Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

22. Сабақтың тақырыбы: н дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Н дыбысы және әрпі туралы алған білімін пысықтау.

2. Адамгершілік тәрбие беру 3. Ой-өрісін дамыту, сөздін қорын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру:естеріне түсіру,хормен оқыту,жеке –жеке оқыту

ІҮ. Жаңа сабақ.а) Буындық талдау жасау. ә) Оқулықпен жұмыс.

-балалар мына суреттен кімді көріп тұрсыңдар? -Ананы, баланы. -Ана туралы әңгіме.б) Сөздерді буындап қосып оқу. Ана пана атан атан Нан апта тана

б) Сурет бойынша сөйлем құрату. в) Н дыбысына қатысты сөз ойлау, буынға бөлгізу.

Найза-Бес қарудың бірі. Ананас- тәтті жеміс. Тон-қыстық киім.

Сергіту сәтін өткізу. Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту.

Ү. білімді бекіту, тиянақтау. -Біз қандай әрітерді білеміз? -А қандай дыбыс? П,т,н Қандай дыбыс?г) Дәптермен жұмыс.Н әрпіне берілгенді дәптеріне жазғызу. Сергіту сәті.

Жазу жазып өзіміз,

Шаршап кетті қолымыз.

Аздап демді аламыз,

Көркем етіп жазамыз.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз қандай әріпті танып, не істеуге үйрендік?

23.Сабақтың тақырыбы: ғ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: а)Оқушыларға Ғ дыбысы мен әрпі туралы түсінік беру.ә) Сөздерді буынға бөлу арқылы білімдерін дамыта түсу. б) Сурет бойынша дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы сөздік қорын дамыту

Көрнекіліктер: Ғ дыбысына байланысты суреттер

Сабақтың түрі:аралас

Сабақта пайдаланылатын әдіс-түрі: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен амандасып қажетті құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы талдап, сұрап, пысықтау -Кеше қандай әріппен таныстық? Н әрпі.Ол дауысты ма әлде дауыссыз ба?Тізбектете оқыту.

ІІІ.Жан- жақты білімін пысықтау Өтілген тақырыпты пысықтау

ІҮ. Жаңа сабақ Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:Ғ дыбысы мен әрпі деп аталады.Ғ дыбысын хормен айтқызу.Ғ дыбысы мен әрпі дауыссыз дыбыс.Тізбектете оқыту Оқулықпен жұмыс. Ғарышкер туралы не білеміз? Ол кім?

Ға аға таға

На ана тана

Па апа пана

Буынға бөлдіріп оқыту.

Ү. Жаңа сабақты пысықтау Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтау

ҮІ.Сабақты қорыту Өтілген тапсырманы қосымша сұрақтар арқылы білімдерін пысықтау. Ұшты-ұшты ойынын ойнату.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

ҮІІІ. Бағалау

24. Сабақтың тақырыбы: ғ дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты. А) Оқушыларға өтілген Ғ дыбысы бойынша алған білімдерін пысықтау ә) Оқушылардың сабақта сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту б) Оқушыларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі. Аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасып, қажетті ұүралдарын алғызу.Сыныпты сабаққа дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырманы тізбектей оқыта отырып, түсінгендерін сұрау.

ІІІ. Жан-жақты білімдерін пысықтау - Біз осы уақытқа дейін қандай әріптермен таныстық..Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату

ІҮ. Жаңа сабақ Ғ дыбысы мен әрпі қандай дыбыс? Суретке қарайық.

-Балалар , мына суретке қарайықшы. Бұлар біздің ұшқыш ағаларымыз.1-сурет Тоқтар Аубакиров , Талғат Мусабаев. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер ағаларымыз. Оқулықпен жұмыс, буындап оқу

Аға таға апта

Ана тана пана ТА ПА НА ҒА

Ү. Жаңа сабақты бекіту Өтілген ғ дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіріп, пысықтау.

Дәптермен жұмыс.

ҮІ. Сабақты қорыту

-Бүгін біз сендермен кімдермен таныс болдық. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкерлер туралы не айтамыз?

ҮІІ. Үйге тапсырма.Бағалау

25. Сабақтың тақырыбы: Р дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Р дыбысы және әрпімен таныстыру. 2. Ұқыпты ,тиянақты түрде оқуға, жазуға үйрету.3. Ой-өрісін, тілін ,сана сезімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп ,кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ Өткен сабақта алған білімін еске түсіру

-Ғдыбысы қандай дыбыс? -Ғ дыбысы сөздің қай жерінде жазылады?-Ғ әрпіне берілген сөздерді оқыту.

ІҮ. Жаңа сабақа) Сурет бойынша әңгімелеп, ара сөзі екі түрлі ұғым беретінін түсіндіру.Ара бал жинайды. Ара еңбек құралы.ә) Осы екі сөйлемдегі сөздің санын анықтау.

Ара

бал

жинайды.

Ара

еңбек

құралы.

А

р

а

Ара сөзінен бізге таныс емес дыбысты табу .

б ) Р дыбысының Әріп таңбасымен таныстыру.

в) Хормен оқыту. Жеке-жеке оқыту. Сергіту сәтін өткізу.

Ү. Жаңа білімді бекіту. . -Біз қандай дыбыс және әріпен таныстық?-Р қандай дыбыс?-Сөздің қай жерінде жазылады?

г) Дәптермен жұмыс. Р р ра ара таға.

Диктант: аға, ана,ара, өткен дыбыстардың әріп таңбаларын жазу. Сергіту сәті. 1. Р дыбысына қатысты сөз ойлау. 2. Сөйлем құрату. 3. Сөздерді буынға бөлу.4. Дауысты дыбыстардың санын анықтау.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз қандай әріпті танып, білдік?