Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау : Кел, балалар, оқылық!- өлеңін мәнерлетіп оқытып,

Ы.Алтынсарин туралы сұрау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Сұрақ-жауап әдісі

арқылы өткен сабақтарды қайталау

IV. Мақсат қою кезеңі: - Бүгін біз сендермен өтілген тақырыпты еске түсірейік

сұрақтар қою.

V. Жаңа сабақ. Шоқан Уалиханов 1835 ж. дүниеге келіп, 1865 ж. қайтыс болған.Ол қазақ халқының әдебиетін, тарихын зерттеген.Осы Шоқан туралы С.Бегалиннің «Бала Шоқан» деген әңгімесімен танысамыз.Әңгімені оқып беру, түсіндіру, өздеріне оқыту. Әңгіме соңындағы сұрақтарды қою арқылы түсінгендерін тексеру.

Дәптермен жұмыс

123-жаттығу. Әр сөздің тұсына қарсы мағыналы сөз тауып, көшіріп жазыңдар.

Үлкен-кіші биік-аласа

Ұзын-қысқа қалың-жұқа

124-жаттығу. Қарсы мәндес сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Қар ақ. -Көмір қара

Тау биік -Төбе аласа

Алма тәтті -Пияз ащы

Жаз ыстық -Қыс суық

Сөйлемдегі заттың сынын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық

VI.Жаңа материалды пысықтау: Сұрақ-жауап әдісі арқылы жаңа сабақты қорыту.

Қай ? сұрағына қандай сөздер жауап береді? Ш.Уалиханов кім?

VII.Бекіту кезеңі: «Қай қатар тез?»ойыны арқылы сабақты бекіту.

VIII. Үйге тапсырма. Мазмұнын айту 139-140 бет.

ІХ.Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

20.03.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер.Адам болам десеңіз

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Абай Құнанбайұлы туралы түсінік беру.

Білімдерін толықтыру

ә) Сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

б) Өз ойын ашық айтуға, таза жазуға, тазалыққа,

ұқыптылыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, А.Құнанбаев суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау: Бала Шоқан әңгімесінен түсінгендерін сұрау арқылы

сұрақтар қою.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: Сұрақ-жауап әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.

ІV. Жаңа сабақ: Абай Құнанбайұлы 1845ж дүниеге келіп, 1904 ж. қайтыс болған.Абай қазақтың ұлы ақыны, данышпан, ұлы ойшыл.Ол балаларға арнап көптеген өлеңдер, әңгімелер, ертегілер жазған Абай Құнанбайұлының «Адам болам десеңіз» өлеңімен танысамыз.Өлеңді мәнерлеп оқып беру,мағынасын түсіндіру.Өздеріне мәнерлеп оқыту сұрақтарына жауап беру.

Дәптермен жұмыс.

126-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақтар қою.