тіл байлығын

дамыту.

б) Оқушыларды батылдыққа, өжеттілікке, елін-жерін сүюге

тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, қазақ батырлары

суреті,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру