Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып сабақ жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
5.13 Mб
Скачать

Сабақтың жүру барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақтарды еске түсіру. Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? Сөз неден құралады? Сөйлем неден құралады? Дауысты дыбыстарды ата? Дауыссыз дыбыстарды ата? Алфавит дегеніміз не? Қазақ алфавитінде неше әріп, неше таңба бар? Дауыстылар нешеге бөлінеді? Жуан дауыстыларды ата? Жіңішке дауыстыларды ата? Жұп дауыстыларды ата? Тасымал дегеніміз не? Заттың атын білдіретін сөздер Бас әріппен жазылатын сөздерді ата?

Заттың қимылын білдіретін сөздер.

III . Жаңа сабақ.Ы.Алтынсарин 1841 ж. дүниеге келіп 1889 ж. қайтыс болған.Ол кісі қазақ даласында ең алғаш мектеп ашып, ең алғаш оқулық жазған.Балаларды оқуға шақырған.Оның көптеген өлеңдері бар.Соның бірі «Кел балалар, оқылық!» өлеңі.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру, мағынасын түсіндіру.Оқушыларға мәнерлеп оқыту, сұрақтарға жауап беру.Мақалды түсіндіру.

Қандай? қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздер заттың сынын, сапасын білдіреді: қызыл, таза, жеңіл, биік.

Сергіту сәті.

Қарлығашқа ұқсайық, 1-2-3-4 деп алып,

Қане қанат қағайық. Ұшып-ұшып алайық

Дәптермен жұмыс.

121-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

Қызыл, жасыл, сары, қоңыр, көк. Қандай?

122-жаттығу. Оқыңдар.

Биік үй, қызыл орамал, ақылды бала.

Сұраққа жауап беріңдер.

1.Қандай үй?

2.Қандай орамал?

3.Қандай бала?

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға өлеңді мәнерлетіп оқыту.

IV.Жаңа материалды пысықтау. Сұрақ-жауап әдісі арқылы жаңа сабақты қорыту.

1. заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?Ы.Алтынсарин кім?Оның біз қандай өлеңімен таныстық?

V.Бекіту кезеңі «Кім жылдам» ойынын ойнату арқылы сабақты бекіту.

VI. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу 136-137 бет.

ҮІ. Бағалау.

Бекітемін:_______ Ана тілі

19.03.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер.Бала Шоқан.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың заттың сынын білдіретін сөздер туралы

түсініктерін толықтыру.Шоқан Уалиханов туралы түсінік

беру.

ә) Сана сезімін, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін

дамыту.

б) Адамгершілікке, ұқыптылыққа, таза жазуға, таза жүруге,

үлкенді сылайға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, Ш.Уалихановтың суреті Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу